ІІ бөлім. Полиглот.
Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.
Мен – ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам. ( бор – мел)
Қарап тұрсаң өзіне,
сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе. ( айна – зеркало)
Күні бойы сен оны
екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. ( етік – сапоги)
Күндіз бәрі қашады,
түнде аспанды басады. ( жұлдыз – звезда)
Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. ( жапырақ – листья)
Шидиген ұзын сирағы,
тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады. ( өрмекші – паук)
Жазда қыдырады,
қыста тынығады. ( аю- медведь)
Жатып- жатып инелер,
жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі – ежик)
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. ( қар – снег )
Үй ішін аралап,
түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. ( тышқан – мышь)
Ән салады чемодан,
ішінде жүр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған. ( теледидар – телевизор)
12.Өзі жап-жас, мұрты бар.
етпен сүтке ұмтылар,
тастамайды жылы үйде,
түкті тонын шұп-шұбар.( мысық – кошка)
13.Төрде жатып шалқиған,
дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)
14. еркін самғап ұшсын деп,
мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін – голубь)
15. жерде де мекен етеді,
көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)
16. жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі.( гүл – цветок)
17. көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде. ( алма – яблоко)
18. сыртта қапырық болып тұр,
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш – холодильник)
19. жерге тырс- тырс тамады.
Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)
20. жарға шығып ойнайды,
ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі –коза)
21. мен жүгірсем – жүгіреді,
мен мүдірсем – мүдіреді ( көлеңке – тень)
22. сүрткен киімі тазарып,
өзі қалды тым арып. ( сабын – мыло)
23. күндіз де жүреді,
түнде де жүреді.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ. ( сағат – часы)
24. отырмайды, тұра алмайды,
түзу жолда бұраңдайды. ( жылан – змея)
ІІІ бөлім – “ Білімпаз”. Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.
Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа жауап бере алады.
10 20 30
10 20 30
10 20 30
10 Ақындар.
Ойлан, тап.
Табиғат .
“Ақындар”.
10- Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)
20- Кезінде “қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.
( Ыбырай)
30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)
“Ойлан,тап”
10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )
20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)
30- Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле - Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)
Табиғат
10- Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)
20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)
30-“құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)
ІҮ бөлім - “Тіл өнері.”
Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.
Ү бөлім – “Тапқырлық”.2 минут ішінде тиісті сандарды қою керек. Тігінен, көлденең қосқанда –15 саны шығу керек.
6
5
4
ҮІ бөлім – “Жорға”
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.
Облысымыз қалай аталады? ( Павлодар)
Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)
Жер шарының үлгісі.( глобус)
Қаламызда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)
жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)
Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )
Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)
Ұя салмайтын құс ( көкек)
Есту мүшесі ( құлақ)
Жеті күн (апта)
Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)
30 тамыз қандай күн? (конституция күні )
“Жақсылардың жақсысын” ата.(білім, еңбек)
Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)
15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)
16.Атақты суретшіні ата. (Қастеев)
Сәби жылағанда қандай өлең айтылады? ( уату)
ҮІІ. Қорытынды.
Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |