2.2. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі және аймақты бейбіт саясат орнауға қосқан үлесі.
2003 жылы Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның лиссабондық министрлер кеңесінде ЕҚЫҰ-ның дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық түсінісу тақырыбы бойынша форумын шақыру идеясын ұсынған болатын. Еуропалық карикатуралық дағдарыс өрши түскенде, Қазақстанның толеранттылық, оның ішінде этносаралық, дінаралық өзара түсіністік пен келісім жөніндегі ұсынысы айрықша маңызға ие болып, осындай кездесуді өткізу мәселесі көтерілді. Ал нәтижесінде кездесу, өздеріңіз көргендей, жоғары деңгейде өтті. Бқл кездесуге шет мемлекеттер делегацияларының басшылары –елшілер, сол елдердің департамент жетекшілері келіп, оның жұмысына белсене қатысты. Президенттің кеңеске қатысып, сөз сөйлеуі бірқатар өте маңызды қонақтар- ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының арнаулы өкілі Пьер Шевалье мен ЕҚЫҰ - ның бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо келгені үшін ғана емес, ең бастысы Президент бұл жерде Қазақстандағы осы мәселеге қатысты негізделген тәжірибе туралы жан-жақты айтып берді. Әрине, ол тәжірибе барлығын жан-жақты қамтиды деген сөз емес. Неге? Өйткені, мұндай жағдайда әр елдің өздеріне қатысты біршама мәселелер алдынан шығады. Шындығында, әр елдің бұл мәселелерді шешуде өз әдіс-тәсілі пайда болады. Ал біздің әдіс- тәсіліміз негізгі тұрғыда барлық мемлекеттер үшін қызығушылық туғызды.
Ең алдымен мәселе- толераттылықта, яғни өзге пікірге төзімділікке байланысты. Ал төзімділік біздің қоғамызда табиғи түрде дамып отыр. Неге дейсіз ғой? Өйткені, бұл ондаған жылдар бойғы әртүрлі мәдениет, әр түрлі дін өкілдернің, тату көршіліктің және халықтардың бірге өмір сүруінің нақты жемісі, нәтижесі. Екіншіден, біздің мемлекетіміздің саналы әрі бір мақсатқа бағытталған саясатын- Қазақстан халықтары Ассемблеясындағы бастаманы үнемі қолдайтынымыз сияқты, дінаралық диалог форумын да сөзсіз қолдаймыз [29].
Үшіншіден, осынау шын мәніндегі қоғамдық қызмет, үкіметтік емес құрылымдардың қызметі екендігі баршаға мәлім. Бұл да маңызды мәселе. Бірақ, тағы бір маңызды мәселе бар. Қазақстанда тұратын халықтардың негіздік, этностық, моральдық қағидаттары бар. Бұл ең алдымен, мемлекетті құрушы халық саналатын қазақ халқына қатысты. Ендеше, мұндай қағидаттарды аттап кетуге болмайыд, Олардың бір-бірімен қарым-қатынасында этностық, діни және мәдени құндылықтары айрықша маңызды. Осыған байланысты, менің ойымша, бейімделу қажеттігі туып отыр. Тіпті, Батыс Еуропа елдерінде де жаңа проблемалар туындады. Оларда жаңа « азшылық» деген ұғым пайда болды.
Әдетте бұлар еңбек иммиграциясы немесе эмиграция арқылы этностық немесе діни топтардың пайда болуы. Еуропаның солтүстігінде, Скандинавия елдерінде мұсылмандар осылайша пайда болды. Айталық, Данияда Исламды ұстанушылар христиан- протестанттардан кейін екінші орында.
Мұндай жағдайдан шығудың екі әдісі бар. Біріншіден, ол – мультикультурализм, яғни, жұрттың бәріне өзінің мәдени ортасында дамуға мүмкіндік беру. Мұндай жолдың қауіптілігі- олар халықтың белгілі топтарын бір-бірінен бөліп тастайды. Осының салдарынан екі дүние қатары өмір сүреді де, олардың бір-бірінен алшақтануын интолерантталықты, яғни, төзімсіздікті, тіпті бір-біріне қарсылықты да тудыруы мүмкін. Екіншіден, ол- аккультурация, яғни, өзінің діни, этностық, басқа да құндылықтарыңды сақтай отырып, өзің өмір сүріп жатқан ортадағы құндылыққа бейімделуге міндеттісің. Бұл жолдың қауіптілігі- ол басқаның, басқа нәсілдік ерекшелікті баспы шанщшуға, кемсітуге соқтыруы мүмкін. Адам құқына да белгілі дәрежеде қайшы келіп жатады.
Мұндай жағдайда бір дауа ұсыну қиын. Бұл жерде өз қоғамының ішінде тіл табысуға қол жетіп отырған жағдайда, ең алдымен, азаматтық қоғамның дамуына қатысты болар. Осындай проблеманы шешуде көптеген дағдарысты жағдайдың пайда болуы олардың аса күрделілігіне байланысты. Аз –кем қисық қоғамнан жаңа проблемалар туындайды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-да көптеген мысалдар бар. Ол 55 елді біріктіреді. Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны қамтитын аймақта әртүрлі халық тұрады. Шешілмеген түйіндер көп, оның ішінде этностық, діни қақтығыстар да жетерлік. Балқан мен Оңтүстік Кавказды алып қарасақ та айқын көзіміз жетеді [30].
Қазақстандағы нақты жағдайда қарасақ, мұнда толыққанды түсіністік бар. Әрине, проблемаларды біржола шешіп тастау мүмкін емес, сонымен бірге қалайда төңкеріске соқтыратын жағдайлардың болуын жоққа шығаруға болмайды. Әдетте қоғамдық үдерісте дамудың өз заңдылығы бар. Шиеленісті тудыратын жағдайлар бар. Оны уақытында ескеріп, нақты шаралар қолданар болса, дағдарыстардан құтылуға болады. Бұл жерде мемлекет қана емес, оған қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары да белсенді ат салысуы керек.
Түрлі пролемалар туындайтын жағдайды болдырмауға барлық кезде де, барлық жерде де мүмкіндік бар. Оны барынша пайдалану қажет-ақ.
Қара дегеніңіз ол консенус болып табылады. Егер ЕҚЫҰ шеңберінде қарар қабылдау керек болса, оған тіпті бір-екі ай аздық етеді. Бұл-ереже. Өйткені, ЕҚЫҰ –халықаралық ұйым. Бұл жерде кеңес жұмысын ЕҚЫҰ –ның басты хатшысы қорытып, Алматы кеңесіне өз бағасын береді.
Халықаралық аренада біздің Австриямен саяси салада да, сауда- экономикалық, ынтымақтастық саласында да мүдделеріміз бар. Бұған мысал іздеп алысқа барудың керегі де жоқ, күні кеше ғана қазақстандық банктердің бірімен синдикатталған займ тарту жөнінде мәмілеге қол қойылғаны хабарланды. Бұл мәмілені Австрияның ең белсенді “Reiffeisen” банкі жүзеге асырды. Айтпақшы, аталған банкте Қазақстанның азаматтары жұмыс істейді. Бүгін біз Қазақстанның шынымен де, халықаралық, соның ішінде экономикалық, саяси қоғамдастықтың мүшесіне айналып отырғанын көріп отырмыз. Сондай-ақ шетел азаматтары да біздің елімізде жұмыс істеуде. Мұның өзі біздің жаһандық рыноктың бір бөлігі болып отырғанымызды аңғартады.
Қазір Президенттік «Болашақ» бағдарламасына орай біздің мамагдарымыздың барлық жерге қажеттілігі аңғарылуды. Және олардың экономикалық білімі бүгінгі жоғары талапқа сай келеді.
Қазақстанның төрағалыққа неге ұмытылып отырғаны жөнінде Нұрсұлтан Әбішұлы кеңестегі сөзінде атап айтты. Осы бағыттағы ЕҚЫҰ-ның жұмысының мәні мен үшін өте жоғары. Өйткені, Президентіміз өткен жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төрағалық ету кандидатурасы жөнінде мәлімдеді. Бұл мәселе жылдың аяғына дейін шешілуі тиіс. Шындығында да, біздің мәлімдемемізге көзқарасы түзу мемлекеттер баршылық. Олардың есептеуінше, бұл мәлімдеме, бір жағынан, ЕҚЫҰ үшін және Қазақстанның өзін-өзі таныту үшін және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Екіншіден, ЕҚЫҰ-да төрағалық қызметін лайықты атқару үшін Қазақстанның өзі шын мәнінде осы ұйымның құндылығы мен стандарттарына тұтастай сай болып, бейімделу қажет. Мұнымен қоса, осы уақытта біздің Президентіміздің өзі қазақстанның демократиялық, экономикалық дамуынынң қарқынды жағдайында тұрғандығын сан рет айтқан болатын. Және мұның өзі қазіргі эволюциялық үдеріс заманында ұзаққа созылмақ. Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ –ға төрағалыққа деген ниетін ашық мәлімдеген жалғаз мемлекет болып табылмақ [31]. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды. Қарусыздану жөніндегі конференцияға толыққанды мүше болып кіру біздің ниетіміздің дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан лайықты бағалануын тағы бір дәлелдейді. Қазіргі күні Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды пайдалануға, өндіруге, таратуға, сақтауға, беруге, сондай-ақ даярлауға тыйым салатын немесе шектейтін халықаралық шарттар мен конвенциялардың барлығына дерлік қатысушы ел болып отыр. Сонымен бірге біз Химиялық қаруға тйыым салу ұйымының мүшесіміз. Таяу уақытта Қазақстан бактериологиялық және уландырғыш қаруды жасап, даярлауға, өндіруге және жинақтауға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияның мүшелігіне өтпек. Таратпау режимдеріне келсек, Қазақстан Республикасы-Ядролық жеткізушілердің толитарлық тобының мүшесі. Бұл режим ядролық материалдар мен технология және қосарлы түрде пайдаланатын материалдың экспортын реттейді. Келешекте ракеталық технологияны бақылау және МАГАТЭ- -нің қауіпсіздік кепілдері туралы келісімінде қосымша құрамдастарын террористер қолына тигізбеуге бағытталған өзара іс- қимылын күшейтуді көздейді. Осы тұрғыда ядролық материалдарды сақтауға, пайдалануға және оның айналымына сенімді бақылауды қамтамасыз ету, ядролық объектілерді қорғау, ықтимал террористік шабуылдар салдарының қаупін азайту жөнінде тиімді құралдар әзірлеу, ядролық материалдарды тасымалдауға байланысты қылмыстардың кез-келген түрінің жолын кесу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық базасы мен ішкі мемлекеттік жүйені жетілдіру. Келешекте ядролық ракетаны бақылау және ТАТЭ-нің Қауіпсіздік кепілдері туралы келісіміне Қосымша хаттама бекіту жоспары бар. Жаппай қырып-жоятын қаруға байланысты меңдемей отырған қатерлер жер жерде жаңа бастамалардың дүниеге келуіне түрткі болуда. Біздің мемлекет 2005 жылы Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Халықаралық кодексіне қосылды. Бұл кодексте баллистикалық зымырандар жүйесінің таралуын болдырмау құрықтау қажеттігі айтылған. Өкінішке, қарай, қазіргі уақытта зымыран саласында әмбебап шарт, сонымен қатар, зымыранды қаруды жасау мен өндіруге тйым салатын бірегей құжат та қабылданбаған. Сондықтан да, аталған Кодекстің міндеті мен мақсаты- барлық елдер қабылдай аларлықтай жалпы мүлікті жасау.
Қазақстан биыл 15 шілдеде Ресей мен АҚШ ядролық терроризмге күрес жөнінде Санк-Петербургте ұсынған бастаманы қабылдады. Өйткені, біздің еліміз терроризмді оның барлық түрі мен көріністіренде айыптай отырып, ядролық қаруды қолданумен жасалатын террористік актілер- әлемдік қоғамдастықты бетпе-бет келуі мүмкін ең күрделі және қауіпті сынақтардың бірі деп санайды. Осындай әрекеттерді жасау қаупі арта кеткені жасырын болмай қалды.
Ресей мен АҚШ-тың бастамасы таратпау режимін нығайтудың маңызды элементі және әлемдік қоғамдыстықтың ядролық қару әзірлеу, ядролық материалдарды тасымалдауға байланысты қылмыстардың кез келген түрінің жолын кесу жөнінідегі халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық базасы мен ішкі мемлекеттік жүйені жетілдіру ерекше мәнге ие болған. Қазақстан сондай-ақ Үлкен сегіздік елдерінің « Қарудың және жаппай қырып-жоятын материалдардың тарлуына қарсы жаһандық әріптестік» бастамасына қосылу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Бұл орайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2004 жылдың сәуірінде қабылданған 1540-шы карарға тоқтала кетудің жөні бар. Халықаралық өмірдің елеулі оқығасы дерлік осы құжатта барлық мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қарудың таралуына қарсы бағытталған шаралар туралы тиянақты баяндама ұсынуға міндетті. Соның арқасында БҰҰ Хатшылығы әлемнің қандайда бір аймағында болсын ЖҚҚ таралу қаупінің ықтимал қатерін аңғарып отыру мүмкіндігіне ие болады [32].
Сонау тоқсаныншы жылдардың басында –ақ біздің еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бастартуы, ең алдымен, Азия құрлығындағы қауіпсіздік жүйесінің нығаюына тікелей әсер еткені даусыз. Тарихи, саяси себептерге байланысты қазіргі кезеңде тап осы Азия континентінде жанжал ошақтарының сөнбей тұрғаны баршаға аян. Жер беті халқының басым бөлігі тұратын құрлықта қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуден асқан келелі міндет жоқ жейміз. Бұдан 20-30 жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі кезде ядролық қаруға ие болудың техникалық мүмкіндігі бойынша жеңілдеді Оны жасауға қажетті компоненттерге қол жеткізудің де тыйым салу. Сонымен бірге ядролық қуатты бейбіт мақсаттарда пайдалануға тыйым салынбайды. Мәлімет ретінде мұндай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, тынық мұхит аймақтарында, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияда құрылғанын және бұл өңірде 100-ден аса мемлекет барын айта кеткен орынды.
Қазақстанның саяси қауіпсіздігі: ықтимал және шынтуайт қатерлер
Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда "саяси қатер" дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек "кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің" ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. Ол неғұрлым кең мағынада қоғамның экономикалық және саяси құрылымындағы құйқылжыма ара-қатынастың бұзылу мүмкіңдігін де білдіреді [33].
Бүгінде Қазақстаңда өтпелі кезеңнің саяси жүйесіндегі өзгерістердің экономикадағы өзгерістермен үйлесімсіздігінен жүйелі дағдарыс өршіп отыр деп сеніммен айтуға болады. Мәселенің күрделілігі сонда, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соңғы қаржы дағдарысы мен Индонезиядағы Сухартоның авторитарлық режимінің күйреуі Батыстың экономикалық стандарттарын Азияның саяси құндылықтарымен соқыр үйлестіруге тырысудың қан-шалықты дәрменсіз екендігін жарқырата көрсетті, мұның себебі Батысқа тән нарықтық экономика мен дарашыл мәдениет дәстүрлерінің Шығыстың топшыл және шенге бас ұратын дәстүрімен кереғар келуінде. Теориялық тұрғыдан, бір-біріне диаметральды қарама-қайшы құндылықтарды бұлайша үйлестіру ұзақ уақыт бойы әртүрлі саяси мәдениеттердің тоқайласуы жүрген елдер мен қоғамдарда ғана өмір сүріп кету мүмкіндігі бар.
Дегенмен, Батыс пен Шығыс өркениетінің қарама-қайшылығын түп-түгел орағытып өтудің қисыны жоқ, бұл жөнінде кезінде американдық ғалым Ф.Фукуяма бірнеше рет ескерткен болатын. Ол 1989-1991 жылдар оқиғаларынын саяси "дүмпулерінің" әсерімен мынадай тұжырымға келген: "Азиядағы саяси даму демократиям барар жолдан тайып, өзінің экономикалық жағынан қауырт өсіп-өркендеуіне қарамастан, өзінің бірегей жолымен кетуі мүмкін. Азиядағылар либеральдық демократияны қашанда Солтүстік Америкаға немесе Еуропаға қарағанда басқаша түсінеді. Дәстүрлі топтық иерархия Таиландтан Жапонияға дейінгі бүкіл конфуциялық қоғамдардың барша әлеуметтік құрылымдарын шарбыдай шырмап жатыр. Бұл өреде Жапонияның демократиялық әмбебаптық пен теңдік жолын ұстанатындығы жөніндегі формальды айқындамасы да есеп емес. Мұндай иерархиялар Сингапур тәрізді елдерде ап-айқын патерналистік автори-тарлық құрылыстың іргетасына айналады. Фундаментальдық ислам немесе коммунистік ұстанымдардан бір өзгешелігі, "жұмсақ" авторитарлық режимнің осынау азиялық түрі дамыған капитализммен, демек, технологиялық жаңғырудың ең жоғары деңгейімен толығынан үйлесе кетеді. Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі Ли Куан Ю мұндай саяси жүйе Батыс демократиясының ми ашытатын дарашылдығынан гөрі конфуциялық мәдениетпен әлдекайда үйлес келеді дей алар еді. Ол ештеңе емес, бүгінде азиялықтардың басым көпшілігі авторитарлық режимнің мұндай түрі Батыстың либеральдық демократиясының дарашылдығынан артық, себебі ол дамыған, технологиялық, постиндустриялық қоғамға қол жеткізуге қажет білімдар, түрткі себебі бар және тәртіпті халық қалыптастырады деуге бейім".
Сөйтіп, әртүрлі саяси құндылықтардың идеологиялық тұрғыдан бір-біріне қарама-қайшы келуі Кіндік Азиядағы посткеңестік елдердің ғаламдық демократияландыру процесінде жаңғыру және ынтымақтасу ісіндегі басты тежеуші факторге айналып отыр. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, демократия тұрлаулылығы оған көшудің дәйектілігіне байланысты болса, демократияландырудың маңызды шарты әлеуметтік-саяси орныктылық екен. Олай болса, саяси жүйені өзгерту ісінде көне демократиялық дәстүрлері және «азиялық қатыгез мәдениеттің» күшті ықпалына ұшыраған қоғам тоталитаризм мен демократия аралығында жатқан авторитаризм арқылы өтуге мәжбүр болмақ. Көптеген саясаттанушылардың ойынша, демократияға көшу кезінде оған авторитаризмнің ұштасуы ортақ мақсатқа қол жеткізуде қоғамдық ресурстарды шоғырландыруга септесе отырып, мемлекеттің саяси орнықтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермек. Дейтұрғанмен, қалай десе де, авторитаризм өтпелі кезеңде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің тиімді құралы бола алмайды һәм, түптеп келгенде, оның болашағы жоқ: "әлбетте, авторитарлық-плюралистік режим өзінің тұрпаты жағынан да, мақсаты жағынан да демократияға жатпайды. Қайта, осынау бүгінгі заманның бюрократтық мемлекеті күштеп мәжбүр етудің барша құралына ие, оның авторитарлығы қалыпты болады деуге сенім аз. Оңтүстік Корея мен Тайвань тәжірибесі бюрократтық авторитарлық режим кез келген өзге диктаторлық режимнен саяси қатыгездік жағынан кем түспейтіндігін, сонымен қатар ол әлеуметтік және экономикалық әралуандыққа жол ашып немесе тіпті оған қолдау көрсете алатындығын байқатты. Алайда мұндай текті плюрализмді қолдай отырып (басқаша айтқанда, капитализмнің дамуын көтермелей отырып), ав-торитарлық-плюралистік режим (саналы немесе еркінен тыс) орта топтың пайда болуына септеседі. Жаңғыру саясаты табысты жүрген жағдайда, капитализмнің жөргегінде өсіп-өнген бұл топ толысып, кемеліне келе бермек. Ақыр соңында, ол авторитарлық режимге қарсы саяси күресін бас-тайды".
Авторитарлық режим саяси салада азаматтық бастамаларға тосқауыл қоя отырып, экономикалық кеңістікте еркіндік беретіндіктен, тұрақтылықты белгілі бір уақыт мөлшерінде ғана қамтамасыз етуге қабілетті. Осының салдарынан қоғам мен мемлекет әртүрлі әлеуметтік-саяси өреде дамымақ. Фукуяма айтпақшы, капитализм демократияны талап етпей-ақ, ав-торитарлық басқарудың көптеген түрлеріне үйлесе кете алатын болса да, нарықтық экономика орнықты демократияның тууына әкеп соғатын қауырт әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бастайтын жол болғандықтан, әрқандай жеке билік жүргізу режимдері үшін елеулі қатер болып табылады. Алайда бұдан капиталистік (нарықтық) экономика қашанда демократияға алып келеді дейтін ұғым тумаса керек. Белгілі ғалым Ральф Дарендорф Германияда екінші рейх дәуіріндегі (1870-1918) индустрияландыру процесін талдай келіп тұжырымдағандай "индустрияландыру саяси жағынан тұтас және белсенді орта топты туғыза алмады, оның орнына билеуші төбе топтардың буржуазияның неғұрлым талантты да жігерлі өкілдерін жұтып қоюына мүмкіндік берді". Демек, "егер капиталистік индустрияландыру саяси тұрғыдан бөлек буржуазия тарапынан емес, мемлекет тарапынан басталып, бағытталып отырса, авторитарлық режим демократияны жақтай алатын топтар ды өзіне қосып, либеральдық демократияны алмастыра алады [34]. Еуропа елдерінің осынау тәжірибесіне талдау жасау көптеген саясаттанушылардың саяси демократия мен белгілі бір экономикалық жүйенің толықтай үйлесіп кете алатындығы туралы марксизмнің белгілі классикалық формуласын қабылдамай тастауларына негіз болды.
Кіндік Азияның посткоммунистік елдерінің саяси дамудың авторитарлық моделін таңдау қаупі сондай-ақ бұқара санасының құндылық әлеуетінің күрт өзгеруіне де байланысты күшейіп отыр; посткоммунистік қоғамдар шынтуайтында қарама-қарсы бірнеше бөлікке жарылды; сөйтіп, демократиялық реформалардың одан әрі ілгерілеуі ендігі жерде құрбандық шалуды емес, ымыраға келуді тілейді. Кіндік Азияның жаңа мемлекеттері мемлекеттік биліктің демократиялық жолымен дамуына қол жеткізіп, сол арқылы жүйедегі дағдарысты орағытып ете ала ма? Әрине, бірақ қалыптасқан жағдайдың ғаламаты сонда, аймақтағы әр республиканың одан әрі саяси дамуының векторы, бұл жерде Қазақстанды айтып отырмыз, едәуір дәрежеде халықтың өзіне (қарапайым сайлаушыларға) ғана байланысты емес, сондай-ақ қолдарына шаруашылық-экономикалық және саяси биліктің бүкіл тұтқасын жинап алған төбе топтың саяси ерік-жігеріне де қатысты: "Қазақстандағы билік тәжірибесі, қоғамды реформалаудың бүкіл процесі тәрізді, әзірге билік иелерінің өздерінің құзыреті жөніндегі ұғымына байланысты болып қалып отыр және ол тек қана "жоғарыдан" тасталуда". Мұның өзі билік орындарының кінәсі немесе әлдекімнің түсінбеушілігі емес, бәріміздің қасіретіміз. Тарихи тұрғыдан келгенде, бізде бұрын билік иелері мен қоғам арасында байланыс болған жоқ десе де сыяды һәм бұл жағдай режимнің елеулі дербестігін белгілеп отырды. Осынау тығырықтан сытылып шығу үшін реформа басында тұрғандардың өздері, олардың ойлау жүйесі өзгеріске ұшырауы керек. Олар әкімшілік механизмін, үкімет құрылымын қоғамға тікелей және тура ықпал етуге қолданудың орнына, керісінше, қоғамның өзін басқару механизмін, саяси жүйені жаңғыртуға және трансформациялауға пайдалану қажет екендігін көбінесе ескере бермейді"4.
Бүгінде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың табысты жүруі қоғамның осы өзгерістерді қолдайтын бөлігі мен оған қарсылық жасап отырған бөлігінің арақатынасымен белгіленеді. Ресей ғалымдарының пікірінше, ымыраға келмейтін мүдделерді тоқайластырудың объективті алғышарттары өндірістің капиталистік әдіс-тәсілі терең тарихи дәстүрге ие қоғамдарда ғана орын алады екен. Басқаша айтқанда, демократиялық консенсус мәдениеті саяси салада баяғыдан демократиялық ережелер мен әртүрлі мүдделердің бәсекелесу процедурасы тамырын тереңге жіберген кешеу капиталистік қоғамдарға ғана тән.[35]
Қалыптасқан жаңа жағдайлар кезінде демократияға өтудің өзіндік зор қауіп-қатері бар, себебі, қалпына келтіру ісі рухани-имандылық бағдарды жаппай жоғалтып алып отырған кезеңге тұспа-тұс келді. Халықтың көпшілігі қарақан басын күйттеген, неше түрлі жарқыл-жұрқылымен көзге түсе білетін, тіпті экстремистік сарындағы ұраншыл бұйдагер - лидерлерге ықыласты. Ресей саясаттанушыларының егеске толы саяси мәдениет төзбеу салтын туғыза отырып, өтпелі кезеңдегі қоғамның тамыр-тамырын жайлап алатын-дығы туралы пікірін осы тұрғыдан түсіндіруге болады. Егер кешеу капиталистік қоғамдарда қайшылық негізінен терең бағытта туса, жөргекте жатқан капитализмнің басты ерекшелігі - орнықсыздық немесе көлбеу бағыттағы әртүрлі мүдделердің бытыраңқылығынан қоғамдық ахуалдың тайғанақ болуы. Сондықтан қазірде бүкіл күш-жігер әртүрлі және ымырасыз қоғамдық мүдделерді келісімге келтірудің шынайы және объективті алғышарттарын жасауға тереңдей жұмылдырылуы керек. Орнықты демократияға орнықты түрде көшу жаңғыру процесі ымыраға келу және сындарлы пікір алысу жолымен қоғамның объективті түрде бөлшектенуін жеңе отырып, қоғамдық мүдделердің саналуандығы арнасымен дамыса ғана мүмкін болмақ [36].
