3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет83/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Сабақтың мақсаты: балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Ойыншық қоянға сәбіз жасауға әрекеттеніп, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Ұқыпты жұмыс істеуге баулу.
Көрнекіліктер: ойыншық қоян, сәбіз (муляж), мүсіндеуге арналған саз балшық, тақтайша, сүрткіш.
Сабақтың барысы: тәрбиеші балаларға үлкен үлпілдек әдемі қоян ойыншығын көрсетіп, сабақты бастайды. Қоянның дене мүшелерін сұрайды: басы, құлақтары ұзын, көзі, тұмсығы, аяқтары және үпілдек жүні бар. Тәрбиеші құлағына тосып қоянмен сөйлескендей болады.
Қоян орманда секіріп ойнап жүріп адасып қалыпты, қарны ашып тұр екен. Қоян не жейді – білесіңдер ме? Балалар жауабын толықтырып: «сәбіз жегісі келіп отыр, қане бәріміз қоянға сәбіз жасап берейік» - деп үлкен сәбіздің суреті немесе сәбіз (муляж) көрсетіледі, түсіне, пішініне назар аударады. Бір жағы жіңішке болып келеді, екінші жағы жуандау екен. Үлгіні талдау жасаған соң тәрбиеші балалармен бірге іс-әрекетке кіріседі. Алдымен кесек саз балшықтан біз үзік бөліп аламыз. Содан кейін оны алақан арасына салып немесе тақтайшаға салып есуді көрсетеді. Есіп болған соң бір жақ шетін ғана тағы есіп жіңішкелеуді көрсетеді. Балалардың жұмыстарын қарап шығып, кейбірі дұрыс емес болса қосымша нұсқау береді. Әрбір баланың есу тәсілдерін меңгеруіне көңіл бөлінеді. Дайын болған сәбіздерді ыдысқа (себетке) салып, барлық балаларға көрсетіп мадақтап бұл сәбіздердің барлығын қоянға сыйға тартады. Қоян оларға рахмет айтып, ризашылығын білдіреді. Қоянмен бірігіп «Ақ қоян» ойынын ойнайды. Балалар іс-әрекеті, ойындағы белсенділігі атап өтіліп, қорытынды жасалады.


Қуыршаққа дәмді бауырсақ


Сабақтың мақсаты: ұлттық тағамдар жайында түсінік беру. Домалақтау тәсілін бекіту. Баланың ойлау қабілетін дамыту. Бейнелеу өнері арқылы тіл байлығын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Мүсіндеуге қажетті құрал-жабдықтар. Ертегі мазмұны бойынша аңдар бейнесі.
Сабақтың барысы: бауырсақ ертегісін үстел үстіне драмалау. Балалардан ертегі мазмұнын сұрап естеріне түсіру. Бауырсақтың ұлттық тағам екенін, дайындалуы жайында, домалақ және жалпақ пішінде болатынын ескерту. Кейіпкерлерді әр үстелге таратып, бауырсақ домалап келе жатып қандай аңдарға кездесті, әрқайсысымыз бауырсақты жасап көрейік. Тәрбиеші тапсырмасы бойынша балалар кесектен үзіп алып алақан арасына салып айналдырып, домалақтап бауырсақ жасайды. Дайын болған соң қоян, қасқыр, аю, түлкіге кездескенде не айтқандарын әр баладан сұрайды. Ертегіні әңгімелеп болған соң тақтадағы фланелографқа назар аудартып, ата мен әженің үйдің ішінде отырғаны, бауырсақ терезенің алдында тұрғаны, оны қозғалтып, орманға қарай бет алғаны, шырша ағаштарын орналастыру, олардың арасынан домалап өтуі, жолмен келе жатқаны, басқа кейіпкерлермен кездесуін бейнелеп әңгімелету кеңістікті бағдарлауға, түр-түсті ажыратуға және композиция құруда балалардың ой қиялын дамытуға басшылық жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет