3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет115/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

2. «Бұл қашан болады
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал – жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата?
2. Жыл мезгілін түстерге сәйкес ата?
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?


3. «Кім қалай дыбыстайды?»
Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.


4. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.


5. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.


Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар


1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде жоғары көтереді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол ойыннан шығады.


2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды. (Гүл. Орамал, бантик, көзілдірік). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Екі зейінді балаға ойыншық беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет