Байланысты: 24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры
32 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 26 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс. Медиальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. Салқынға ұзақ мерзімді ауырсыну. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
+Жедел ошақты (жартылай) пульпит
Созылмалы жай пульпиттің өршуі
Жедел жалпы пульпит
Жедел іріңді пульпит
Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі
***
32 жастағы әйел адам қызылиегінің кейбір уақытта қанауына шағымданып келді. Қарағанда: қызылиекүсті тіс жұғындылары бар, қызылиек емізікшелері мен маргинальды қызылиек күңгірт көкшіл түсті. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз:
Ауыз қуысын сауықтыру
+Ауыз қуысын сауықтыру, физиотерапия
Ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомия
Ауыз қуысын сауықтыру, гингивотомия
Ауыз қуысын сауықтыру, кюретаж
***