ӨҚ сезгіштігі (S) осы құралдың шыға беріс белгі өзгерісінің, оны тудырған өлшенетін шама өзгерісіне қатынасымен сипатталады, яғни: S= ∆L/ ∆х, мұнда ∆L – шыға берістегі белгінің өзгерісі; ∆х- өлшенетін шаманың өзгерісі.
ӨҚ сезгіштік шегі – физикалық шама өзгерісінің ең кіші мәні, бұдан бастап берілген құралмен оның өлшенуі жүзеге асырылуы мүмкін.
ӨҚ қателігі – ӨҚ жетілмегендігін кескіндейді және дайындау құрылымы мен (немесе) технологиясының жетілмегендігі салдарынан, ӨҚ жасалған материалдардың ескіруі мен тозуынан туындайды.
Өлшеу құралдарының қателіктері
ӨҚ абсолюттік қателігі өлшенетін физикалық шаманың бірліктерінде білдіріледі:
X n – аспаптың көрсетуі; XД - өлшенетін шаманың нақты мәні.
ӨҚ қатынасты қателігі өлшеу құралының абсолюттік қателігінің өлшенетін физикалық шаманың нақты мәніне қатынасымен айқындалады: