3-Дәріс. Кесу пластиналарының орналасу ұяшықтары. Құрама алмаздық кескіштер. Эльбора-р кескіштер



Pdf көрінісі
Дата26.12.2021
өлшемі211,41 Kb.
#105886
Байланысты:
3 дәріс
d16ed23a2d3d4732a90ff1a039c886fa (2), d16ed23a2d3d4732a90ff1a039c886fa (2), Педагогика, 10сын.алг.тжб.4тоқс., 9 класс с казахским языком обучения 1 Задания для суммативного о, !


3-Дәріс.  Кесу   пластиналарының   орналасу   ұяшықтары.   Құрама   алмаздық 

кескіштер. Эльбора-р кескіштер.

Кесу пластиналарының орналасу ұяшықтары ашық, жартылай жабық және 

кесілген түрде болады. 

Ашық ұяшықтарда тез кесуші және қатты қорытпалардан жасалған 

кескіштерде қолданамыз.

Жартылай жабықты көбінесе қатты қорытпалы дөңгелену ұяшықтары бар 

пластиналарды қолданамыз. 

Жабық ұяшықтар мен кесілген ұяшықты кескіштен пластинаның қосылысы 

ең сенімді болады. Ондай қосылысты кіші размерлі кескіштерде қолданамыз. 

Ұяшықтың өлшемдері мына формула бойынша есептелінеді:

А

1

=(A-C)tgα;



B

1

=(B-C)tg(α-γ).




Алдыңғы бұрышты материалына байланысты кестеден аламыз. Алюминий

медь болса γ=25

0

. Күміс пен латунь болса γ=12



0

. Болат құймалары үшін γ=30

0



шойындар үшін γ=25



0

Негізгі артқы бұрыш α өңделетін бөлшектің материалына байланысты 



кестеден алынады. Алюминий, медь болса γ=10

0

. Күміс пен латунь болса γ=8



0

Болат үшін γ=8



0

Ұяшықтың ең үлкен тереңдігі сабының біліктігінің  1/3-ден аспау керек. 



Кескіштің алдыңғы бетіндегі пластинаның кесілу бұрышы кескіштің алдыңғы 

бұрышына тең деп аламыз. Кескіштің алдыңғы беті тегіс болған жағдайда кесілу 

бұрышы алдыңғы беттен 5

0

 артық болады. 



Құрама алмаздық кескіштер.

Алмаздық кескіштер түсті материалдар мен қорытпаларды пластмасса және 

басқа металл емес материалдан жасалған өлшемдерінің ауытқулары аз 

бөлшектерді сериялы және жаппай мол өңдіруде кеңінен қолданады. Олар 

жоғары өлшемдік тұрақтылыққа ие, сонын слдарынан көп уақытқа дейін 

баптауды және ауыстыруды қажет етпейді.

Алмаздық кескіштермен 5-6 квалитетке жетуге болады және өңделген беттің 

кедір-бұдырлығы R

а

=0.32-0.02 аралығына жеткізіледі.



Кескіштер массасы 0,31-0,85 карат техникалық алмаздан жасалады. 

Алмазды кескіштер кристалының кескіштің сабына орналасуына 

байланысты дәнекерленген және механикалық бекітілген болып бөлінеді. 

Дәнекерлеу жабық ұяшықта күміс дөңгелектермен өткізіледі. Дәнекерленген 

алмазды кескіштер қарапайым конструкциясын габариттік өлшемдерінің 

кішкентайлылығымен және алмаздың мөлшерінің кішкентайлылығымен 

сипатталады. Бұл кескіштердің негізгі кемшіліктері мұқалған кесу қырларын 

қайрау кезінде қалпына келтіру қиындығы.

Ал механикалық бекітілгенде алмазды кескіштен алып, қайта қайрауға 

болады. Ондай кескіштердің кемшіліктері үлкен габаритті және үлкен 

алмаздарды қолданылуында сипатталады. 

Алмаздық кескіштерді жобалағанда және пайдаланғанда алмаздың физика-

механикалық қасиеттерін ескеру керек.



1. Эльбор-р аспаптары.

Қаттылығы жоғары (НRС> 46 ), өлшемдерінің дәлдігі 5-7 квалитетке сәйкес 

келетін,ал кедір- бұдырлық параметрі R

а

 сәйкесінше 1,25- 0,16 мкм болатын 



шынықтырылған дайындамаларды жону үшін эльбор- р кескіштері қолданған 

жөн. 


   Эльбор кескіштерінің толық периоды Т30К4 қатты қорытпасы Цм -332 

керамикалық матерлалынан жасалған кескіштердің тұрақтылық периодымен 

салыстырғанда бірнеше есе жоғарырақ, сондықтан эльбора- р кескіштерін 

бағдарламалық басқаруы бар жонғылау және токарлық станоктарда кеңінен 

қолданады болады.

   Эльбор-р- ден  дайындамаларды 3,8 диаметрмен және 5 мм биіктікпен 

цилиндр тәріздес етіп шығарады. Эльбор-р- ден  кескіш аспаптың түрлі 

конструкциясын құру кезінде ең алдымен Эльбор-р- ден  дайындамалардың 

аспапта дұрыс бекітілуін қамтамасыз ету керек. Бұл жағдайда қарапайым 

дәнекерлеуді қолдануға болмайды, себебі  Эльбор-р металмен дәнекерленбейді.

Эльбор- р дайындамаларын бекітілудің ең сенімді әдісі- оларды балқыған 

металмен құю болып табылады.

Эльбор - р кескіштерінің ішінде ең көп қолданылатыны- құрама тік және 

майыстырылған өтпелі және жонғылау кескіштері.

Кескіш корпустарының габариттік өлшемдерін және оларға қойылатын 

техникалық талаптарды ГОСТ 13297-86  Е бойынша таңдауға болады. Эльбор - р 

кескіштерінің де конструктивтік және габариттік өлшемдерін жетекші 

техникалық материалдардан таңдауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет