28 беттің -шісі 6М011700«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



бет1/3
Дата13.02.2017
өлшемі426,55 Kb.
#9123
  1   2   3

УМКД 042-16.1.4/03-2013


______ 2013

жылғы


№2 басылым

28 беттің -шісі





6М011700«қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Әдеби өлкетану»

ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2014

Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4 Магистранттың өздік жұмысы



ГЛОССАРИЙ
1.Ақын – поэзиялық туынды, өлең, жыр-дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі.

2.Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.

3.Арнау өлең –белгілі бір адам бейнесін, мін-сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды.

4.Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді.

5.Жылнама – тарихты жыл-жылға бөліп баяндау түрі.

6.Жыр - қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді позиялық шығарма.

7.Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырлап айтушы.

8. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы.

9.Қисса – қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі-хикаялары.

10.Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер.

11.Насихат өлең – уағыздау, ақыл-кеңес сарыны басым келетін өлең.

12.Поэзия – көкем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.

13. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

14. Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.



2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. Әріп Тәңірбергенұлы

Әріп Тәңірбергенұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы.

Әріп Тәңірбергенұлы көтерген мәселелер.

Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Үш биік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталары есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы - Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында казіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан - Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан - тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан - Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. "Дұт" атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шықты дегенімізбен, бүгінгі ұрпақ дәл осы он жетінің атын атап, тұсін түстеп беруге келгенде ұятты. Өйткені көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақган бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату — болашақ әдебиетшілерің үлесінде.

Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сұлеймен би:

Байсалұлы Әліден — Тәңірберген,

Оның ұлы Әріпті Найман білген.

Тұсында Әріп ақын атаныпты

Ақындық Байғарадан үзілмеген.

Жел сөзге мұнан ешкім аса алмаған,

Нәсілі нағыздың үлгі көрген ,- дейді.

Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал ұрпақтың тұқымы еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған. Ол — "Абай жолы" романында кеңінен сөз болатьш Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері — осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы - Көкбай Жанатайүлы.

Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Әріптің орысша оку тағдыры да қызық. Сыбан елінің басшысы Жарқынбай бидің егіз ұлы — Жәңгірхан мен Қараханның біреуін орысша окуға жоғары ұлық сұрағанда екеуін айыруды жөн көрмей, екіншіден орыс окуының түпкі мақсатын аңғарған би хатшысы Төңірбергеннің баласы Әріпті оқуға жібертеді. Т.Көбдіковтің Әріпке шығарған әзіл өлеңінде:

Он бірден он екіге шығар жасың,

Сатылды отыз қойға сенің басың, - деп қалжыңдайтыны да содан.

Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі.

Казақ елін отарлауды мәдени тұрғыда іске асыруға белсене кіріскен орыс ұлықгарымен Ә.Тәңірбергенұлының көзкарастары әуелден-ақ жараспайды.

1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректері бар (қараңыз: Қазақстан орталық мұрағаты. 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Орыс окуының түпкі мақсатын сезген зерек шәкірт

Бақылау сұрақтары:

1. Әріп Тәңірбергенұлы шығармалары.

2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.

3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


2-Дәріс. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев

5.1. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

5.2. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың мұрасы.

Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев.Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұңғыш баласы — Тұрағұл (Тураш). Турағұлдың аты елге мәлім болғанымен оның өмірбаяны әлі күнге толық зерттеліп жазылған жоқ. Тұрағұл әкесі туралы естелігін үлкен әнгіме етіп жазып қалдырған. Ол естелігінің көп қысқартылған шағын нұсқасы ғана 1933—1940 жылдарда шыққан Абай жинақтарында жарияланған. Естеліктің толық нұсқасының қолжазбасы сақтаулы.

Біз Тұрағұлдың нақтылы туған жылы туралы мағлұмат, аталған естелік әңгімесінің қолжазба нұсқасында айтылған, Тұраштың өз сөзінен келтіреміз: «Мен әкемнің отыз екі жасында, жастықтың алғашқы ағыны басыльш, жігіт ағасы болып қалған кезінде тудым» — дейді. Олай болса 1877 жылы туған болады. Ал, естелігінің екінші бір жерінде, әкесі туралы тағы бір есте қалған әңгімесін бастар алдында: «1899 жылы менің он төрт жасымда...»депжазады. Бұлай болғанда, 1875жылы туған больш шығады. Қолжазбада мүлт кеткен: «Мен әкемнің 32 жасында...тудым» деген сөз болуы керекті, дұрысы:«1889 жылы менің 14 жасында...» дегені болады. Олай дейтініміз Тұрағұл дүниеден көшкенде (1934) касыңда болып, өз қолынан ақырғы сапарына аттандырған, қазір көзі тірі, қызы—Мәкен (1911 жылы туған) : «Әкем 59 жасында қайтыс болды» — дейді. Сейтіп, Тұрағұлдың дүниеге келген нақтылы уақыты 1875 жыл болады. Тұраш жас шағынан әкесі Абайдың қолыңда болып, тәлім-тәрбиесін көп көріп өскен баласы болады. Мұхтар Әуезов былай дейді: «...1891 жылға шейінгі өмірі Абайдың ең мағыналы еткізген жылдары болады... Сол уақыттарда жас шәкірт болып әкесінің колыңца тұрьш, оқьш жүрген Тұраш деген баласы мынаны айтады: «Осы жылдарда мәжілісіңде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болды. Бастығымыз Шәһкәрім болып шәкірт секілденіп сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттерінше: ақиқат олай емес, бұлай болады деп бір бірімізбен дауласьш жатушы едік... ұстаздық қылып отырғанда біздің жүрегімізге мал құмар, мансап құмар адам емес деп сөгуші еді. Әрдәйім сағынып көксеп, кезі келгенде қуаньш қатты рахаттанатын уақыты: сөзді ұғарау деген адамдарды, іні, балалары секілді жастарға ілім сөзін сөйлеп, насихатын айтьш отырған кезі болушы еді» (Абай Құнанбай ұлы). «Толық жинақ», Қызыл орда, 1933, 372 бет).

Тұрағүл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Әкесінің қадір қасиетін ерте түсініп, табиғи ақыңдық қуатын ерте таньш өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі.

Абайдың барлық ақыңдық өмірінің ең мағыналы, ең жемісті кезеңі 1889 жыл болғанын, сол жылы жиырмадан астам өлең жазғанын Мұхтар Әуезов ерекше атап айтады. Дәл сол жылы он төрт жастағы бала Тұраш, әкесінің өзіне тән ерекше мінезін, ақындық шабыт үстіндегі тұлғасын терең түсініп, шебер суреттеп береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев шығармалары.

2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.

3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.


3-Дәріс.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев.Абайдың інісі Ысқақтың түңғыш баласы Кәкітай, 1869 жылы дүниеге келіпті. Әкесінің қойған шын аты — Ғабдұлхакім. Шешесі еркелетіп: «Кәкітай» деп атағандықтан, ел де Кәкітай деп кеткен. Кәкітайдың шешесі Текті, тарихта белгілі, Қаракерей, Мұрын руының Тана мырза атанған атақты адамының қарындасы, Жанпейістің қызы.

Құнанбай балаларына өзі теңдес аталы жерден қыз айттырып, ерте үйлендіріп, енші беріп, жеке-жеке ауыл етіп шығарады.

Абай мен Ысқаққа, Ақшоқы, Ащысу аталатын қалың қорықтан екеуіне бірдей етіп жер бөліп береді. Сөйтіп, Абай мен Ысқақтың қыс қыстауы, жаз жайлауы, күз күзеуі қатарлас, жақын көрші болады.

Абайдың Мағауия деген баласы Кәкітаймен қүрдас болғандықтан екеуі жас бала күнінен үнемі бірге ойнап-күліп, тату-тәтті құрбы, айырылмас дос болып өседі.

Кәкітай мен Мағауия сегіз жасынан бастап, ауыл молдасынан сабақ оқып, сауатын ашады.

Мағауияны он төрт жасында әкесі қалаға апарып, . Семейдегі орыс мектебіне оқуға түсіреді. Ысқақ Кәкітайды Мағауиямен бірге. оқытпақ болса да, бәйбішесі: «Өзіңнің ел басқару жұмысынан қолың босамайды, мен үйде отырған әйелмін, малға, шаруаға кім қарайды деп, Кәкітайды қалаға оқуға жіберуге көнбейді. Сөйтіп, Кәкітай қалаға оқуға бара алмай қалады.

Жасынан оқуға қабілетті, зерделі, зерек, талапты Кәкітайды, өзінің ақылды баласы Мағауиядай, жақсы көріп, одан үлкен үміт күтетін Абай Ысқақты шақырып алып:

— Сен қатыныңнын, тіліне еріп, мына адам болайын деп тұрған Кәкітайды оқудан қалдырдың. Енді бұл баланы мен өз тәрбиеме алам. Сенің мұнда жұмысың болмасын, — дейді. Ысқақ басында анау-мынау десе де, Абайға қарсы тұра алмай: ақыры өзіңіз білесіз дейді. Сөйтіп, Кәкітай бала жасынан бастап, Абайдың тәрбиесінде болады.

Қала мектебінде үздік оқып жүрген Мағауия өкпе науқасына шалдығып, ауылына қайтады. Енді Мағауия мен Кәкітай екеуі де Абайдың қолында тәрбиеленіп өседі.

Әлде қалай себептермен, — дейді Мұхтар Әуезов, — қалаға барып оқи алмай қалып, өз маңайына жиналған іні, бала, ағайын-туысқан сияқты жастардың тәрбиесін қатты ескергендіктен, Абай жалғыз өз өсиетіне қанағат қылмай, бұлардың сезім тәрбиесін толтырмақ болып, музыка үйретпекші болады. Сол мақсатпен Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызады. Тағы сол жылы Әсет деген ақынды да сақтайды.

Енді Кәкітайдың басынан кешкен өмір кезеңдері туралы, оның түңғыш баласы Әрхамның, 1949 жылы бізге жазып берген естелік әңгімесі бойынша, мағлүмат келтірейіқ.

Қәкітайды әкесі Ысқақ он төрт жасында үйлендірген екен. Оған себеп: Абайдың Ақылбайдан кейін Ділдәдан туған екінші баласы Әкімбайды Ысқақ бала ғып алыпты. Тегінде Құнанбайдың салған үлгісі бойынша, оның балалары да біреуінің баласын біреуі балағып алатын салты болған.

ЬІсқақ Әкімбайға, Қызылмола болысына қарайтын Уақ руының Қалдыбай қазы атанған, көп жыл ел басқарған белгілі адамның Уақбай дейтін (ол да көп жыл болыс болған) баласының Салиқа деген қызын айттырып, көп қалыңмал беріпті. Әкімбай тоғыз жасында дүниеден қайтып (1865—1874), Салиқа әке-шешесінің қолында қалады. Салиқа Әкімбайдан екі жас үлкен екен (1863 жылы туған).

Енді қазақтың: «Аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра» дейтін салты бойынша, Салиқаны Кәкітайға қаратады. Сөйтіп Кәкітай өзінен алты жас үлкен жеңгесіне үйленеді,

Жасау-жабдығымен келіп, келін боп түскен Салиқа бір жылдай ата-енесінің қолында болып, келесі жылы Кәкітай енші алып, бөлек үй болады. Жасынан аса пысық, шаруаға ыңғайлы Кәкітай тез арада мал құрап, қасына ағайындарынан көрші жинап, келелі бір ауыл болады.

Кэкітай он алты жасқа келгенде, 1885 жылы бірінші баласы Әрхам туады. Ол баланы қырқынан шыға сала, үлкен шешесі бала ғып альш, бауырына басады.

Кәкітайдың Әрхамнан кейінгі екінші баласы Бідәл 1888 жылы туған, одан кейінгі баласы — Даниял 1889 жылы дүниеге келген. Бұлардан басқа Салиқадан туған Хакима, Қабида деген қыздары болады.

Салиқа қайтыс болған соң, 1903 жылы алған әйелі Бибіден туған Уалит, Самат деген екі үлы; Бәзилә дегең бір қызы

болған.


Кәкітай өмірінің ең ауыр кезеңі 1904 жыл еді. Сол жылы арылмас қалың қайғы, қатал қасіретке душар болады. 1904 жылы 12 маусымда Мағауия қайтыс болады, 23 маусымда Абай дүниеден көшеді, 2 тамызда Ақылбай өледі.

Абай қайтыс болғаннан кейінгі жылдардағы Кәкітай өмірі жайында, нақтылы толық мағлүматтарды, Әрхамның естелігі бойынша баян етеміз.

. Әрхам өзі де Абайды көрген және оның немере балаларының біріндей болған адам. Абай дүниеден қайтқан жылы (1904) Әрхам он тоғыз жастағы жігіт болатын.

4-Дәріс.


Әубәкір Акылбайұлы шығармашылығы

13.1. Әубәкір Акылбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы.

13.2. Абайдың ақындық мектебінің маңызы.
Әубәкір Акылбайұлы шығармашылығы (1881-1934)

Әубәкір Ақылбайұлы - 1881 жылы дүниеге келген Абайдың немересі. Абайдың кенже інісі Оспанда бала болмағандықтан Әубәкірді қолына алады. 1891 жылы Оспан қайтыс болады. Ол кезде Әубәкір небәрі он жаста еді. Осы бастан Әубәкір Абай мен Еркежан тәрбиесінде болады.

Әубәкір жас күнінен ауыл молдасынан оқып мұсылманша сауатын ашады. Ресми оқуын одан әрі жалғастырған емес. Әубәкір ерте үйленеді. Ақынның әйелі Кәмәлия ( Кәмәш) Ысқақтың немересі, Жақыптың қызы. Кәмәш атасы Абайдан көп үйренеді. Ол өзінің естелігінде Адайдың қолына келін болып түскендігін мақтан етіп жазады. Себебі, Абай әйел затының еркін өскендігіи аңсаған қазак халкының мақсат-мүддесін осы келіні Кәмәштің бойына сіңіріп өсіреді. Абайды өле-өлгенше күтіп, үнемі қасында болған, жақсы келіні осы Кәмәшқа Абай өзі өлерден бұрын ауырмай түрып: « Мен биыл өледі екем» деп, ішкі өзі түйген ауыр сырың ең алдымен айтады.

Әубәкір он бір жасынан бастап, он екі жыл бойы Абайдың тәлім-тәрбиесін көріп, тағлым алған баласы болады.

Әубәкір мінез жағынан болсын, ақындық өнер жағынан болсын, туған әкесі Ақылбайға тартқан. Ол - тума ақын, домбырашы, әнші, әрі саяткер кұсбегі. Әубәкір он бес-он алты жасынан бастап өленді қолма-қол суырып салып айтатын болған.

Әубәкірдің жас шағынан үлгілі-өнеге алып өскен ортасы Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай сияқты ақын, музыкант, әнші сегіз қырлы өнерпаздар болды. Өзінің алдындағы Абай шәкірттерінің жазатындары дастан, лирикалық өлең-жыр болғандықтан, Әубәкір оларды қайталамайды. Әубәкірдің көп өлендері бізге сақталып жатпеген.

Әубәкір Ақылбайұлы 1934 жылы Шымкент қаласында қайтыс болады. Ақыннан Ғабдісәләм, Әлихан деген екі ұл тараған.

Әубәкір өлеңді суырып салып та, жазып та шығарған. Ақындыққа бой ұрған Әубәкірді Абай ерекше жақсы көріп, бағыт-бағдар, ақыл- кеңесін беріп отырған. Әубәкір жас кезінен өлең-жырға құмар болып, шығыс киссалары мен батырлар жырын жатқа айтып, домбырада күй тартып, ән салған.

Әубәкірдің сатиралық өлеңдермен бірге тарихи шығармаларға бет бұрып, «Мамай батыр», «Әнет баба», «Ақтабан шұбырынды», «Оралбай мен Керімбала», «Әреке мен береке» деген әлеуметтік тақырыпта шығармалар жазған.

Әубәкір талантты комкозитор ретінде де белгілі. Оның өз өлеңдеріне шығарған «Көкен қалкам», «Әліп би», «Әубәкірдің әні», «Дариға» деген әндері бар.

Абай тапсырмасымен әзіл мысқыл, сықақ өлең шығарып, қазақ әдебиетіндегі сатираға өзіндік үлес қосқан. Ол сол кездегі келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынап:

Анық әділ тартылсаң таразыға,

Балтаменен шабатын мінің де бар,-

деп ащы мысқылға толы өлеңдер шығарып, қалың көпшіліктің қараңғылығы мен надандығына жаны күйген. Әубәкір сатиралык өлеңдерінде біреудің оғаш мінезін көрген сәтте сол арада көзбе-көз, қолма-қол суырып салып айтады.

Сонымен қатар сұм-сұрқия билерді сынауда да өз алдына жан салмайды. Олар жайында:

Ішіңде тасыр да бар, ұғар да бар,

Баяғыдан билікке құмар да бар.

Алаңғасар, айласыз, ақылы жок,

Жарға жығар, к...ге сұғар да бар.

Осы өлеңнің өзінен-ақ Әубәкірдің алғыр ойлы, ұшқыр қиялды, сөзге бай, шешен, мүдірмейтін, тап басып, дәл айтатын дарынды ақын екенін кереміз.

«Кооператив» деген ұзақ сатиралық өлеңінде жемқорлардың кулық-сұмдықтарын, амал-айласын жеріне жеткізе әйгілеп ашып, әшкерелейді. ...

Төлетіп бір-бір қара сайлап шілен,

Өзгелер жеп қояды, өзім жүрем.

Қалада мекеменің бәрі таныс

Қайтсе арзан болатынын өзім білем- деп мысқылдай отырып, жемқорлардың қылмысын ашады.

Кеңес үкіметі келгеннен кейін Әубәкірдің тұрмыс-халі нашарлап, жаз жайлауға көшіп-қонудан қалады. Туған жер, өскен ортасынан да күдер үзе бастайды. Мүңға батып дерттенген акын көңіл шерін шертіп тебіренеді.

Кір жуган кіндік кескен жер де аман бол,

Жеңге, келін, ағайын ел де аман бол

Қиыр жайлап, кеңінен қонған коныс, Балашақпақ, Байқошқар сен де аман бол.

Бұл-кәмпеске жылы жазылған өлең. Сол жылы өзінің ағасы Тұрағұл да кәмпескеленіп, жер аударылады. Абай ұрпағы ретінде Әубәкірдің басына қара бұлт үйіріледі. Құнанбай тұқымы түгел куғын-сүргінге ұшырайды. Ел аштан өле бастайды. 1931 жылы Шәкәрім атылады, оның баласы Ғафур түрмеде бауыздалып өледі, Тұрағұлдың інісі Мекайыл атылады...

Әубәкір осындай айықпас ауыр қасіретке душар болады. Қайғылы дертін былай дейді:

Күңіренген мүңлы дауыс, шуылдасқан

Мұңайып түнергендей басыңа аспан.

Алдында ажал тартқандай бауырына,

Үйренген дуниесінен бала жастан... деп мұң шерін шертіп, қасірет жырын толғайды.

Өз елінде, тұралмайтын халге жеткен Әубәкір 1931 жылы бас сауғалап, Үржар ауданына кетеді. Туған жерге деген сағыныш үдей түседі.

Шыңғыстау кеткенің бе енді жат боп,

Бір іздеп барар едім астымда ат жоқ...

Бақылау сұрақтары:

1. Әубәкір Акылбайұлы шығармалары.

2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.

3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.

5-Дәріс. Иманбазар Қазанғапұлы шығармашылығы (1870-1943)

Кемеңгер Абайдың мектебінен нәр алған талантты ақын шәкірттерінің бірі - Иманбазар. Ол 1870 жылы бұрынғы Семей үйезі, Қызылмола болысында дүниеге келген.

Болашақ ақынның әкесі Қазанғап Қынашұлы мұсылманша және орысша жақсы сауатты, көкірек көзі ашық, абыройлы да әділ адамның бірі болған.Меккеге сапар шегіп, мұсылмандық парызын өтеп, қажы атағына ие болғандардың бірі. Туған өлкесінде мектеп ашып, бала оқытыпты. Ұлағатты әке тәрбиесін көріп өскен жас ақын, кейін келе, өз бойындағы асыл да қымбат өнерімен білімімен жұртшылықтың көрнекті өкілдерінің бірі болады. Жастайынан талантты, дарынды жас ақынға арнап, Әріп ақын мынадай өлең жолдарын арнайды:

Әркім мақтап айтады Қазанғапты,

Қазанғап хақ жолында иман тапты.

Аман Қынаш- бір туйте кездік еді,

Кездіктен қанжар тудың алтын сапты.

Иманбазардың мұсылманша оқудан жақсы жақтарымен көзге түсіп, алға қарай ұмтылуын көрген әке баласының білімін тереңдету мақсатында Семей қалалық 5-кластық училищеге оқуға жібереді. Мұсылманша хат таныған, молда алдында білім алған ауыл баласы білім жолында талмай ізденуде Семей қаласына сапар шегеді. Училищені Иманбазар 1887-88 жылдар аралығында тәмамдап шығады.

Мұрағаттық деректерге сүйенсек, 1898 жылы Иманбазар болыстық қызметке сайланды. 1917-19 жылдар аралығында Қызылмоланың болысы Әбен Бітімбаев болды, ал кандидаты - Иманбазар Қазанғапұлы. Иманбазар осы іспен айналысып жүрген кезінде туған халқының колындағы билігінен, ерікті елдігінен айрылғанына көз жеткізді. Біз білеміз, Абай Семей қаласына барып түрғанда, қазак балаларының басын біріктіріп, оларға өз ақылын ортаға салып отырғанын. Сол кездері Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан тағылым алған шәкірттерінің бірі Иманбазар болған.

Иманбазар Абаймен Мағауия арқылы танысты десек те болады. Мағауия 1884-1887 жылдары, ал Иманбазар 1887-88 жыдцары Семейде оқыды. Тіпті Мағауияның Иманбазарға өлеңмен жазған хаты да бар.

Досым ең бала жастан Иманбазар,

Отызга келіп қалдың қайтпай ажар...-деген екен.

Абайдың алды окуға құштар, білсем деп алға карай ұмтылған жастар үшін, үлкен бір мектепке айналды. Абай - ұлы ұстаз, үлкенге іні, кішіге аға, жанындағыларға дос, акылшы. Ол өз білгенін өзгенің бойына қондырсам деп армандады. Маңайындағыларын өнер-білімге, еңбекке шақырады. Абай оқу-білім қуған жастарының өлең жазуына көп көмегін тигізді. Әр-біреуінің ақындық қабілетіне қарай, әртүрлі тақырыптар ұсынып отырған.

Абайдың өсиет жолын тұтанған, ұлы ұстазының сара жолын өз ақындығында үлгі тұтқан, зерек те алғыр шәкәртерінің бірі - Иманбазар Абайдан естіп те білген әңгімелері негізінде «Әнибал» және «Алтын сақина» дастандарын жазады.

«Алтын сақина» дастаны туралы естеліктер бар. Иманбазармен аталас туысқан Ахат Жағыпарұлының айтқанын қорытындыласақ: «Дастан Иманбазардың туындысы емес, тек ол Европа ақындарының шығармаларының аудармасы сияқты» - деген пікірде шындықтың бір ұшы жатыр. Дастан әлі де зерттеуді қажет етеді.

Иманбазардың жалпы әдеби мұрасынан бізге толық қалпында жеткені-«Әнибал» дастаны. Бүл дастан тұңғыш рет 1909-жылы Қазанда басылып шыққан. Ал екінші рет, 1997 жылы Қ.Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» кітабының 4 томында жарияланды.

Бақылау сұрақтары:

1. Иманбазар Қазанғапұлы шығармалары.

2. Абайдың ақындық мектебінің өкілдерін атаңыз.

3. Абайдың ақындық мектебі қандай мәселелерді көтерді?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53-


6-Дәріс.

Әсет Найманбайұлы

1. Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

2. Әсет Найманбайұлының мұрасы.


Әсет Найманбайұлы (1867, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд. Бақты а. — 22.3. 1922,) — көрнекті ақын, әнші, композитор. Әсеттің туған жері туралы өр түрлі пікір бар. Әсет ескіше оқып, сауат ашқан. Ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтыска түскен ақындар соны тілге тиек еткен. Байлық өнер мен білімде деп таныған Әсет көп ақынға ой тереңдігімен, дүниетанымымен дес бермеген.

Жастайынан ән салып, халық аузына іліккеннен бастап ол ән шығара бастаған. Оның жас кезінде шығарған әні "Інжу-Маржан"— ән өнерінің үздік үлгісі. Әсеттің одан басқа "Мақпал", "Қарагөз", "Майда қоңыр", "Гауһар қыз", "Қоңыр қаз", "Қисмет", "Әпитөк", т.б. әндері белгілі. Әсет әндері аса биік, аса ырғақты, кайырымы кұрделі келеді. Ол Біржан сал, Акан серіден кейін Арка әндерінің дөстүрін жалғастырып, дамытты. Әсет — қазақтың көрнекті лирик ақыны. Замана шындығын шынайы суреттеу, айналасында болып жаткан оқиғалар мен құбылыстарды айқын да көркем жеткізу — Әсет лирикасына тән қасиеггер. Әсеттің "Қалдың ба, кайран қазақ, камданбастан", "Сабаздар санасы жоқ сатылып жүр", "Жас жігіт надандықпен алданады", т.б. өлеңдерінде ақын өз ортасының ащы шындығын бейнелейді, халқының басындағы ауыр тағдырға күйзеле отырып, өзінің ақындық шеберлігін, азаматгық үнін танытады. Ақын жаңа үлгідегі, оқиғалы дастан жанрын дамытуға мол үлес қосты. "Салиха — Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жәмсап", "Кешубай" сияқты бірқатар қисса-дастандары бар. "Салиха — Сәмен" дастаны мен "Ағаш ат" қиссасы — адал достықты, әділеттілікті жырлаған шығармалар. "Ағаш ат" — күрделі оқиғаға құрылған, фантастик. белгілері бар дастан. Дастанның композициялық кұрылымы эпостық болғанымен, сюжеті аңыздық, яғни қиял-ғажайып ертегілерінің сарындары да кездеседі. Әсет дастандарының та-қырыбы әр алуан. "Кешубай" дастаны қазақ тұрмысынан жазылса, "Француз" қиссасы басқаша құрылған. Әсет — айтыс ақыны да. Ол Ырысжан, Бақтыбай, Кәрібай, Әріп, Кали, Сәмет, Қосымбай, Қызыр, Кемпірбай және Мәлике қызбен айтысқан. Солардың ішіндегі аса қүндылары " Әсет пен Ырыс-жанның айтысы", " Әсет пен Кәрібай айтысы". Алғашқысы жұмбақ айтыстың үздік үлгісі болып саналады. Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен. Соған карамастан ол асқан тапқырлық пен білімділік танытып, күрделі жұмбақ түрінде берілген сұрақгарға дәл жауап қайтарып отырады. Әсеттің басқа да айтыстары қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем дүниелер.

Әсет шығармалары суырып салмалық өнер табиғатының заңдылықтарына сәйкес туған. Кейбір өлеңдерін жазып шығаруы да мүмкін. Бірақ ақын-ның өз қолымен жазылған немесе көзі тірісінде біреуге жаздыртқан әдеби мұрасы бізге беймәлім.

Бақылау сұрақтары:

1. Абайдың ақындық мектебінің ерекшелігі неде?

2. Абайдың ақындық мектебінің негізін қалаған кімдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Абайдың ақын шәкірттері Қ.Мұхамедханов 1995.ж

2. Абай энциклопедиясы. - Алматы: 1998.

3. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: 1998. 1 т.

4.Марғұлан Ә. Ежелгi жыр, аңыздар.- Алматы: Жазушы,

1985.323- б

5.Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.- Алматы: ғылым, 1973.23-б.

6.Жұмалиев Қ. ХШ-ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.- Алматы: Мектеп, 1967. 53- б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет