3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет9/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

1.4. Дауыс

Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі – психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда, ең алдымен ауа жұтады, одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.


Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне (резонаторларына) көкірек қуысы, таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ, кеңсірік жатады. Дауыс күші үн шығаратын дыбыстардың резонаторға қарай бағытталғанына және резонаторлардың түзік күйде болуымен байланысты шықпақ.
Әркімнің өз даусы (дауыс нақышы) болады. Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ дауысынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны (сарыны) – обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шықпақ.
Дауыстың оның биіктігі (дыбыстау ырғағы), ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.
Егер айналадағылардың сөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз, дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігімен жылысатынын байқайсыз. Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп, бір бәсеңдеп ауытқиды да, орташа қалыпқа (регистрге) түседі, тағы осылайша қайталанады. Бірақ бұл қалай болса солай емес, белгілі заңдылықпен жылыса отырып, сөйлеу методикасы (әуенін) түзейді.
Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.
Мәтінді оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше қатал, салқын үні нақышталады.
Мына сөйлемдердегі дауыстың жылысуын байқап көрейік. Дауыс жылысуы сөйлем астындағы сурет сызықтарымен көрсетілді, ал дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі екпін түскен буында қалпақшалы таяқшамен көрсетілді. Дауыс көтеріліп бәсеңдеп барып орташа қалпына түседі, яғни бір диапазон деңгейіне келеді.
Таңырқау, сасқалақтау т.б. көңіл күйін білдіргенде, орындаушы дағдылы орташа биіктікке шығатын дауыс деңгейінен қатты ауытқытып айтады. Яғни сөзді айтқанда дауысты едәуір жоғарылатып, не төмендетіп, не күшейтіп, не солғындатып шығарылады.


Жаттығулар
1. Дыбыстарды анық, нақты, ширақ, құлаққа жағымды, табиғи үні шалғайыраққа естілетіндей етіп дыбыстауды меңгеріңдер.
М:МММ деп, жай, созыңқырап дыбыстаңдар да, оған дауыстыларды тіркеп. –ма, -ме, -мө, -мә, -мы, -мі, -мү, -мұ деңдер.
Буындарды өлең айтқандағыдай созып бір нотада (бір қалыпта) дыбыстаңдар. Дұрыс дем алуды қадағалаңдар (-мә, -ме, -мө) буынынан бастап керісінше айтып, жаттығуды қайталаңдар.
2. Дауыстарыңның алысқа естілу ұшқырлығын тексеріңдер. Тыныс алу (демді ішке алу, дем шығару) ережесін сақтай отырып, мәтінді қатты, ширақ, жай, саябырлатып оқыңдар.

Бақшада

Ақ шапан киініп,


Теңкиіпті қарбыздар,
Жесең тілді үйіріп,
Сусыныңды қанғызар.
( М.Әлімбаев)

3. Мәтінді алдымен ақырын, одан кейін орташа, ең соңында қатты дауыспен қайталап оқып беріңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет