2. Құрамтұрақтылықзаңы Алыну жолына қарамастан кез – келген химиялық қосылыстың сандық құрамы бірдей болып келеді.
(Ж. Пруст, 1801 – 1808 ж.ж.). Қосылыс құрамына кіретін элементтер массаларының қатынасы тұрақты. Бұл заң тек газ және сұйық түрдегі заттарға қолданылады. Ал қатты күйдегі заттар қасиеттері бұл заңға негізделмеген. Себебі кез – келген қатты заттың кристалл құрылысында атоммен толтырылмаған бос қуыстар, басқа элементтердің атомдық қоспалары, идеалды құрылыстан ауытқуы байқалады.
Мысалы, висмуттың таллиймен қосылысында таллийдің масса бірлігіне 1,24 – тен 1,82 – ке дейін висмуттың масса бірлігі сәйкес келеді. ТіО2 титан диоксидінде титанның масса бірлігіне 0,65 – тен 1,67 – ге дейін оттегінің масса бірлігі сәйкес келіп, келесі формуламен беріледі: ТіО1,9-2,0. Бұл формула зат құрамының шекарасын көрсетеді.
Элементтің изотоптық құрамын өзгерткенде оның массалық құрамы да өзгереді. Мысалы, суда 11%, ал ауыр суда 20% сутегі болады.
Су молекуласын мынадай тәсілдермен алуға болады:
2H2 + O2 = 2H2O
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Cu(OH)2 = CuO + H2O
CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O
Кейбір элементтер әр түрлі пропорцияларда қосылып, әр түрлі қосылыстар түзеді. Мысалы: оттек азотпен әрекеттесіп 5 түрлі оксид түзеді, оның әрқайсысында азот пен оттектің массалық қатынастары әр түрлі болады.
Құрам тұрақтылық заңы берілген қосылысқа немесе жеке молекулаға макроскопиялық сандық құрамын анықтау үшін қолданылады. Бұл заң қосылыстың молекулалық формуласын, сандық құрамын анықтау үшін де
қолданылады. Технологиялық процесте Құрам тұрақтылық заңын қолдану арқылы бастапқы реагенттерді ысырапсыз қолданады және өнімді ластанудан қорғайды.
Қосылыстар
Дальтонидтер Бертоллидтер
CH4, PCl3, H2S CuZn3, CuZn,W2C, WC
Мысалдар:
NaCl v(Na) : v(Cl)=1:1 m(Na):m(Cl)=23:35,5
2Na+Cl2=2NaCl 2Na+2HCl—>2NaCl+H2
Na2O+2HCl—>2NaCl+H2O NaOH+HCl—>NaCl+H2O