Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі өтті.
Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды.
Съезде «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.