№3 басылым орнына



бет14/42
Дата18.12.2021
өлшемі475,5 Kb.
#102991
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
76fcec2b-9197-11e3-8e6b-f6d299da70eeКазжуртар мет материал
76fcec2b-9197-11e3-8e6b-f6d299da70eeКазжуртар мет материал
Бақылау сұрақтары:

1. Басылымда кім “Қыр баласы” деген бүркеншік атпен жазған?

2. “Қазақ” пен “Айқап” неге айтысқан?

3. “Қазақты” шығарушылар жайлы шындық.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.

13-14 - дәрістер. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.

(1917 – 1918 жылдар)

7.1 Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.

7.2 “Сарыарқа” газетінің және “Абай” журналының негізгі шығарушылары.

7.3 “Бірлік туы” газетіндегі Мұстафа Шоқайұлының еңбектері.

Дүние жүзі халықтарының, оның ішінде бұрынғы кеңес Одағы халықтарының арасында тап қазақтардай шетқақпай көрген ұлт кемде-кем шығар. Бәлкім, базбіреулер айтпақшы бәле-жаланың барлығын кеңес үкіметі мен коммунистік партияға жабудың қажеті жоқ, оның үстіне өткен іс өтті деп есептейтін болар. Алайда, келер ұрпақ өз тарихына қатысты бар шындықты білгені жөн. Өйткені, қазақ жеріндегі “кіші Октябрь”, “ашаршылық”, “репрессия”, “ұлт жауларымен күрес”, “тың көтеру”, “желтоқсан оқиғалары” тікелей осы кеңес үкіметі саясатының жемісі болып есептеледі және соның бәрін тарихи заңдылық санап, “уралағандар” да болды.

Енді міне, тарихтағы “ақтандықтар” ақиқаты біртіндеп ашылуына байланысты, қазан төңкерсінің алғашқы күндерінен бастап-ақ Орта Азия халықтарына, оның ішінде қазақтарға да қарсы большевиктер тарапынан “басып алушылық” саясат жүргізілгендігі айқындалып отыр. Бұл саясатты жүзеге асыруда ең алдымен зиялылардың үнін өшіру қажет еді. Ал оны жүзеге асыру үшін қазақ тіліндегі баспасөздің үнін өшіру аса қажет еді. Демек, көптеген газет-журналдардың жабылуы соның бірден бір мысалы. Оған мысалды алыстан іздемей-ақ, күні кешеге дейін ұлтшыл, байшыл, алашордашыл болды деп жала жабылып келген, қазақ тіліндегі “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Бірлік туы”, “Жас азамат”, “Алаш”, “Ұран”, “Абай” сияқты, тағы басқа қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары күйе жағылып жабылуы сол негізгі мақсаттың жүзеге асуы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет