3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-14-4-02-01-20\26


Тақырыбы: Алғашқы ветеринариялық көмек көрсетілетін жануарларды бекемдеу тәсілдері және техника қауіпсіздігі



бет3/5
Дата15.09.2017
өлшемі1,01 Mb.
#33877
1   2   3   4   5

Тақырыбы: Алғашқы ветеринариялық көмек көрсетілетін жануарларды бекемдеу тәсілдері және техника қауіпсіздігі.


Керекті құрал-жабдықтар: бурау, жіп, мурын қысқышы мен

шығыршығы.



Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, шошқа, ит, қоян, мысық.

Сабақтың мақсаты: Малға дұрыс оң жағынан келуді және

оларды ұстау әдістерін үйрету.


Ауру малға жақындау және оны ұстау ережелері.

Ауру малға өте қарапайым кішіпейілділікпен жайлап сипап, ұрмай-соқпай, үркітпей және айқай – шусыз жақындап ұстау керек.

Малға жақындау үшін әр малдың ерекшеліктерін білу қажет.

Жылқыға алдыңғы жағынан таяп келіп, жүгеннің алқымынан ұстайды. Егер жылқы тыныш тұрмаса онда жоғарғы ерніне немесе құлақтың түбіне бұрау не қамшының бауын салып бұраймыз, сондай – ақ аттың басын және алдыңғы бір аяғын бір аяғын жоғары көтеріп тұрамыз.

Ірі қара малына мойнының жанынан келіп екі қолмен мүйізден ұстайды, егер мал тынышсызданса онда мурын қуысының шеміршегінқолмен немесе мұрынға арналған қысқышпен қысылады.

Түйеге алдыңғы аяғының тұсынан өте сақтықпен таяп келіп ноқталап ұстау қажет.

Түйені шегеріп, алдыңғы және артқы аяқтарын жіппен буып тастау керек. Тынышсыз түйелерге мұрындық кигізеді.



Қой мен ешкілерді артқы аяғынан немесе мойнынан ұстайды .

Итті тексерген кезде, қандай жуас ит болмасын оған томаға кигізу қажет, егер олар жоқ болса, онда иттің жағын жіңішке жіппен буып, түйіннің ұшын желкенің мойнынан байлау керек.

Үй құстарын тексеру үшін бір қолмен қанатынан, ал екінші қолмен аяғынан немесе мойнынан ұстау керек.

№_____________бақылау парағы

Қауіпсіздік ережелері бойынша студентерге нұсқау
Кафедра__________________________________________________

Курс_____________________________________________________

Нұсқауды жүргішінің аты-жөні мен лауазымы_______________
Нұсқауды жүргізген күн ________________________________________

Лабораторияда қауіпсіздік ережелерін сақтаудың нұсқау __________________


Нұсқауды меңгердік:


Реттік№

Студенттің аты-жөні

қолы




1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18





















Қауіпсіздік ережесі бойынша жүргізілетін нұсқауды тексердім:__________________

(қолы)
«Ветеринариялық медицина»

кафедраның меңгерушісі

ТАҚЫРЫБЫ: Алғашқы ветеринариялық көмек көрсетілетін жануарларды клиникалық әдіспен зерттеу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді малды бекіту әдістерімен таныстыру, үйрету.



Малға жақындау және фикцациялау – белгілі ережелерге сүйенуді талап етеді. Ірі қара малына артқы жағынан немесе жанынан жақындайды. Асау малдарды мұрын қысқышын қолдану арқылы фиксциялайды. Жылқыға алдыңғы жағынан немесе абайлап алдыңғы жағынан жақындайды. Шошқаларды құлағынан ұстап, бағанаға байлайды, сонымен қатар арнайы қысқыштарды қолдануға болады.

Малдарды әртүрлі әдістерді қолдана отырып жығады. Мысалы жылқыларды орыс әдісі бойынша жығуға болады.

Ауру белгілерін анықтау үшін әртүрлі клиникалық зерттеу әдістерін қолданады:

Көру –малдың жалпы жағдайына, қоңдылығына, мінез-құлқына, тері және тері жабынына және т.б. көңіл аударады.

Сипалау – мүшелердің және ұлпалардың сезімталдығын, қозғалғыштығын, консистенциясын, пульс санын анықтау үшін қолданады.

Нұқу – мүшелердің физикалық күйін және шекарасын, мүшелер мен ұлпалардағы өзгерістерді анықтайды.

Тыңдау – жүрек, өкпе, ішек перистальтикасын және т.б. мүшелердің жұмысын тыңдайды.

Термометрия – дене температурасын өлшеу, 5 минутқа термометрді тік ішекке салады.

ТАҚЫРЫБЫ: Алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткенде қолданылатын құрал жабдықтар және оларды залалсыздандыру.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді хирургиялық құрал-жабықтармен, таңу материалдармен таныстырып, операция кезінде оларды қолдана отырып аспетика және антисептиканы сақтауға үйрету.

Материалдармен жабдықталуы: Хирургиялық құрал шабыдықтар, таңу және шігу материалдарды, бикс, стерилизатор, антисетикалық және зарарсыздалдыруға арналған заттар, орамал және т.б. құралдар.

Сабақтың өткізіліуі: оқытушы студенттерді хирургиялық құрал жабықтарымен, асептика және антисептика ережелерімен таныстырады.

Құралдарды стерилдеу. Хирургиялық құрал жабықтарды стерилизаторда қайнатады. Ол үшін стерилизаторға су немесе 1-2% ас содысының, басқа да антисептикалық ерітінділер құяды. Қайнату уақыты 10-15 мин.

Шприцтерді қайнату кезінде оларды бөлшектеп, ягни поршенін, цилиндірін дәкіге орап стерильдейді. Ал резиналы құрал-жабықтарды (резиналы түтік, перчатка және т.б.) стерильдейді арнайы құрал-автоклавта не болмаса қайнату арқылы іске асырады.

Сол сияқты таңу материалдарын автоклавта, ағынды суда, үтіктеу арқылы стерильдеуге болады.

Тігу материалдарын алдымен сабынды суда жуып, кейін арнайы дайындалған ерітінділерде сақтайды. Мысалы, кетгутты 3 тәулік бойы 1-2% формалин ерітіндісіне салып қояды.

Операциялық аймақты дайындау.

Операция жасалатын аймақты жуып, жүнін, қырып, тазаланған теріне 10% йод ерітіндісімен сүртеді.

Хирургтың қолын дайындау. Ең алдымен қолдың тырнағын алып, жылы суда сабындап жуады. Содан кейін әр түрлі зарарсыздандыруға арналған ерітіндімен сүртеді. Мысалы: 2% спиртті танин ерітіндісімен.

Мал дәрігерлік тәжірибеде жараларды емдеу үшін көптеген антисептикалық заттар қолданады: антибиотик, сульфаниламид, нитрофуран препараттары. Бұл препараттарды қолдану арқылы жараға инфекцияның енуіне жол бермеуге болады.
ТАҚЫРЫБЫ: Қан ағу және оны тоқтату әдістері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді қан кету түрлерін ажыратуға және оны тоқтату әдістеріне үйрету.

Қан тамырының зақымдалуына және қанның құйылу түріне байланысты қан кетудің бірнеше түрлері бар: капиллярлы, венозды, артериялы, паренхиматозды.

Капиллярлы қан кету – капиллярлар зақымдалып, қан сыртқа тамшылап ағады.

Веналық қан кету – зақымдалған венаның перифириялық ұштарынан қою қызыл түсті қан тоқтаусыз ағады.

Артериялық қан кету – алқызыл қан шашырап ағады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе малдың өліп кетуі мүмкін.

Паренхиматозды қан кету – паренхиматозды мүшелер зақымданған кезде пайда болады.


  1. Тану – капилляр мен венадан қан кеткен кезде қолданады.

2. Жгут байлау – малдың алдыңғы және артқы аяқтарының вена және артерия тамырлары зақымдалған кезде қолданады.

3. Тампонада – қан кетудің барлық түрінде қолданады. Жара қуысына қан тоқтағанша тамплн салады.

4. Пинцетті қолдану арқылы қанды тоқтату- алдымен жараға тампон салып, содан кейін қан ағып тұрған тамырды пинцетпен қысады.

5. Жараға тігіс салу – паренхиматозды мүшелерден және ұсақ веналардан қан аққан кезде салады.

Сонымен қатар қанды тоқтатудың физикалық, химиялық, биологиялық тоқтату әдістері бар.

1. Қан ағуды физикалық тоқтату әдісі. Суық және ыстықты қолдану арқылы қанды тоқтатады: суық су, ыстық су, электрокогуляция және т.б.

2. Химиялық әдістер – ішкі мүшелерде қан кеткен кезде тамырларды тарылтатын химиялық заттар қолданады: адреналин, эфедрин, эрготин және т.б.

Қанның құрамын өзгертетін заттардан 10 % кальции хлорид, 5 % натрии хлорид және т.б. ерітінділер қолданады.



3. Биологиялық әдіс – жылқының қан сары суы, кальцилендірілген плазма, фибрин пленкасы және т.б.
ТАҚЫРЫБЫ: Жараланған жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді тану түрлерімен таныстыру, оларды қолдануға үйрету.



Десмургия – тануды салу әдістерін және тану материалдарын қолдануды оқитын ғылым. Тану түрлері:

1. Алғашқы көмек көрсетуге арналған тану – қайталанып жарақаттанудан және инфекцияның түсуінен сақтайды.



  1. Өткізбейтін тану - өтіп кеткен (проникающие) жараларда қолданады.

3. Құрғақ сіңіргіш таңу- жарадағы экссудатты, микрофлораны, жарадан бөлінетін сұйықтықты сіңіргіш қасиеті бар таңудың түрі.

4. Ылғалды сіңіргіш таңу- жарада жиналған сұйықтықты сіңіруді тездету үшін қолданады.

5. Қысым түсіріп таңу – малдың жарақаттанған жеріне салады.

6. Иммобилизациялық таңу – зақымдалған мүшені тыныштық қалпында ұстау үшін қолданады (гипс, шина салып таңу).

7. Каркастық таңу – таңу материалдарының фиксациясы үшін қолданылатын тірегі болады (темір сымдар).

8. Бинттік таңу – таңуды салу формасына байланысты бірнеше түрлері бар: циркулярлы, спиральды, сегіз тәрізді, әр бір мүшеге салынатын таңу (мүйізді, тұяқты, құйрықты таңу).

9. Әртүрлі клейлерді қолданып таңу – казеинді, мырыш-желатинді және т.б. қолданады. Физикалық емдеу тәсілдері

Компрестер қою (фр. compresse – қысылу).

Компресс төрт қабаттан тұрады:


  1. Сіңіргіш, сорғыш қабаты;

  2. су өткізбейтін қабат (клеенка, салафан, парафин);

  3. жылулықты ұстап тұратын қабат;

  4. денеге бекіту-таңу.

Бірінші үш қабат көлемі жағынан сыртқа қарай бірінен-бірі үлкен болуы керек. Малдың терісі мен компрестің бірінші қабатының тазалығын қадағалап отыру керек. Ол жерді алдын-ала спиртпен ылғалданған марлімен сүртіп, тальк себеді. Компресс дұрыс қойылған жағдайда ол жерден сыртқа жылулықтың бөлінуі азайып, белсенді қызару пайда болады да, зат алмасу процесі жақсарады.

Компрестің түрлері:



  • сумен қыздырушы компресс;

  • спиртпен қыздырушы компресс;

  • емдік компрестер;

  • салқындатқыш компресс;

  • ыстық компрестер.

Емдік компресте төмендегідей ертінділерді қолдануға болады:

  • 10-25% натрийдің бикарбонаты (сода);

  • 40-50 % винна спирті;

  • 5 %–ды ихтиолдың ертіндісі;

  • 2-3 %–ды лизолдың ертіндісі;

  • 4 %–ды бор қышқылының ертіндісі.

Компресті жіті қабынуларда, ауырсынғандықты басу, қабыну сұйықтарын сіңіру, тітіркенуді қоздыру, қабынудың шешуші кезеңін жылдамдату үшін қолданады.

Залалды ісіктерде, тері ауруларында (ылғалды экзема) қолдануға болмайды.

ТАҚЫРЫБЫ: Жануарларға малға алғашқы ветеринариялық көмек көрсеткенде дәрілерді қолдану тәсілдері

Дәрілік заттарды қолдану тәсілдері. Дәрілерді ауыз арқылы (peros) енгізу – көп тараған тәсілдердің бірі, бірақ түрлерін кеңінен таңдап алуға мүмкіндік береді, өйткені бұл жолмен еритін де, ерімейтін де дәрілерді енгізуне болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап, өздерінің әсер етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді ( каломельдің мүйізді малға тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға түседі; бұнда дәрінің бір бөлігі, немесе түгелінен зарарсызданады немесе қор болып жыйналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі жағдайға: оның асқазан каналы шырындарында еру және қарынның тоқтық дәрежесіне байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын есепке алуды және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады.

Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттатр ірі қараға күшті жемге, немесе суға, ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі.

Ұнтақтарды ірі қара нанмен, немесе шөлмекке құйылған ертіндімен бірге береді; соңғы жағдайда малдың басын жоғары көтеріп, шөлмекті ауыздың тіссіз кенересіне қойып, ертіндіні біртіндеп ұрттатады, ал кейде оны зонд арқылы тікелей қарынға жібереді. Сұйық дәрі түрлерінде осылай береді. Ұсақ малдарға сұйық дәрілерді қасықпен немесе рюмкемен береді. Ал, мұндай дәріні итке оның жақ етін тартып, жыйырады да пайда болған қалтаға құяды. Шошқа мен мысықты жақсылап бекітеді. Бұл малдардың басын сәл жоғары көтереді. Болюстарды көбінесе жылқыға тағайындайды. Бұл үшін, олардың аузын ашып, зевник қояды да, болюсті ұш саусақпен тілдің түбіне салады, сонсоң қолды зевникпен бірге тез шығарады да, малдың басын аз уақыт көтеріңкі ұстап, жұтқыншақты терінің астынан төмен қарай сыйпалайды. Сондай-ақ болюстерді (көбінесе жылқыларға) болюс беретін арнаулы құралдармен береді.

Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын ашып, капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, корнцангты ауыздан жедел шығарады.

Ботқаларды тіл түп жағына шпательмен жағады. Пилюлдарды ит пен мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың көмегімен береді, құстарға сол күйінде тағайындайды.

Тікішек (per rectum) аарқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер етеді,өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен енгізілген затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен тезірек сіңеді. Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ (балауыз) формада енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады. Дәрі толығынан сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек.

Клизма ретінде берілетін дәрілер ірі малдарға клистирлі кружкамен ұсақ малдарға – резина баллоншамен беріледі. Клистирлі кружканың жиегін вазелинмен майлап, оны мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, кружканы малдың белінен жоғарырақ көтереді. Клизма енгізілгеннен кейін кружканың ұшын шығарып, біраз уақыт анусты қолмен басып тұрады, сөйтіп дәрінің кейін төгілуіне жол бермейді. Тікішекке енгізілетін сұйықтард жылытып беру керек екендігің есте ұстау керек. Клизманың дәрілік, іш жүргізетін және қоректік түрлері бар.

Дәрілік клизманың ірі малдарға берілетін мөлшері 1-2 ½ л., ұсақ малдарға – 1, 1/4 стақан. Іш жүргізетін клизманың мөлшері көбірек етіп және оған сабын қосып беру керек; ірі малдарға 2-5 л және одан да көбірек, ұсақ малдарға 1-4 стақанға дейін береді. Сабын (балауыз) тікішекке енгізіледі, бұдан кейін малды тыныш қалдырады.

Жатыр мен жыныс қынабына дәрі сұйық, жұмсақ (қынап домалақтары) және қатты (ұнтақтар) формада енгізіледі; сұйық затты ірі қараға арнаулы үшы бар клистрлі кружкамен береді; (жынс қабына енгізу үшін қолданылатын әдейі ұштықтар жоқ болса, кәдімгі ұштықтарды пайдалануға болады); ұнтақтарды сүртіп-жағу үшін ұнтақ сепкіш құрал қолданылады; дәрі енгізудің бұл жолы бір жерге әсер ету үшін пайдаланылады, бірақ жатыр мен қынаптың кілегей қабықтары арқылы дәрілердің өте жақсы сіңетіндігін ескеру керек.

Ауызды шайып жуу үшін каучук, ағаш немесе пластмассалы ұштығы бар клистирлі кружка қолданылады. Көздің кілегей қабығына ұнтақтарды қағаз немесе ұнтақ сепкіштер арқылы енгізеді, сұйықтарды көз пипеткаларының көмегімен тамызады, ал сүртпемайларды қабақтың астына салады.

Қуық пен желінге дәрілер арнаулы катерлердің көмегімен енгізіледі. Дәрі жіберу яғни парэнтарлық енгізулер зарарсыздаандырылған ертінділер мен оған сәйкес зарарсыздаандырылған құралдарды (шприцтер, инелер) керек етеді.

Дәрілерді тері астына және бұлшықет арасына енгізу әдістері малдәрігерлік тәжрибеде (ветеринарияда) көп тараған, өйткені бұлар қолайлы, оңай әрі дәріні дәл мөлшерлеуге мүмкінді береді және тез әсер етеді. Тері астына тек тұнық сұйық дәрі формаларын ғана, ал бұшықет астына, бұдан басқа, езінділер жіберіледі. Тітіркендіретін және жансыздандыратын заттарды, осы әдістермен өте сирек және ерекше мақсатты көздегенде ғана жіберуге болады.

Малдың денесіне дәрі жіберетін жердің жүнін қырып, терісін спиртпен, немесе басқа дезинфекциялайтын затпен сүртеді, сонсоң дәрі жіберілгеннен кейін екінші рет дезинфекциялайды. Дәріні көлемі белгілі шприцпен жібереді. Дәрі енгізілетін жерлер: ірі малдар үшін - әдетте мойынның бойы, жауырын, көкірек асты; ұсақ малдар үшін – кеуденің бойы болып келеді. Тері астына енгізер кезде сол қолдың ұш саусағымен теріні қыртыстап, оң қолдың басбармағы және сұққолдың көмегімен қыртыстың астына шприцтің инесін қадайды, оны шприцпен жалғастырып поршенді қысып барып дәріні жібереді. Бұлшық ет арасына жіберу үшін үлкен инелер керек, бұл жағдайда теріні қыртыстамаса да болады.

Құрсақ қуысына дәрі жіберу әдісі сирек және лаборатория жануарлары үшін ғана қолданылады. Дәрінің қан жүйесіне араласу жылдамдығы бойынша бұл әдіс бұлшықет арасы мен венаға дәрі жіберудің арасында орта орын алады.

Кеңірдек ішіне енгізу әдісі, көбіне тыныс жолдарында бір жерге әсер етуді ғана көздейді. Ол үшін кеңірдектің айналасындағ жүнді қырып, иод настойкасын жағады, кеңірдек білезіктерінің арасына инені қадап, оны шприцпен жалғастырады, сонсоң өте ақырын дәріні жібереді.

Егер дәріні тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне тегіс тарту керек болса, малды жанымен жатқызып, оның басы мен мойнын 30° көтеріңкі ұстайды. Сонсоң малды екінші жанымен жатқызып, дәрі жіберуді қайталайды. Дәрі жіберудің бұл әдісі мал дәрігерлігінде бараған сайын кең тарап келе жатқанын ескеру керек; оның оңайлығынан және тыныс жолдарының ауруларын емдеуде қолайлығынан туады.

Венаға дәрі жіберу әдісі бұлшықет арасына жіберуден гөрі кең қолданылады. Дәрінің әсері тез көрінеді. Қан тамырының ішкі қабының сезгіш рецепторлары жоқ екенін ескере отырып, тітіркендіргіш қастеті бар заттарды осы жолмен енгізуге болады. Қанға ықпал тигізетін заттарды (белоктарды ұйытатын, қызылқан түйіршіктерін бұзатын) венаға енгізуге болмайды. Қан мен органдарға (ең алдымен жүрекке) жағымсыз әсер ететін концентрация пайда болмау үшін дәрілік заттардың ертіндісі венаға жәйләп енгізіледі.

Шошқа, ит, мысық және үй қояндарынан басқа ірі және ұсақ жануарларға дәріні күре венасына, мысық пен итке – сан венасына, шошқа мен үй қоянына – құлақ венасына жіберу керек.

Күре венасына енгізу техникасы төмендегідей. Күре науасының бойын жағалаай мойнның жоғарғы үштен бірінің жүнін қырқады; теріні спиртпен немесе басқа бактерицидтық дәрімен дезинфекциялайды; сол қолдың басбармағымен, ал сыйыр малы үшін жгуттың немесе белбеудің көмегімен, дәрі жіберілетін жерден төменірек венаны қысады, оны оң қолдың саусағымен басып тауып алады да, оған инені түйрейді. Аққан қанға қарап, иненің венаға кіргеніне көз жеткеннен кейін, оны ертіндіге толған цилиндрдің резинка түтігімен жалғастырады. Венаға ауа кіргізбеу үшін цилиндрді мойынның жоғарғы жағынан төменірек ұстау керек. Цилиндрде қанның көрінуі системаның дұрыс жалғанғанын сыйпаттайды. Сонсоң цилиндрді мойыннан жоғарырақ көтеріп, оның ішіндегі дәріні жайлап венаға жібереді. Дәрі жіберудің біткенін цилиндрдегі сұйықтың жиегіне қарап анықтайды. Цилиндрді төмен түсіріп, оның ішінде қан көрінген бойда инені тамырдан шығарады. Дәріні жібергеннен кейін цилиндрді екінші рет төмен түсіру инені қанмен жууды көздейді; бұл кейбір заттарды енгізген кезде тканьдерді тітіркендіру мен некрозға ұшыраудан сақтайды.

Дәріні искетіп беру (ингаляция) әдісі бір жерге және жалпы (резорбтық) әсер ететін газ және бу тәрізді заттар үшін ғана жарайды. Жалпы әсер тез пайда болады. Бұл әдіс бойынша кейде әдейі маска арқылы малды газ немесе бумен, кейде маскасыз оны белгілі концентрациялы ұшқыш заттар себілген үйдің ауысымен, ал кейде брезент шелек, дорба т.с. құралдар арқылы дем алдырады. Көрсетілген ыдыстарды шөп ұнтағымен, немесе сабанмен жеткілікті етіп толтырып, олардың үстіне су құйып және лайықты дәрілік затты қосып малдың тұмсығына кигізеді.

Дәріні жұлын каналына енгізу өзінің қыйындығына байланысты сирек қолданылады, ол көбінесе бір жерді жансыздандырғыш заттарды енгізуге жарайды. Бұл заттарды омыртқа каналында қысым күшеймеу үшін алдымен жұлын сұйығының (линвордың) сәйкес мөлшерін шығарып барып аз концентрациялы және аз мөлшерлі ертінді күйінде енгізеді. Теріге, жара және іріңді жараның бетіне сүртпе майлар, пасталар, ұнтақтар, настойкалар, ертінділер, эмульсиялар, булаулар, пластырлар, қолданылады. Ұнтақтар ұнтақ үргіштің, немесе мақтаның көмегімен себіледі, сүртпе майлар мен пасталарды жұқалап жағады, немесе сыйпап сылайды. Ертінділермен жуу резина баллондар (спринцовкалар), немесе клистирлі кружкалар арқылы атқарылады, мақта тампондардың көмегімен тканьнің тиісті бөлегін настойкалармен майлайды; эмульсияларды мақта тампондардың көмегімен қолданады немесе жараның яғни іріңді жараның бетіне тікелей жағады. Бұларды шөп қыйқымынан, кендір тұқымынан кебектерден, қосындылардан және жыйнақтардан жасайды; оларды ыстық сумен булайды, матадан жасалған қапшықтарға салып, терінің тиісті жеріне жапсырады; ұшқыш заттар ұшып кетпеу үшін және олардың суымауын көздеп қапшықтарды клеенкамен бекітеді.

Пластырларды 1 мм-дей қалың етіп кенепке жағады да, терінің, немесе жараның тиісті бөлегіне жапсырады. Пластырдың ауданы (оның ұзындығы мен ені) әрқашанда керегінше белгіленеді. Ірі қара малдар ұшін пластырды дененің тиісті жеріне тікелей жағуға болады.

Теріге газ тәрізді заттармен де әсер етуге болады; мысалы, жылқылардың қотырын күкірт ангидридімен түрліше құрылысты әдейі камераларда емдеу осыған негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет