Байланысты: 24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
Науқас С., 15 жаста. Анамнезінен: 26 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 26 тістің сауыты 2/3 бұзылған. Перкуссия ауырсынады. Тістің айналасындағы кілегей қызарған, ісінген. 26 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:
Тіке қысқаш
Тіке элеватор
Құстұмсық қосылатын қысқаш
+S-тәрізді иілген қысқаш
Бүртіктері бар құстұмсық қысқаш
***
Науқас С., 21 жасар бет аймағының ауыруын, ұйып қалу сезіміне, ісінуіне, оң көзінің екі еселеніп көруіне және аузының шектеліп ашуына шағымданып түскен. Анамнезінен: 2 күн бұрын соққы алған, есін жоғалтпаған. Объективті: бет аймағы жұмсақ тінінің ісінуінен бет асимметриясы байқалады, терісі қалыпты. Саусақпен басып тексергенде ауырады, көз ұяшығының төменгі қырының біркелкілігі бұзылған. Ауызының шектеліп ашылуы 2,5см-ге дейін. Бұл ақауда анағұрлым қолданылатын оперативтік емдеу әдісі:
остеосинтез
екі жақтық шендеу
Адамс бойынша ілу
+суйектер репозициясы
қанқалы орнына тарту
***
Науқас С., 24 жаста. Диагноз: 26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі. 27 апталы жүктілік. Анезтезияны өткізуге анестетикті таңдаңыз:
Убестезин
Ультракаин
Новокаин 0.5%
Лидокаин 1%
+Мепивикаин 3%
***