Хош иісті бұршақ (Pisum)– шырмалғыш бұршақты өсімдік. Үрмебұршақ гүлдері қызыл – сары-қызғылт, сирек ақшыл, асбұршақтың әртүрлі сорттарында – ақ түстен қара қошқыл түске дейін, көкшіл түстілері, көк және қызғылт, сары түстілері де кездеседі. Қаша бойына, террасаға салынады, шпагат жібіне жақсы шырмалып өседі. Үрмебұршақ жылу сүйгіш, бұршаққа қарағанда, сондықтан оны күнгей жаққа борпылдақ құнарлы топыраққа отырғызу қажет.Жаздықтардың көбеюі. Тұқымдарын наурыз айында қорапқа (жәшікке) құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Гүлдеуі ерте болуы үшін хош иісті асбұршақты ақпан айында 3-4 бұршақтан құмыраға отырғызады. 10-12 күннен кейін өскінді көшіреді. Әсемдік үрмебұршақты және петунияны топыраққа 15 шілде айында отырғызады. Календула өсімдігінің тұқымын топыраққа күзде немесе сәуір – мамыр айларында отырғызады.