2 күн өткен соң шын мәнісінде жер сілкінді. Жапонияда тұрғандар үйлерінде аквариумде балық асырайды, олар жер сілкінуден бірнеше сағат бұрын тынышсызданып, аквариумге сыймай кетеді екен. Ал теңіз түбінде өмір сүретін балықтар, керісінше, апатқа бірнеше күн қалғанда теңіздің жағасына жүзіп шығады. Теңіз жұлдыздары (медуза) теңіз жағалауынан оның түбінде құйынның болатынын 10 сағат бұрын сезіп, кетіп қалады екен. Бұл мәтінді ақпараттық мәселесіне қарай тақырыпты жалпылаушы ретінде «Уақытты белгілеу» деп беруге болады, сондықтан мәтінде уақыт белгілері молынан қолданылған, өйткені оларсыз оның маңызын, мәнін дұрыс түсіну мүмкін емес.
Ал қисындық-мағыналық жағына келсек, ол қарапайым: мәтін өзінің басында баяндалған (бірнеше фраза) сұрақ пен жауаптан тұрады. Жауап дәлелденген. Осылайша, мәтін мағына жағынан толықтығымен, аяқталғандығымен сипатталады. Қаншама қызық, пайдалы, есте қаларлық деректі мазмұндайтын болғандықтан, ол хабарламалық бағалы мәтін ретінде сипатталады.
Таныстыру оқуы, жоғарыда айталғандай, жалпы мазмұнды қамти отырып оқу. Оқудың бұл түрінде мәтіннің 75 пайызын түсіну жеткілікті болып саналады, сондықтан мәтіндерде бейтаныс сөздер болуы мүмкін. Оқудың бұл түрі басты және екінші дәрежелі деректі айыру қабілетін болжамдағандықтан, оқу мәтіні деректің осы түрлерін қамтуы керек. Мәтіндердің бұл түріне қойылатын міндетті талап – мәтіндердің жеңілдігі, түсінудегі қарапайымдылығы. Мәселен, бір мәтінді талдайық.
Мәтін Тіл – маңызды қатынас құралы. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі барлық халық тең және олар мемлекеттік ұлттық саясаттың негізінде өз ұлтының тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасалған. Қазақстанда ұлттық тілдер өзіндік жазбалық жиынтығын сақтаған және емін-еркін дамытуға мүмкіндігі бар. Баспа өнімдері, радио-теледидар хабарлары, жоғары оқу орындарында және мектептерде білім беру ана тілінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ал орыс тілі түрлі ұлттық тілдер арасында ұлтаралық қатынас тілі ретінде қызмет атқарады. Ұлтаралық қатынас тілі - әртүрлі ұлттар өкілдері қатынас тілі ретінде қолданылатын тіл. Мәселен, каналын салған 32 ұлттың адамдары өз көштерін біріктіре алмаған болар еді. Сондықтан жалпыға бірдей ұлтаралық қатынас тілсіз республикалар арасындағы байланыстарды көп ұлтты елдің экономикалық, саясаттық және мәдени даму міндеттерін шешуді жүзеге асыру қиынға соғар еді. Бұл мәтіндегі ең негізгі деректер (көп ұлттық мемлекетте жалпы тіл қажет) бөтен (орыс тілі – басқа елдердің халықтары арасында да қатынас құралы) жағдайлары анықтайтын, түсіндіретін, көрсететін басқа да қосымша деректері бар. Мәтін арқылы сөйлеу икемділіктерін арттыру барысында ізденіп, оқу әдісі өз нәтижесін береді. Мысалы, «Тіл – ұлтаралық қатынас тіл» деген түсініктің анықтамасын тауып айтып беріңдер десек, бұл мәтін іздену, оқу үшін ұсынылған болар еді. Іздену оқуының мәтіндерінде іздену ынтасына жеңіл анықтағыш жауаптар болуға тиіс. Бұл мәтінде ол бірінші қайырымда (абзац) кездеседі. Қажетті деректі табу қабілетін шыңдау үшін көбінесе бір емес, бірнеше мәрте, тақырыппен немес түйінді мәселелер төңірегінде топтастырылған, іріктелген мәтіндерді де пайдалануға болады.
Бақылап оқу – бұл таңдап оқу (бөліп алып оқу). Мысалы, мектеп жағдайында оқудың бұл түрін газет пен журналдар материалы негізінде, мынадай тапсырмалар ұсына отырып, жүзеге асыруға болады. Апта ішіндегі «Халықаралық өмір туралы хабарларға шолу жасау», «Планетадағы «ыстық нүктелер», «Қазіргі кезеңдегі бейбітшілік үшін күрес» т.б. Оқудың бұл түрі мәтіннің қисындық – мағыналық құрылымын байқаудағы қабілеттері мен дағдыларын арттырып, мәтіннің тақырыбын, негізгі мәселелерін ажырата білу мен тақырыптар бойынша оқушының мәтін материалдарын жинастыра білу икемділіктерін дамытады. Ол үшін қайырымдары анық, бөлініп көрсетілген мазмұнды, бір жанрда жазылған мәтіндер негізінде үйрету нәтижелі болады.
Т.С. Кудрявцева өңдеген тіл қызметінің барлық түріне оқытудағы оқушыларға арналған мәтіндердің жалпы типологиясы негізінде әртүрлі міндеттегі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді пайдалануға ұсынылады: хроника, деректі шолу (информационный обзор), басқа мақала (гезеттік дерек стилі), очерк (публицистикалық стиль), арнаулы пәндер бойынша оқулықтар мәтіндері, ғылыми-көпшілік журналдардың мақалалары (ғылыми, ғылыми-көпшілік стилі), өлеңдер, тақпақтар, әңгімелер, хикаялардың, романдардың пьесалардың үзінділері, көркем мәтіндер.
Айту, дауыстап оқу – мәтінді тыңдаушы мен айтушы арасындағы өзара әрекет үдерісі. Бұл үдерістің нәтижесі, біріншіден, айтушының ерекшеліктеріне, екіншіден, тыңдаушының ерекшеліктеріне, үшіншіден, мәтіннің ерекшеліктеріне байланысты. Мәтінді дыбыстау барысында тыңдаушы айтушының (мәтін оқып тұрған адамның) айту ерекшелігіне, дауыс қарқынына, әңгіме ұзақтығына жағдайларға бағынышты болады. Айтушының қандай сипаттары дыбыстаудың нәтижесіне ықпалын тигізеді. Ол үшін айтушы немесе дауыстап оқушы тарапынан мынандай сипаттар анықталады:
а) Айтушының сипаттары:
1) Айтушының дыбыстарды айтудағы өзгешеліктері (дарыны), дикциясының тазалығы (бұл шарт дыбыстауға үйретудің алғашқы кезеңінде міндетті);
2) Сөйлеудің қарқыны;
3) Сөйлеу уақыты (3-5 минуттық хабарлама жасау арқылы 20минуттық сөйлеу уақытына дейін ұзартуға жаттықтыру);
4)Айтушының, сөйлеу мәтіні өзгеге түсінікті болуындағы қызығушылығының дәрежесі, оқуға қызығушылық т.б.;
ә) Тыңдаушының сипаттары:
1) Тілдік дайындығы (тіл қабілеттері мен дағдыларын меңгеру деңгейі, тілді иегере білу деңгей). Мәселен, дыбыстау (тыңдау) кезінде дұрыс түсінбеудің себебі: тілдің лексикалық құрамын, сөйлемдерінің синтаксистік құрылымын, сөз реттерін дұрыс білмеу, сөз құрылысына да талдау жасай алмау;
2) Зерде түрі, есте уақытша немесе ұзақ сақтау;
3) Зерденің мағыналық бірлігінің түрі, оқылып отырған мәтінді қабылдау барысындағы тыңдаушының қолданылатын әрекет түрі;
4) Сөйлемдегі ойы немесе мәтіндегі ойы бойынша болжай білу қабілеттері мен дағдылары;
5) Тыңдаушының қарым-қатынас жасау дәрежесі (белсенді немесе баяу);
б) Мәтін сипаттары:
1) Мәтіннің тіл жағынан құрылымы (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық);
2) Фразалардың тереңдігі мен көлемі. Мәселен, мәтінді қабылдау барысында адамның сөздерді есте сақтау зердесі фразаның көлемін шектейді. Өйткені мәтінді тыңдау барысында егер фраза ұзақ, көп сөзден құрылса, оны тыңдап есте сақтау қиындай түседі.
Көптеген жағдайларда фразаның ұзақтығына қарағанда оның тереңдігінің ықпал ететіндігі анықталады. Сонымен бірге, мәтінді қабылдау қиындықтарына мәтіннің сөздік құрамы, сөйлемдерінің құрылымы айтарлықтай ықпал тигізеді. Атап айтсақ, белсенді түрдегі сөйлемдер, баяу түрлерге қарағанда, жеңіл қабылданатыны сөзсіз. Дерексіз сөздерден құрылған мәтін түсініп, есте сақтауға қиын болмақ;
3) Мәтіннің қисындық-мағыналық құрылымы. Мәселен, мәтіннің басты мұраты, мәні қаншама айқын айтылған болса, соншама оны түсіну де жеңілдей түседі.
4) Мәтіннің ақпараттық жағынан мазмұнды болуы. Мысалы, мәтінде қаншама деректер, хабарламалар мол болса, соншама оны түсіну де қиындайды. Сондықтан қабылдауға арналған мәтінді айтуға қолайлы жасау үшін оның деректерін көбейтпей, көлемін молайта отырып дайындау қажет. Мұндай мәтіндерді дайындаудың жарқын үлгісі ғылыми-көпшілікке арналған мәтіндер болып саналады.
Тілді таңдай отырып түсіну – көп деңгейлі үдеріс. Ғалымдар оны әртүрлі нәрселер бойынша анықтайды. Айтатын болсақ, біреулер қабылдауды – тану, түсіну десе, екіншілері – оның дыбыстық, сөз құрамына қарай, сөздік-фразалық деңгейлеріне байланыстылығын ескертеді.
Дыбыстауға үйретуде қабілеттері мен дағдылары сатылары бойынша қалыптасатын сөйлеуге үйретуде қабылдау нысанына байланысты дыбыстаудың айтылу деңгейін жіктеуге болады. Мысалы, егер тыңдауға нысан (объект) ретінде жекелеген дыбыстар ұсынылса, тану немесе сезіне білу деңгейі, егер мағыналық буындар (дыбыстардың қосындылары) ұсынылса, мән, ұғымды жарыту, салыстыру деңгейі жайлы айтылады; егер жекелеген сөздер немесе сөйлемдер немесе толық мәтін ұсынылса, тілдің мағыналық қабылдау деңгейі нысан болады. Осы жоғары деңгей тіл қызметінің түрі ретінде дыбыстауға (оқуға) үйретудің мақсаты болып табылады. Ол естіген (тыңдалған) хабарды саналы түсінуді, жете қабылдауды қарастырады. «Мағыналық қабылдау, - деп жазады И.А. Зимняя, - бұл ауызша айтылған белгілерді (вербальных знаков) тану үдерісі және олардың арасында мағыналық байланыстарды анықтау», - дейді.
Қабылдауда тыңдағанды түсіне отырып, адам әрекеттенеді, яғни айтылған нәрсені қабылдаудың бастапқы бөлігі дыбыс сигналдарын есту арқылы түсінеді, соңғы бөлігі ақпараттың жалпы мағынасын анықтайды. Бұл екі нысанның арасында дыбыстау үдерісі төмендегідей түрде жүреді: дыбыс сингалдарын қабылдау, бұл сигналдарды тану, ол сигналдарын өткен тәжірибелермен салыстыру – тану, түсіну; түсінген деректі (хабарды) бағалау (жаңа – белгілі); баяндалған нәрсенің жалпы мағынасын анықтау.
