1920 жылдың 20-26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мұсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқұлов “Ұлт мәселесі және ұлттық коммунистік секциялар” туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар ұлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси ұйым құру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция Т. Рысқұлов ұсынысымен жаңа саяси ұйымды “Түрік халықтарының коммунистік партиясы” деп атауға шешім қабылдады. Т. Рысқұловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мұсбюроның төтенше ІІІ конференциясында (1920 жылы 25 қаңтар) “Түркістан автономиялылығы туралы” тезистерін қабылдау болды. Т. Рысқұловтың Түрік республикасын құру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын құруға апаратын жол еді.