«№277 мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сыныптан тыс жұмыс



бет3/3
Дата06.12.2022
өлшемі29,89 Kb.
#161613
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
МАМАНДЫҚҚА БАҒЫТ танымдық сабақ

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту «Ой – таным».(бейнежазбалар көру)
1) Мамандық таңдаудағы 5 қате
https://www.instagram.com/p/CCS353_Cugh/?igshid=lcx22kn77g13

Ж О С П А Р:
1.Бейне жазбаны қосу МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАҒЫ 5 ҚАТЕ
2.Амандасу, тақырыпты, мақсатын жариялау.КІРІСПЕ
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, еліміздің ертеңі. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша 40 мыңға жуық мамандық түрі бар екен. Соның ішінде шамамен 500 –і жыл сайын жоғалып кетеді және сондай шамада жаңалары пайда болады. Көптеген мамандықтардың өмір сүруінің орташа уақыты 8-10 жыл.. Міне сондықтан заманауи мамандықтармен танысу бүгінгі уақытта өте қажет болып тұрған мәселелердің бірі. Мамандықты таңдау ең маңызды өмірлік шешімдердің біріне жатады. Бірақ біз бүгінгі сабақта белгілі бір мамандықты таңдамас бұрын, сол мамандық иесінде қандай қасиеттер мен қабілеттер болуы керек, ондай қасиеттер менің бойымнан табыла ма, менің қабілетім келе ма? деген сұрақтар бойынша мағлұмат аламыз, және ондай қабілеттерді дамытуға болатынын білетін боламыз.Сабақ барысында төмендегі мәліметтер бойынша ақпарат алатын боламыз (алдын ала оқушыларға тапсырма берілген болатын)


3.Ақпарат (2 ер бала, 2 қыз бала алдын ала берілген сұрақтар бойынша жауап береді және ақпаратты оқиды)
4.Бейнежазбаны қосу ЕҢ КӨП АЙЛЫҚ АЛАТЫН ҮШ МАМАНДЫҚ


5.Мұғалім ақпараты: Ақпарат берер алдында сұрақ қою: - Табысты болу дегенді қалай түсінеміз? Мамандық иелеріне қажетті кәсіби қасиеттер мен қабілеттер, және оларды дамытудағы адамның мүмкіндіктері.
Әрбір мамандық адамға , оның жеке басының қасиеттерімен сәйкес келе бермейтін белгілі бір талаптар қояды. Болашақта иеленетін мамндығың бойынша жұмыс жасағанда ең қажет қасиеттердің бірі – ол адамның жадысы.
Және назар аудару, салыстыру, талдау сияқты ойлау операцияларын орындау мүмкіндігі. Барлық операциялар осы айтылған ойлау операцияларынсыз көптеген мәселелер шешімін таппайды. Көптеген мамандықтардан алғырлық пен шығармашылықты талап етіледі.


6.Мюнстенберг тестісін орындау.
Жадыларының көлемін анықтау. Осындай тестілерді орындау арқылы анықтауға болтынын айту.
7.КҮНДІ ЕСКЕ ТҮСІРУ жаттығы
БЕЙНЕЛІК ЖАДЫ жаттығуы әрі тест орындату


8. Музыкалық сәлемдеме
9. Қорытынды сөз және кері байланыс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет