Байланысты: 24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
18 жастағы ер адам жоғарғыжақ тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тіс эмалі түсінің өзгерісін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахит ауруымен ауырған. Қарағанда: орталық күректістердің вестибулярлы беті мен үлкен азутістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар. Дақ беті-тегіс,жылтыр.
Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі:
Перкуссия
Рентгенография
+Витальды бояу тәсілі
Электроодонтометрия
Температуралық тітіркендіргішке реакция
***
18 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде 1 күн бойы температуралық тітркендіргіштен күшейетін ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Тіс бұрын ауырмаған. ЭОД – 25мкА. Дені сау. Аллергоанамнез өзгеріссіз. Қарағанда: 36 тістің дистальды-шайнау бетінде ұлпамаңы дентин деңгейінде терең жегіленген қуыс. Дистальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. ЭОД-35 мкА. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Девитальды экстирпация әдісі
Девитальды комбинирленген әдіс
Девитальды ампутация әдісі
Витальды экстирпация әдісі
+Консервативті әдіс
***