жаңа білім мен біліктілікті, жаңа білім саласын қоса алғанда өзінің тәжірибелік қызметінде өз бетімен жинақтап, қолдана білуі;
ғылыми негізделген зерттеудің әдістері мен технологияларын меңгеру, педагогикалық және психологиялық мәселелерді зерттеуде ақпараттарды жинақтауды, талдау жасауды, өңдеуді білуі;
кәсіби-педагогикалық мәселелердің дәстүрден тыс шешімдерін таба білуі.
ұжымда өз көзқарасын дәлелдеп, жаңа шешімдерді ұсына білуі;
Жалпы кәсіби құзіреттілік:
ЖОО-да педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қабілетті болуы;
кәсіби педагогикалық қызмет жағдайында психологиялық-педагогикалық заңдылықтар мен тұлғалық қарым-қатынас механизмдерін пайдалана білуі;
кәсіби-педагогикалық қызметті жетілдіруге және дамытуға қабілетті болуы;
кәсіби-педагогикалық қызметте жаңа ақпараттық құралдар мен технологияларды пайдалана білу қабілетінің болуы;
кәсіби тұрғыдан өзіндік даму және жетілу қабілеттерін меңгеруі.
Аталған құзіреттіліктерді игеру болашақ мамандардың білім алуына жағдайлар жасауға бағытталған педагогикалық қызметтің көлемін жоғары дәрежеде қарастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, болашақ мамандардың педагогикалық әрекеті құрылымына сәйкес кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру төмендегідей бағыттарда қарастырылды:
Ұйымдастыру-басқарушылық:
болашақ мамандар білім беру ұйымдарымен кәсіби және тұлғалық байланыс орнату;
олардың білім алуы мен дамуы үшін жағымды ортаны құруға мүмкіндік туғызу;
педагогикалық үдеріске қатысушылардың арасында диалогты және көңіл-күйге негізделген адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің қарым-қатынасын үйлестіру;
қоғаммен байланысты қалыптастыру;
білім беру ұйымдарының әрекетін жоспарлауды жүзеге асыру;
білім беру ұйымдарының педагогикалық үдерісін бақылауды және өз іс-әрекетін үйлестіре білуді жүзеге асыру;
білім беру ұйымдарындағы әкімшілік мәдени басқарудың жүзеге асырылу бағыттарына бақылау жасай білу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруді жүзеге асыру;
маркетингті қызметтің әрекетін ұйымдастыру;
аналитикалық және жарнамалық әрекетті жүзеге асыру (қоғам мен бала қажеттілігі негізінде тестілеу, сауалнама жүргізу; ғылыми-әдістемелік көрмелер, жәрмеңкелер және сайттар құру т.б.).
Білім берушілік:
қоғамдық қатынастардағы жас ұрпақтың маңыздылығын түсіну;
жоғары мектепте студенттердің білім алуына бағытталған оқыту үдерісін инновациялық тұрғыда жүзеге асыру;
технология мен тәрбиелеудің сан түрлі нұсқаларын пайдалану;
болашақ мамандарды кәсіби құзіреттілігіне бағытталған диагностикалық әдістерді меңгеру және оларды тәжірибеде қолдана білу;
білім беру мазмұнын таңдау, яғни білім беру саласындағы нормативтік құжаттар мазмұнына сүйену (мемлекеттік білім беру стандарты, типтік бағдарламалар, оқу жоспарлары мен оқуәдістемелік кешендері т.б);
оқытудың инновациялық технологияларын қолдану және оның тиімділігін анықтау;
білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушылардың, студенттердің ортақ тұлғалық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
психологиялық-педагогикалық әрекеттің түрлі формаларын ұйымдастыру;
рефлексия және өзіндік рефлексия қабілеттерінің әрекетіне ие болу;
Ғылыми-зерттеушілік:
өзінің әрекет саласындағы кәсіптік жетілуіне бағдарлама жасай алу және инновациялық бағыттарға сәйкес зерттеулер жүргізу;
әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың жұмыстарын ұйымдастыру;
педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік педагог мамандықтарына арналған оқу ісәрекетіне арнайы бағдарланған зерттеулер жүргізу;
ғылыми жобалар қоғау, ғылыми-әдістемелік бағыттағы мақалалар, еңбектер дайындау [8]. Біз жоғары мектепте болашақ мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптасыруды білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті құру барысында пайда болатын, әрбір нақты жағдайларда дұрыс шешімге келуіне мүмкіндік беретін, оның білімі мен кәсіби шеберлігінің деңгейі ретінде анықтаймыз. Жоғарыда айтылған кәсіби құзіреттіліктер болашақ мамандардың өзінің педагогикалық қызметі мен мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін кәсіптік бағдарын көрсетеді. Жоғары білім беру жүйесін қамтамасыз ету барысында келтірілген барлық ұстанымдар басым болып табылады. Бұл ретте, біздің ойымызша, білім беру ұйымдарында жас ұрпақтың жемісті дамуын ұйымдастыратын білікті педагогтің қатысуынсыз әрбір шартты жүзеге асыру мүмкін емес.
Кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиынтығын, яғни, кәсіби қызметті орындау әдістеріне үйрену аса маңызды болмақ. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда төмендегі мәселелерге: кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындай алуға, іс-әрекетті ұйымдастыруға қызығушылықтарының басым болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруі; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуі; мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық, әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуы; мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуы; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен қабылдауы; оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінің міндеттерін жүзеге асыра алуы, талдау жасауы, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуы; шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар аударуы қажет.
Кәсіби білімнің қазіргі жүйесі болашақ мамандар өзінің педагогикалық қызметін түсінумен ғана емес, сонымен бірге басқа да әріптестерімен, басшылармен «байланыстыратын» өзіндік қасиеттерді бағалаумен де байланыс- ты біліктілігінің рефлексивті құрамдас бөлігін иеленуді талап етеді. Аталған құрамдас бөлікті жүзеге асыру тиімділігі педагогтің сыни ойлау, талпыныс пен талдау жасау, өзінің ұстанымын дәлелдей алуы, ақпаратты сәйкесінше қабылдауы сияқты қасиеттерге ие болуымен байланысты [9].