368
көтеріқкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.
Дегенмен, осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына ылғи шек қоя берудің қажеті жок. Романтизм (әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше айтсақ, “бір-біріне кереқар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас” әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады, екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол — не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп тү'сінсек, қателесер едік. Керісінше, әрбір “ірі суреткерде,— дейді Горький,— реализм мен романтизм бір-бірімеп әрқашан жалғасып жататын сияқты. Бальзак — реалист, бірақ ол “Шегрен былғары” тәрізді реализмнен өте-мөте аулақ тұрған романдар жазды. Тургенев те романтикалық рухтағы дүниелер туғызған. Гогольден бермен қарай Чехов пен Бунинге дейінгі ірі жазушылардық бәрі сөйткен. Реализм мен романтизмнің бұлайша бірігуі — біздің үлкен әдебиетімізге әсіресе тәң сипат”.
Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушылары (Махамбет пен Абай, С. Торайғыров пен С. Сейфуллин, Б. Майлин мен I. Жансүгір-ов, М. Әуезов пен С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов пен Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұста-тафин мен Т. Жароков, X. Есенжанов пен Қ. Аманжолов т. б.) жайлы да дәл осыны айтуға болар еді: бәрінің творчествосында да реализм мен романтизм араласып жүр. Жалғыз-ақ бір есте болатын нәрсе — осылар-дың жеке алғанда әрқайсысы, жалпы алғанда барлығы, қолдан келгенше, романтизмнен реализмге келе жатады. Әдеби дамудын, объективті заңы, әдеби әдістің эволюциясы тек қана оеылай жылжуға тиіс.
Бұл — бір біздегі емес, бар елдегі жағдай. Осыған қарап, бүкіл әлемдегі күллі ілгерішіл әдебиет пен өнердің ғасырлар бойғы даму тарихын, бір себептен, дүниені көркем тану, дәлірек айтқанда, өмірдегі шындықты өнердегі шыншылдықпен тану жолында реализмнің туу, қалыпта-су және даму тарихы деуге болар еді. Мұның өзі философияның тарихы — философиядағы материализмнің туу, даму тарихы деген қағидалы пікір-лерге де сай келеді. Философиядағы материализм өзінің даму тарихында өзі-не қарсы түрліше идеалистік ағымдармен күресе отырып нығайғаны мәлім. Сол секілді, әдебиеттегі реализм де өзі-
369
нің даму тарихында өзіне қарсы түрліше кертартпа ағымдармен күресе отырып нығайғаны сөзсіз.
Әдебиеттегі реализм проблемасын дәл осы тұрғыдан түсіну шарт. Сонда біз, бір жағынан, әдебиеттегі реализм көп стильдер мен ағым-дардың бірі емес екенін білген үстіне біле түссек, екінші жағынан, мұның жуырда ғана қайыптан тайып пайда бола қалған нәрсе емес екенін, реа-лизмнің алғашқы элементтері тіпті атам заманғы антик әдебиетінде жатқанын, Орта ғасыр мен Ояну дәуірлерінің әдебиеттері де өзінше шыншыл болғанын, ал өткен ғасырдағы әйгілі “натур'альдық мектеп” пен сыншыл реализм — бұл әдістің даму тарихындағы айрықша кезеңдер екенін аңғарған үстіне аңғара түсеміз.
СОЦИАЛИСТІК РЕАЛИЗМ
Маркстік-лениндік эстетиканың ең өзекті мәселесі — социалистік реализмнің сыры мен сипаты. Тіпті советтік эстетиканың өзін социалистік реализм эстетикасы десе де болғандай. Себебі, советтік эстетиканың айрықша зерттейтін нәрселері—1) өнердің өмірге қарым-қатысы десек, мұның бүгінгі биік типі — социалистік реализм; 2) ілгерішіл әдебиет пен өнердің дүние жүзілік дамуы десек, мұның бүгінгі жаңа кезеңі — социа-листік реализм; 3) біздің суреткерлердің өз өнерлеріне жетілу жолдары десек, бұлардың бірден-бір творчестволық әдісі — социалистік реализм..
Реализм — әдіс; ал әдіс — көп құбыла бермейтін тұрлаулы нәрсе дегенбіз. Бірақ бұл тұжырым оның даму тарихындағы жетілу, кемелдену кезеңдерін жоққа шығармаса керек. Дәл осы ретте, социалистік реализмді ұлы революциялар кезеңіндегі реализм, яки капитализмді құлату, социализмді орнату және нығайту кезеңіндегі реализм деуге болар еді.
Қашаннан келе жатқан қанатты сөз бар: әр ұрпақ өмір көкжиегін өзінен бұрынғы ұрпақтан гөрі кеңірек көреді, өйткені інілер әрқашан ағалардың иығында тұрады. Сол сияқты социалистік реализмнің күллі қасиеті өзінен бұрынғы реализм атаулының ең жақсы түрлері мен дәстүрлерінің заңды жалғасы болуында, оның үстіне жаңа дәуірге сай, жаңа қоғамға лайық жаңа сапа табуында жатыр. Бұл тарихи заңды процесс болатын. “Реализм — дейді М. Қаратаев,— бұдан былай да адамзат өнерінің
370
рогресіне өзек болу үшін бұрынғы күйінде қалмай, жазаман дәрежесіне көтеріліп, жаңа сапаға ие болуы ?қажет еді. Ал бұл дәрежеге, бұл сапаға реализм жаңа заманның озат ғылымы, терең философиясы — марксизм геориясы негізінде ғана жетуі мүмкін еді. Онсыз реализм (.айшылығы асқынған импераилизм мен қаһарман пролетариат революциясы дәуірінің күрделі өмір шындығын және оның даму зандылықтарын дүрыс та жете ұғынбаған болар еді. Сондықтан XIX—XX расырлардың шекарасында осы жаңа заман жағдайына лайық ұлы философиялық ғылыммен қаруланған жаңа реализм туды. Бұл бұрынғы классикалық дәуір жасаған сыншылдық реализмнің барлық жақсы прогрессивтік дәстүрлерін эста-фета ретінде қабылдап, буржуазиялық модернизмге мүлдем қарама-қарсы принциптерді жүзеге асыра отырып, көркемөнер мен әдебиеттің бұдан былай кен, алқапта шалқып өсуіне даңғыл жол ашқан шын мағынасында жаңашыл, нағыз революцияшыл реализм боп табылды”'1'.
Әдеби әдіс — қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік концепциясы. Демек, социалистік реализм де — қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай, біздің жаңа дәуірдің өзі туғызған құбылыс.
Социалистік реализмнің көркемдік әдіс ретіңде туып-қалыптасуы А. М. Горький творчествосымен тығыз байланысты. Бұл ретте, Достоевскийдің сыншыл реалистер жайлы “бәріміз Гогольдің “Шинелінен” шықтық” де-генін аздап өзгертіп, социалистік реалистер жайлы “бәріміз Горькийдің, “Анасынан” тудық” деуге әбден болады. Өйткені Горькийдің атақты “Ана” романында ешқандай ережесіз-ақ жаңа көркемдік әдістің творчестволық принциптері іс жүзінде қалыптастырылды. Дәлірек айт-қанда, Горький романында, бәрінен бүрын, нағыз ш ы н д ы қ жинақ-талды; содан соң, шындық тарихи жағынан н а к т ы суреттелді; ақыр аяғында, шындық революциялық д а м у үстінде көрсетілді. Осы үш принцип еңбекші қауымды идея жағынан -қайта тәрбиелеу міндеті-мен ұштастырыла келе социалистік реализм әдісінід өзі-
* М Қаратаев, Социалиспк реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы, А., 1965, 53—54-Оеттер.
371
не дейінгі реализм атаулыдан айта қалғандаи сапалық-ерекшеліктері боп қалыптасқаны мәлім.
Социалистік реализмнің сапалық ерекшеліктері мұны' мен де бітпейді.
Мынаған назар аударып көрейік. Социалистік реализмге дейінгі ең прогресшіл әдіс— сыншыл р е а л и з м. Социалистік реализм — сыншыл реализмнің мұрагері. Алайда осы екеуін салыстырып қарасақ, арала-рынан шынайылық бірлігімен қатар, аса үлкен алшақтық табар едік.
Ең негізгі алшақтық — мақсат алшақтығы: сыншыл реализм өз кезін-дегі ащы шындықтарды ашып көрсете тұра, капиталистік құрылыстың негізін шайқалтуға қызмет етсе, социалистік реализм өз кезінің қандай шындығын суреттемесін, бәрібір, социалистік қоғамды мейлінше нығайту мақсатын көздейді. Бұл — бір.
Екінші алшақтық — мұрат алшақтығы: сыншыл реализм қаншама прогресшіл болғанмен, оның эстетикалық идеалы анқын еместі. Бір кезде Флобер “өздерінің оркестрі көп дауысты, палитрасы көп бояулы” бол-ғанына қарамастан, сыншыл реалистерде “ішкі принцип жетпейтінін” айтса, Чехов одан да гөрі ашығырақ, “өмірді өз қалпында көрсетуден асып не әрі, не бері кете алмайтындарын, өйткені өздерінде анық көрініп тұрған не алыс, не жақын мұрат жоқтығын” айтып еді.
Ал социалистік реализмнің жайы мүлде басқа; мұнда апанық идеал бар. Бұл — екінші айырым.
Социалистік реализмнің өзіне дейінгі реализм атаулыдан сапалық ерекшелігінін, бір алуанын, міне, осы маңнан іздеу керек.
Әлемдік әдебиеттің даму барысында социалистік реализмнің творчестволық әдіс ретінде тууы тарихи аренаға жұмысшы табының шығуымен, оның идеологиясы — марксизм-ленинизмнің пайда болуы-мен, пролетариат бастаған еңбек адамдарының қоғамдық тұрмысты саналы түрде революциялық жолмен қайта кұру күресімен тығыз байланысты. Ендеше, социалистік реализм әдісі суреткер алдына ашық түрде: а) адамдарды коммунистік рухта тәрбиелеу, б) халықты жарқын келешек үшін күреске жұмылдыру міндеттерін қояды. Мұның өзі, сайып келгенде, социалистік реализм әдебиеті мен өнеріндегі ұнамды кейіпкер проблемасына'келіп тірелетіні сөзсіз.
372
Олай болса, социалистік реализм эстетикасындағы өзекті мәселелердің бірі — ұнамды кейіпкер. Бұл мәселеге енжар қарауға болмайды.
Социалистік реализм — үздіксіз қозғалыс, өсу-даму үстіндегі ұғым. Сондықтан бұл әдіспен жазылған әдеби шығармаларды бағалауға тек қана тарихи тұрғыдан келу қажет. Мәселен, совет әдебиетінің жиырма-сыншы жылдарда туған шығармаларын Отан соғысы тұсындағы шығармалармен, соңғысын дәл бүгінгі күндердің туындыларымен қатар қойып, бәріне бір-ақ өлшеммен қарау ағат: “Азамат Азаматыч” — “Абай жолы” емес те, “Тар жол, тайғақ кешу” — “Өмір мектебі” емес. Бұлардың арасында социалистік реализм әдісінің барған сайын буынын бекітіп, бұғанасын қатырған кәмелет жолындағы ондаған жылдар жатыр.
Социалистік реализм — бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнердің дамуындағы ж а ң а кезең — жалпы көркем творчествоның гүлдену кезеңі дедік. Демек, социалистік реализм — өзіне дейінгі реализм атаулының бәрінен артық әдіс. Бұл сөзсіз. Бірақ “әдістің артықшылығы — сурет-кердің артықшылығы емес, әдеби шығарманың социалистік реализм туындысы болуы оның автоматты түрде “қатесіз” шығарма болуын, басқа шығармалардың, айталық, сыншыл реализм шығармаларының, кез кел-генінен артық шығарма болуын қамтамасыз ете алмайды”*. Творчест-волық әдіс бір бар да, суреткерлік шеберлік бір бар. Социалистік реализм әдісі совет жазушыларының шын мәніндегі суреткерлік шеберліктерімен ұштасқан жағдайда-ғана айта қалғандай нәтиже бермек. Көп ұлтты совет әдебиетінің ең таңдаулы шығармалары тек қана осындай тұтасудан туған. Демек, социалистік реализм мәселелерін қозғау—жазушылық шеберлік мәселелерін қозғау деген сөз.
Шеберлік әр суреткердің тек өз творчестволық мүмкіндігі мен ерекше-лігіне байланысты; әр суреткер тек өз қабілеті мен талантының жеткен жеріне дейін ғана шебер. Олай болса, творчестволық әдістің бірдей болуы әр суреткердің күллі творчестволық ерекшеліктері де бірдей деген сөз емес. Социалистік реализм әр суреткердің өзіне тән творчестволық ерекшелік атаулының бәріне толык
* Л. Тимофеев, Совет әдебиеті, М, 1964, 9-бет.
373
мүмкіндік береді. Демек, социалистік реализм әрбір талантты шығармада тыңнан туып, өзінін, жаңа сырын ашып, жаңа қырын танытып отырады.
Социалистік реализмнің идеялық негізі — әдебиет пен өнердің партия-лылығы туралы лениндік ілім десек, партиялылық— халықтықтың жоғары түрі екені мәлім. Олай болса, социалистік реализмнің түбегейлі принциптері — суреткерлік өнердің халық өмірімен етене байланысы, коммунистік партиялылығы және социалистік гуманизмі деп білген жөн.
Социалистік реализмнің айрықша сипаттарының бірі — бір творчество-лық әдістің ішінде екі түрлі әдістің — реализм мен романтизмнің бірігуі, біте қайнауы болып табылады. Бұл туралы “біздің елде романтиктер мен реалистер арасындағы жік жоғалды, біздің бәріміз — жаңа дүние құрылысшыларымыз. Үлкен Адам жасаушылармыз,— әрі романтик-терміз, әрі реалистерміз” деп, Алексей Толстой өте дұрыс айтқан.
Қорыта келгенде, социалистік реализм — совет жазушыларының шындыққа барар жолы. Ал шығармасына қажет шындықты халық өмірімен тығыз байланысты суреткердің өзі іздеп табады. Егер суреткер өнері мен халық өмірінің арасында нық байланыс болмаса, әдіс те әшейін схемаға айналады. Демек, социалистік реализмді өзіне бірден-бір нұсқалы әдіс еткен суреткер оны кез келген схема мен догмадан қорғай білуі де щарт.
Социалистік реализм — әдеби дамудың лениндік жолы.
374
ТҮЙІНДРУ
Әр істі бастау қандай қиын болса, аяқтау сондай қиын.
Виктор Шкловский әдеби 'қауымға кеңінен таныс теориялық зерттеу-лерінің бірін қалай бастаудың бабын таппай қиналып, бұл реттегі жауапкершілік жөнін былай білдіріп еді: “Көне риторика үлгісіне бақсақ, заттың тақырыбын тұжырымдайтын қысқа кіріспеден бастауға болады. Кейде кешегі өткен жайларға қайырыла сөйлеген жөн деседі; кейде өзіңнің жаза білмейтініңді әңгімелеу орынды, кейде тыңдаушымен кеңесу қонымды, кейде ұстазыңның мықтылығы мен өзіңнін, осалдығыңды мойындаудан бастаған дұрыс деседі”*.
Ал аяқтау бұдан да жауаптырақ.
Александр Твардовский совет классикасынық асыл қазынасына қосылғай керемет кітабын басынан емес, бел “ортасынан бастап, аяқсыз бітіргенін” өлеңмен айтты. Бұл тегін айтылмаған: өмір қандай шексіз болса, өнер де сондай шетсіз,— бұлар жайлы сөз ешқашан бітпек емес.
Осы еңбектің басқы тарауларының бірінде біз сөз өнері туралы тұңғыш толғамдар бұдан бес мың жыл бұрын туа бастағанын айттық. Аристотель тұсында теориялық толғам эстетикалық трактатқа айналды. Содан бергі он-сан ғасыр бойына сөз өнерінің табиғаты күллі әлем көлеміңде тексерілген үстіне тексеріліп келеді,
* В. Шкловский, Көркем проза, толғаныстар мен талдаулар, М., 1961, 5-бет. ,
375
бірақ ешкім талдап түгесе алар емес және көркем сөз құпиялары қазыла қопарылған сайын тереңдей түседі.
Бір есте болатын нәрсе — әдебиеттің теориясы оның тарихы мен сынынан гөрі басқаша: қазақ әдебиетінің тек өзіне ғана тән тарихы мен сыны бар, бірақ өз алдына жеке-дара теориясы жоқ. Орыс пен ағылшын, неміс пен француз, өзбек пен қырғыз... бәрінде де солай. Әдебиеттің теориясы нәсіл таңдамайды, ұлтқа бөлінбейді, ел-елдің бәріне бірдей ортақ.
Бұл айтылған жайлар біздің алдымызға екі түрлі қиын талап қояды: біріншіден, біз өзімізге дейінгі әдебиет теориясын толғайтын еңбектерді қолдан келсе түгел, келмесе — түгелге жақын оқып, танып, біліп алуы- мыз керек; екіншіден, өз еңбегімізді солардың ешқайсысына ұқсатпай, тек өзімізше ғана жазуымыз керек.
Қиындық мұнымен бітпейді. Әдебиет теориясын әшейін әріпшіл ежіктеуге айналдырып алмау үшін, оны көркем творчествоның психологиясымен тығыз байланыстыра білу қажег. Ал “творчествоның психологиясы әлі толық туып үлгірмеген ғылым” (Б. Мейлах).
Қиындық мұнымен де бітпейді. Әдебиет теориясын бірыңғай құрғақ қисынға, жасаңды заңға айналдырып алмау үшін, оны жазушының шеберлігімен тығыз байланыстыра білу қажет. Ал шеберлік шексіз, оның ұшы-қиырын табу қиын, өйткені әр суреткер “бар ғұмырын тек шеберлік жолына сарп етіп өтеді” (К. Федин), сонда да шеберлік шегіне жете алмай кетеді.
Бірақ осы қиындықтардың бірде-біріне қарамастан, әлгідей үш нәрсе-нің (әдебиеттің теориясы, творчествоның психологиясы, жазушының шеберлігі) басын бір жерге біріктіре отырып, қайткен күнде де орасан ірі және іргелі үш нәрсені—1) көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, 2) әдеби шығарманың сыры мен сипатын, 3) әдеби дамудың мағынасы мен мәнін — өзімізше парықтап, ғылми сипатта зерттеп шығу қажет болды. Қазақ әдебиет тануының теориялық проблемаларын тек осы ретпен талдап, тексеру мүмкін еді.
Біз, мүмкіндігінше, солай еттік.
Алғашқы тарауда баса назар аударғанымыз — әдебиеттің эстетикалық бітімі. Сөз өнері жайлы тұтас ұғым оның осынау ең қиын құпиясын ашып, қастерлі табиғатын нәзік танытуы шарт деп білдік, Бүл ретте сурет
376
-кердің өзі хақындағы сөз бен әдебиеттің қондырмалық сипаты туралы әңгімені де қолдан келгенше қонымды байыптау қажет болды.
Қазақ әдебиетшілері жалпы әдемілік туралы ілімнің, оның ішінде әдеби-теориялық ойлардың туу, даму тарихын, әдебиет танудың кезең-кезеңдерін әзірге өз алдына арнайы, кең әңгіме ете қойған жоқ. Академик Қ. Жұмалиев өзінің айтылмыш оқулығында тек Аристотель атын атап қана тынады. Дұрысында, бұл мәселе — аса арналы жүйе, желілі тарих. Ал әдемілік жайлы Маркс — Ленин іліміне дейінгі жалпы көркемдік дамуда біздің ұлы ойшылдарымыздың (Шоқан, Ыбырай, Абай) айрықша үлесі бар екені даусыз.
Кезекті тарау осы жайларға арналды.
Сөз өнері туралы синтезден анализге, керісінше, анализден синтезге көшкен жағдайдағы нағыз нақты һәм затты әңгіме әдеби қаһарман хақында болатыны мәлім. Тағы бір тараудың өзекті толғамдары мен талдаулары осы жүйеде жасалды.
Одан кейінгі күрделі мәселе — әдеби туындының өз сыры мен сипаты. Бұл тұстағы кең арна — әдебиеттегі мазмұн мен пішін. Ал көркем әдебиеттің тілінің жайы — “ылғи буырқанып, теңселе тербеліп жатқан теңіз” (Л. Леонов). Бұл “теңізге” түскен кісі оның бетінде қал-қымай, тереңіне сүңги жүзуге міндетті. Ол үшін тілдегі ажарлау, құбылту, айшықтау атаулының бәрін кәдімгі әдебиет теориясы мен тәжірибесін нық байланыстыра отырып талдау шарт.
Өлең туралы сөз — үлкен сөз. Бұл мәселеге тек ақындық нәзіктікпен ғана бару ләзім. Ал әдебиеттегі тек пен түр, бет пен бағыт дегендер әрқашан тың, нұсқалы пайымдауларды қажет етеді.
Осылардың бәрін туған әдебиетіміздің әр жанрдағы шын мәніндегі шынайы шығармаларын іріктей отыра талдап, бірақ бір ғана қазақ әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай, көп ұлтты совет әдебиетінің, қажет жағдай-да, күллі әлем әдебиетінің биік тұрғысынан парықтап, тұжырымдап шығу шарт.
Біз, мүмкіндігінше, солай еттік.
------------------------------------------------ 375
Зейнулла Кабдулов
ОСНОВЫ ТЕОРИИ ЛИТЕРАТУРЫ
Учебное пособие для вузов
На казахском языке
Редактор М. Жамантаева. Худ. редактор В. Логинов. Художник
Я. Мельниров. Технический редактор Р. _Кашкарова. Корректор
М. Иргебаееа.
Сдано в набор 25/ҮІ-1970 г. Подписано к печати 8/Х-1970 г. Формат 84ХІ081/;;?. Объем 11,875 п. л. (19,95), уч.-изд. л 20.628. Тйраж 4600 экз. Цена 66 коп. Изд. А° 69.
г Алма-Ата, издательство <ІА^ектеп”, ул. Карла Маркса, 99а.
Заказ № 900. Полиграфкамбинат Главполиграф-прома Госкомитета Совеьа. Министров КазССР по печати, г Алма-Дта, ул. Пастера, 39.
Достарыңызбен бөлісу: |