Олай балса, оқылған мәтінді қабылдау үшін мынадай іскерліктер мен дағдыларды меңгеру қажет: сөздер жиынтығын мүшелерге бөлу (сөздер, жалғау, жұрнақтар, сөз тіркестері, фразалар) және олардың маңызын анықтай білу; сөз құрушы элементтері бойынша контекстегі жекелеген бейтаныс бөлшектердің маңызын анықтау; мәтінді түсінуге кедергісін тигізбейтін жекелеген бейтаныс бөлшектерді есепке алмау, оны негізгі бөліктерден ажырата білу, мәтіннің тақырыбы, жалпы мазмұны жайында бірінші сөздерінен-ақ болжай білу; мәтіннің тірек сөздерін оны түсіну үшін ойында сақтап қалу; мәтіннің деректі ақпараттық кезеңдерін, оның мәнді мазмұнын іштей талдап, естіген деректі есінде сақтап, айтуға даярлау.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша мәтінді түсінуге байланысты қабілеттерді қосу керек: негізгі және екінші дәрежелі деректерді анықтау қабілеті, мазмұндалған нәрсені жалпылау қабілеті, мәтіндегі дәлелдер негізде қорытындылау қабілеті, мәтіндегі дәлелдерге баға беру қабілеті.
Дыбысталып оқылған мәтінді қабылдау, жазулы мәтінді қабылдауға қарағанда қиындау болып есептеледі. Біріншіден, сөз қарқыны айтушыға байланысты, оның сөзі қайталанбайды (қайта оралуға болмайды), көптеген нәрсе айтушының сезімдік дайындығы мен дикциясына байланысты. Екіншіден, адамның көру түйсігі дыбысты сезіну түйсігіне қарағанда жақсы дамыған. Үшіншіден, тыңдап отырған адам оқып отырған адамға қарағанда тез шаршайды. Осы айтылған нәрседен үш маңызды әдістемелік қорытынды шығады.
1) Оқуға және дыбыстауға (дыбыстап оқуға) бірдей мәтіндерді қолдана отырып үйретуге болмайды.
2) Дыбыстауға арналған мәтіндер оқуға арналған мәтіндерден жеңіл болуға тиіс.
3) Дыбыстауға арналған мәтіндер ауызша тілдің ерекшеліктеріне сай болуға тиіс.
Іс жүзінде бұл әдістемелік ережелер көбінесе еске алынбайды. Дыбыстауға кез келген мәтінді пайдалана отырып, үйретуге болады деп саналады.
Мәтіннің оңтайлығы, оның қайталап оқуға, дерексіз сөздерді кемітуге, түсініксіз атауларды және атаулық тіркестерді кемітуге; үстеулер мен сын есемдердің үлесін молайтуға, мәтінге қолданылатын фразаларды енгізуге; жалпылау фразаларын мәтіннің жекелеген бөліктеріне енгізу, сондай-ақ түсіндірулер мен мысалдарды сондай-ақ құралдарды жиі қолдануға болатындығына байланысты. Осының бәрі мәтінді оқушының тілдік тәжірибесіне сәйкестендіруге алып келеді. Сондықтан оқуға және дыбыстауға арналған мәтіндерге қойылатын жалпы талаптар мынадай деп тұжырымдауға болады.
1. Мәтіннің тіл күрделігінің (қиындылығының) дәрежесі;
2. Мәтіннің қисындық-мағыналық құрылымының қиындық дәрежесі;
3.Мәтін қиындығы мен күрделілігінің оқушының тіл құзырына (компетенция) сәйкестілігі;
4. Мәтіннің тілдің не ауызша, не жазбаша түріне сәйкестігі;
5. Мәтіннің қатысымдық әрекетке сәйкестігі (тілдік құбылыстарды талдау, түсіну, айтып бер).
Дыбыстауға үйрету барысында ауызша тілдің ерекшеліктеріне сай келетін сөйлеу стилінің ауызша мәтіндеріне жол берілуі қажет. Күнделікті-тұрмыстық монолог (өзі, отбасы туралы әңгімелер), ауызша-тұрмыстық диалогтар (дүкендегі, көшедегі, емтихандағы, көлік үстіндегі, байланыс бөліміндегі әңгімелер). Сонымен бірге, басқа да қызмет стильдерінің мәтіндерін де пайдалануға болады: ауызша-ресми – іс монологы (құттықтау сөздері, ресми сөздер); ауызша-газеттік хабарлама монологы (хроника, репортаж, деректі бағдарлама дайындау) т.б. тыңдауға тиісті ережелер бойынша дайындалған көркем мәтіндер.
Тұжырымдағанда, бұл келтірілген мәтіндермен жұмыс арқылы оқушылардың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту белгілі бір жүйе бойынша жүргізілуі тиіс. Мәтін бойынша жұмыс кіші жастағы балалармен ауызша үлгі мәтін негізінде жүргізіледі де, одан әрі күрделеніп, жазбаша шығармашылыққа ұласады.
Оқушылардың ауызекі тілін дамытуда мәтінді мәнерлеп оқытуға жаттықтырудың алатын орны айрықша.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға 5-10-сыныптардың бағдарламасына арнаулы орын беріліп, тіл ұстарту жұмысы ретінде сағат бөлінген. Мұғалім бұл салада жүргізілетін жұмыстың бәрін тиімділікпен басқарып, оқушының ықыласын шығарма мазмұнын меңгеруге ғана аударып қоймай, зейінін тіл ұстарту жұмысына бағыттап отыруы тиіс. Сол үшін де оқулық пен хрестоматияның пайдалануда мәнерлеп оқу мәселесіне көңіл аудару қажеттілігі туындайды. Өйткені мәнерлеп оқу – ауызша тіл дамыту жұмысын жетілдірудің кепілі.
Бұл жөнінде С.Тілешова: «Мәнерлеп оқу дегеніміз – көркем шығарманы әдеби тілдің орфоэпиялық ережесін, шығарманың тақырыбын, мазмұнын түсініп, белгілі бір жылдамдықпен дауыс үнділігін, ырғағын сақтай отырып оқу», - дейді.
Демек, бұл – ең алдымен, көркем сөз мәтінін дұрыс оқу, түсініп оқу және белгілі дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқу деген сөз. «Оқи білу дегеніміз – оқушыны шығармаға сүйсіндіру, оның көркемділік ойына тереңдету, шығарманы тану, бағалау деген сөз», - деп, Т.Ақшолақов дұрыс айтады.
Оқушы мәнерлеп оқу арқылы ғана әдеби шығарманың мәніне бойлай алады. Сонымен бірге көркем туынды туралы тұжырым жасап, талғамын танытады. Сондықтан да ауызша тіл дамыту жұмысында мәнерлеп оқу өзекті әдіс саналады.
Осындай мақсатқа жету үшін мәнерлеп оқу әдісін толық меңгеру қазіргі оқытудың басты міндеті болып отыр. Ол үшін оқушыларға келістіріп оқытудың шарттары үйретіліп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру ауызша тіл дамыту жұмысын бірізділікке салудың тетігі болмақ.
Оқытылатын мәтінді қандай дауыс сазымен оқу әр шығармада түрліше. Мәселен, баяндау түріндегі ертегілер мен прозалық шығармаларды: «Күн астындағы Күнекей қыз» (ертегі), Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» (5-сынып), «Аяз би» (ертегі), М.Әуезовтің «Бүркітші» (6-сынып), Ж.Аймауытовтың «Туған жер», Ғ.Мүсіреповтің «Анаың анасы», Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» (7-сынып), С.Мұхановтың «Балуан Шолақ», Ш.Айтматовтың «Найман-ана» (8-сынып) сияқты шығармалардың мәтінін әңгімелеу түрлі дауыс сазымен оқылады.
Бағдарлама бойынша 5-10 сыныптарда лирикалық өлеңдер өте мол. Оқушылардың мәнерлеп оқып жаттығуына да қолайлысы – лирика. Бұл жанрдың да өзіндік оқу ерекшелігі бар. Лириканы оқуда «ақын жүрегін кернеген сезімге ортақсата білуі керек». Бұдан мәтінді қандай дауыспен оқу керектігін оның жанрлық ерекшелігі үзілді-кесілді шешіп береді деген ұғым тумайды. Қайта әр жанрда шығармалардың әрқайсысы өзінің идеялық-тақырыптық өзгешелігіне сай реңкімен оқылады.