3 дәріс. Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы Дәріс жоспары



бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі155,02 Kb.
#107092
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
№3 лекция

Семинар туралы қысқаша мәлімет.

Жоспар:

1. Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі.

2. Мектептік әдебиет курсының көркемөнермен және өмірмен байланысы

3. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі.

4. Көркем шығарманы сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мәселелері.

5 Бастауыш (I-IV), базалық (V-IX) білім сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптерін мен мақсаты, жоғары сыныптар дағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері


1. Қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына аса қажетті білімдік, тәрбиелік, әр жақты қызметтер атқаратын негізгі эстетикалық пән. Көркем шығармаларда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, адамгершілік-эстетикалық даналық ұғым түсінігі, арман мұраты көрініс тапқан, қазақтың шешен бай тілі жинақталған.

Әдебиет пәні білім беру жүйесінде мынадай мақсаттарды көздейді: Көркем шығарма мәтіндерін мазмұн мен түр тұрғысынан игерту, Әдебиет тарихы бойынша қажетті мәліметтерді игерту, көркем шығарманы оқу мен талдау дағдыларын меңгерту. Қазақ әдебиетін жүйелі оқыту үшін арнайы мемлекеттік базалық оқу жоспарына сай жалпы білім беретін мектептің V-XI сыныптарына арналған қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы жасалады. Әдебиетті оқыту – ғылым саласымен тығыз байланысқан. Себебі, ғылымның қай саласын алсаңыз да теориялық және қолданбалы практикалық мәндес болады деп білсек, әдебиетті оқыту арқылы оқушыға көркем шығарманы оқытуды қалыптастыру әрі теориялық, әрі қолданбалы жүйесін бірлікте қарастырумен қатар оның өнер екендігін де ескерген жөн. Өйткені игерілуге тиісті ұғым, сөздің мәні, айтылмақ ой – түсінік оқушыға әсер етерліктей болса, ол тиісті деңгейде көңіл толқытып, тереңірек ойланады. Сондай – ақ әсер санаға ерекше ықпал етеді. Әсердің нәтижесі бір жағынан тұлғаны әрекетке итермелесе, екінші жағынан пәнге деген қызығушылықты арттырып, көркем шығарманы оқуға талпындырады.

       Әдебиет – сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.

  Ғылыми тұжырымда әдебиет «адамтану құралы», ал әдебиет пәні «адам тәрбиелеу құралы», - делінген. Әдебиеттік оқу пәнінің көздейтіні қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын аудармасыз қазақ тілінде оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жету, Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту болып табылады.

Оқушыларға сыныптан тыс оқу әрекетін жүйелі түрде ұйымдастыруда пән мұғалімінен шеберлікті, іскерлікті, тапқырлықты қажет етеді. Мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқитын көркем шығармаларының жалпы көлемі, мазмұнын белгілеуде, оқушылардың міндетті түрде өтетін бағдарламаларда берілетін шығармаларды естен шығармау керек. Сыныптан тыс оқитын шығармалардың ұсыныс-тізімдерін бірнеше кезеңдерге бөліп, ұсынуға болады. Ұсыныс тізімдерін жаңадан шыққан басылымдармен толықтырылып, бұрыш жасап ілуге болады.

Пән мұғалімінің сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру мектеп тәжірибесінде:



  1. Кіріспе сабақтар.

  2. Сыныптан тыс оқитын шығармаларға ұсыныс жасау сабағы.

  3. Көркем шығарманың әдеби-эстетикалық мамзұнын меңгеру соған байланысты оқушылардың алған білім дағдыларын жинақтау сабақтары.

  4. Оқушылардың оқырмандық-танымдық қабілетін арттыру, шығармашылық іске ұмтылдыру сабақтары жүргізілуі тиіс.

Мұндай маңызды іс-шараларды әр сынып бойынша оқушыларға білім және тәрбие беру міндеттеріне сәйкес ұйымдастырып жүргізу, мұғалімнің шеберлігіне, оқу жоспарына сәйкес нақты іске асырылады. Сыныптан тыс оқу сабақтарының мақсаты дербес оқу дағдысын дамыту, бағдарламалық материалды терең игеру, оқушылардың өзіндік кітапқұмарлық оқырман ретінде тәрбиелеуде жатыр.

Әр оқушының өзіндік толғанысы, арманы, ойы болады. Соны ескере отырып, тәрбие беру ісінде пән мұғалімі әрқайсысына жеке дара қамтамасыз етуге тырысады. Балалардың өзіндік қызығушылығын ескере отырып, диагнонстикалық картаны үнемі толтырып отыру керек. (Аты-жөні, Сыныптан тыс қандай жұмыстармен айналысады? Қандай шығармалар оқуға қызығады? Немен айналысқысы келеді?) Сыныптан тыс оқыған шығармаларын жоспар бойынша берілген сынып сағатында көрсетуге болады. Әр оқушы өзінің оқыған шығармаларымен бөліссе, басқа оқушылар оқымаған шығармалармен таныс болар еді. Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар: Белгілі жоспармен жүйелі түрде жүргізілуі керек; Оқушыларда театр, кинотеатрларға апару; Оқушыларды табиғат аясына саяхаттату.

Орта мектептегі әдеби білім үш сатыдан тұрады. Олар: бастауыш – I-IV сыныптар; V-IX сыныптар; жоғары X-XI сыныптар.

Бастауыш – I-IV сынып әдеби білім берудің біртұтас жүйесінің ажырамас өзекті буыны, алғашқы басқышы, дайындық сатысы. Шәкірттерді көркем шығармаға қызықтырудың, ертегі, өлең оқуға сүйсіндірудің, көркем туынды арқылы адамгершілік, халықтық тәрбиенің негізін қалайтын, тіл ұстартудың іргетасы осы буыннан басталады.

Бастауыш сыныптарда ана тілі үш бөлімнен жүйелі түрде оқытылады. Олар: сауат ашу, оқу, жазу.

– Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазуға үйрету міндеті тұрады. Оларды оқу қызметіне бейімдеу, тануға құштарлығын ояту, дұрыс сөйлеуге, өзін бағалай білуге үйрету;

– Оқудың мақсаты – оқу дағдысын қалыптастыру; халықтық шығармалардың алтын қорымен таныстыру; оқыған көркем шығармаға өз көзқарасын білдіру; өз ойын еркін де түсінікті, саналы баяндауға, өз болжамы мен ой қорытындысын айта білуге үйрету;

– Жазудың мақсаты – оқығанын мазмұндап жаза білу; шығармашылық жұмыс жасауға үйрету; сол арқылы ойлау қабілетін жетілдіру. Бұл міндеттерді шығармашылықпен жүйелі орындау барысында дамыта оқыту жүзеге асады, ана тіліне деген құштарлық сезімін оятады.



2. Базалық білім V-IX сыныптарда әдебиетті дербес пән ретінде оқу осы буыннан басталады. V-VII сыныптар көркем поэзия, көркем шығармаларды оқып үйренуге негізделген әдеби оқу. Онда әдеби шығарманың мәтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау арқылы жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.

Шығарманың құрылысы, тілі, шығармадағы табиғат бейнелері көркем туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралуы тиіс.

V-VII сыныптардағы білім мазмұнында басты орын – қазақтың ауыз әдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді.

VIII - IX сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сұрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.

Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:

– көне дәуір әдебиеті үлгілері;

– XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

– XIX-XX ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті;

– шетел әдебиеті үлгілері;

– қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері.



3. Бастауышта білім берудің жүйесіне қарағанда курстың құрылымы, мазмұны, мақсаты өзгереді. Міндеті күрделеніп, оқушының білім көлемі кеңейіп, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады. Көркем шығарманы оқуға деген ынта-ықыласы артады. Ауызекі сөйлеу, жазу тілі дамиды. Әдеби шығармадағы негізгі тақырып, ой қазығы, кейіпкерлердің сөйлеу тілі, жан дүниесі, әр бейненің мінезін танитын болады. Әдеби шығарманың сюжеті, құрылысы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, халықтық педагогика, халықтық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының көрінісі, шығармадағы адамгершілік тәрбие, табиғат, сөз қолданыстар зерделеніп, әдеби пікір алмасуға жол ашылады. Әрбір оқушы шығармашылықпен ойлауға, өз ойын қорғауға, шығарманы талдауға, шығармашылық өзіндік ізденіске жаңа, тың жол салынады.

IX сынып базалық білімді аяқтап, орталау мектепті бітіріп, V-VIII сыныптарда алған білімдерін қорытындылайды.

X-XI сыныптарда тарихи әдеби курс өтіледі. Тарихи-әдеби курстан оқушылар қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық үлгілерімен танысады. Елеулі орын ақын-жазушылардың шығармашылығына беріледі. Жазушының бір немесе шығармасына, кейде толық шығармашылығын оқып үйренуге негізделеді. Жазушының туындыларындағы идеялық, көркемдік ерекшеліктерді таныту:

– шығарманың жанры мен стилін, идеясын, тақырыптарын;

– характер сомдауын, сюжет таңдауын, композиция құруын;

– тіл көркемдігін анықтау белгілі дәуірдің әдеби процесіндегі оның алатын орнын танытуға жол ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет