13)Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы. Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі , Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.
Алашорда да 25 орын болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы болды.
Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды.
Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы ыдыратып жіберді.