4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл кеңес алудың пайдасы зор.
Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.
Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ) үй тапсырмаларын орындауды қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс, аннотация жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.
Қойылатын талаптар:
СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен кешіктірмей, уақытында барлық талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;
СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы басқаға көшіруге беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды, сол себепті ұпай төмендетіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |