Сурет салу әдісі:
1.Ұнаған түсті таңдау.
2.Қағаздың ортасына кесілген картоппен гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу.
3.Ермексазбен гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу.
4.Шырын бутулкасының көмегі арқылы гүлдің бейнесін келтіре отырып із қалдыру арқылы сурет салу.
5.Әрбір бейнеленген гүлдің суретіне мақталы таяқшамен сабағын суреттеу.
6.Губкамен жапырақтың ізін қалдыру.
«Ауладағы гүлдер»
Ойын мақсаты: Логикалық ойлау, зейін салу, түстерді айыру, еске сақтау қабілеттерін дамыту. Бірдей түстерді бірлестіре жинауға дағдыландыру. Санау реттілігін дамыту.
Ойынның шарты: Жасыл аулада 3гүл әртүрлі түстермен және
3 көбелек болады. Ойынға 6 бала қатысады. Әр бала өзіне 1 көбелектен таңдап түсін атайды. Әр бала өз қолындағы көбелектің түсіне сәйкес гүлдің ортасына орналастырады. Ендігі кезекте әр бала өз көбелектерін қолдарына алып, үстіндегі нүктелерін санап, гүл күлтешесінің санына байланысты тауып оның үстіне қою. Солай ойын барысында көбелектердің орындары ауысады.
Қорытынды
|
Сол жаққа үй гүлінің, оң жағына жабайы гүлдің ерекшеліктерін білдіретін суреттерді қою. Ортасына ортақ белгілері бар суреттерді қою.
-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
-Балалар бүгінгі сабақ не туралы болды?
-Бізге қонаққа кім келді?
–Барлық балаларға жақсы әсер қалдыру үшін қағаздан жасалған көбелектерді сыйлық ретінде таратып беру және мадақтау.
-Балалар осымен сабақ аяқталды. Сапқа тұрып, бізге келген қонақтармен үш тілде қоштасайық.
|
+
|
Есеп
|
-
|
|
|