3-4 Тақырып. АЗАМАТТЫҚ-САЯСИ ҚАЙШЫЛЫҚТАР
Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Алаш және қоқан автономияларының құрылуы
1917 ж. күзіне қарай Ресейде жаңа революциялық дағдарыс пісіп жетілді. Оның басты себебі бүкілресейлік әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-саяси дағдарыс болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдің шаруашылық қирауына алып келді. 1917 ж. жазына қарай өнеркәсіптік сектордың өнімі 1916 ж. салыстырғанда 36,5 пайызға азайды.
1917 ж.наурызынан қазан айына дейін 800 жуық кәсіпорын жабылып, бұрын-соңды болмаған жұмыссыздыққа алып келді. Қаржы жүйесі толықтай істен шықты. Уақытша үкімет өзі басқарған сегіз айдың ішінде 9 млрд. Сомның несиелік билеттерін басып шығарды, ал Николай ІІ үкіметі болса соғыс болған 32 ай ішінде 8,3 млрд. Сомның қағаз ақшасын шығарған болатын.
«Керенка» деп аталатын қағаз ақшаның орасан зор көлемде Ресей экономикасына енгізілуі бұрын-соңды болмаған ауыр инфляцияға алып келді. 1917ж. қазанына қарай рубльдің сатып алу мүмкіншіліг бар-жоғы 6-7 тиынды құрады, ал жалақы 50 пайызға қысқарды. «Біз ұлы экономикалық және қаржылық дағдарыстың алдында тұрмыз,» - деді Уақытша үкіметтің басшысы А.Ф.Керенский.
Соғыстан туындаған ауыр шаруашылық күйзелісті елдегі саяси дағдарыс одан әрі шиеленістіріп жіберді. Уақытша үкімет солқылдақтық танытып, бірді-бір маңызды мәселені шеш алмады.
Елде қалыптасқан жағдай халықтың наразылығын күшейтті. 1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды. 25 қазанның таңертеңіне қарай қаладағы маңызды нысандар: вокзалдар, электростанциялар, телефон станциялары, мемлекеттік мекемелер, банктер, көпірлер кеңес өкіметін жақтаушылардың қарамағына өтті. Уақытша үкімет тұтқындалды. 25 қазанда таңертең В.И.Ленин әзірлеген
«Ресей азаматтарына» деген үндеу жарияланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд
«Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға» үндеуінде бүкіл өкімет билігінің Кеңестерге өткенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етті. Съезд
«Жер туралы декрет» және
«Бітім туралы декрет» қабылдады. «Жер туралы декретте» жерге жеке меншік жойылып, ол мемлекет меншігіне өтетіндігі жарияланды.
«Бітім туралы декрет» бойынша кеңес өкіметі «барлық соғысушы жақтарға аннекциясыз және контрибуциясыз демократиялық бітім жасау үшін тез арада келіссөздер бастауды ұсынады.
Кеңес үкіметінің алғашқы актілерінің бірі 1917ж. 3 қарашасында жарияланған
«Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Ресей халықтарының теңдігі мен егеменділігі, олардың өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу құқығы жарияланды. Ұлттық және этникалық азшылық пен топтардың еркін дамуы, ұлттық және діни артықшылықтарды жою – Кеңес өкіметінің ұлт саясатының бағдарламасы осындай болды. 1917 ж .20 қарашасында Кеңес үкіметінің
«Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Үндеуі жарияланып, онда мұсылмандардың діни сенімдері мен әдет- ғұрыптары, ұлттық және мәдени мекемелеріне еркіндік беріледі, қорғалады делінеді.
1917 ж. 30 қазанда Қазақстанда алғаш рет өкімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолдарына алды. 3 қарашада қарулы қақтығыс нәтижесінде Кеңес өкіметі Ташкентте орнатылды. 6 қарашада Әулиеатада, қарашаның бас кезінде бейбіт жолмен Черняевте (қазіргі Шымкент) билік Кеңестердің қолына өтті. Желтоқсанда- Бөкей ордасында, Петропавлда, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда 1918ж. қаңтарында –Ақтөбеде, 18 қаңтарда атаман А.Дутовтың қарулы қақтығысын басу нәтижесінде Орынборда кеңес өкіметі орнатылды. 17 ақпанда Семейде, кейіннен Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда орнықты. 3 наурыз күні Верныйда, наурыз