Бала 5 жаста. Диагнозі – 8.5 тістің жедел iрiңдi периоститтi. Хирургиялық емдеуі:
остеоперфорация жасау
периостотомия жасау
УВЧ терапия
себепшi тiстi жұлу
+субпериостальды абсцесстi ашу және себепшi тiстi жұлу
***
Бала 5 жаста. Екі жақты самай – төменгі жақ буынының екіншілік деформациялаушы остеоартоз диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы қандай:
төменгі жақтың оң және сол бұтағының остеотомиясы соңынан скелеттік созу
+бір мезеттік сүйек пластикасымен төменгі жақ бұтақтарының остеотомиясы
физиотерапия мен миогимнастика
жақ аралық бекіту(фиксация) мен физиотерапия
буын қызметін шектеу мен қабынуға қарсы ем
***
Бала 5 жаста. Жоғарғы жақтың оң бөлігі ауырады. Жалпы жағдайы орташа. Жергілікті: оң жақ көз асты және ұрт жұмсақ тіндері ісінуінен беті ассиметриялы. Ісіну жұмсақ консистенциялы, айқын шекарасы жоқ, аурушан. Бұрыштық вена бойы ұлғайған, тығыз, аурушан. Ауыз қуысында 55 тіс ½ бөлігі бұзылған, перкуссия оң, тіс айналасындағы шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырсынады. Алғашқы диагноз:
жедел одонтогенді диффузды остеомиелит
жедел іріңді периостит
ұрт аймағының одонтогенді флегмонасы
самай аймағының одонтогенді флегмонасы
+жедел іріңді периостит. Бұрыштық көктамыр флебиті
***