Қоғамды да, мемлекетті де нақты қарама-қайшылықтар ескерілсе ғана тиімді басқаруға болады және тек солар анықталғаннан кейін ғана оларды шешу тұтқалары жасалмақ. Неміс социологы Ральф Даррендорф жазғандай, уақытша тұншықтырылған кикілжіңді қоғам ағзасындағы қатерлі қауіпті ісікпен салыстырса лайық, осы қисынға бақсақ, алдын алмаған сырқаттың салдары жойқын, соған орай ол бейдауа дертке айналады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен VIProblem зерттеу тобы қызметкерлері жүргізген сараптық сұрау салу мәліметтері бойынша, посткеңестік кеңістіктегі елдерде елеулі қауіпсіздік проблемаларының орын алуы негізінен ішкі факторларға байланысты екен5. Бұл орайда Қазақстан үшін өмір сүру деңгейінің төмендеуінен туындайтын әлеуметтік сілкініс ықтималдығы бәрінен де басым күйде қалып отыр. Сарапшылардың пікірінше, қауіптің бұл түрі республика үшін әсіресе қатерлі, себебі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 1994-1997 жылдарға жүргізілген статистикалық мәліметтерін талдау адамдардың ғұмыр жасы 65,1-ден 64,4-ке күрт төмендегенін көрсеткен.
Республикада бала туу азайып, өлім-жітім көбейіп келеді, соның салдары - халықтың табиғи өсімінің абсолютті шамасы құлдырап кетті: 1989 жылғы 256,1 мың адамнан 1994 жылғы 145,8 мың адамға кеміді, немесе 43 процентке орта түсті. Мұндағы гәп бала туу көрсеткішінің сан жағынан азаюында ғана емес, оның деңгейінің халықтың кәдімгі ұдайы өсуін сақтап қалуға жетпейтіндігінде болып отыр. 1998 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы халқының саны 15641,9 мың адамды құрады. Сол жылдың каңтар-маусым аралығында туған бала саны қайтыс болғандардан 30,7 мың адамға көп болды. Халықтың жалпы өсімі 4 облыста байқалды, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында -6,8 мың адамға, Қызылорда облысында - 3,0 мың адамға, Маңғыстау облысында - 1,8 мың адамға, Атырау облысында -1,1 мың адамға, соңдай-ақ Астанада - 2,3 мың адамға және Алматы қаласында -1,4 мың адамға өсім болған6. Аталған теріс құбылыстар жеткілікті дәрежеде жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейінің күрт құлдырауынан туындаған. Қазақстандағы адам әлеуетінің даму индексіне жасалған сараптамалық талдау бала туу саны индексінің
төмендегендігін көрсетті: 1991 жылдан 1996 жылға дейін ол 16 процент түскен (0,787-ден 0,660- ға дейін).
Экономикалық ахуалдың нашарлауы халықтың билік институттарына деген сенімінің і томендеуінің басты себебі болып отыр. Гиллер институты мен Қолданбалы социологиялық зерттеулер бюросы ИНДЕМ қорының тапсырысы бойынша жүргізген социологиялық сұрау салу мәліметтеріне сәйкес, сұралғандардың көпшілігі мемлекеттік билік органдарына сенімсіздік білдірген7. Үкіметке мүлдем сенбейтіндер - 26,8%, Президента сенбейтіндер - 16,9%, облыс әкімияттарына сенбейтіндер -30%, Парламентке сенбейтіндер -24,7%, қаладағы, поселкедегі, ауылдағы жергілікті билік органдарына сенбейтіндер - 33,9%, құқық қорғау органдарына сенбейтіндер - 37%, саяси партияларға сенбейтіндер - 31,9%. Қандай партияға жататындығына және саяси ұстанымдарына қарамастан азаматтардың басым көпшілігінің режимнің елді дағдарыстан алып шыға алатындығына деген сенімсіздігі саяси орнықсыздықтың өзіндік факторына айналып отыр. Саяси қатерді бағалаудың кеңінен қабылданған әдістемесіне сәйкес, саяси қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары шекті мәні мынадай аражік мәндер болып табылады: Біріншіден, егер саяси жүйені түбегейлі өзгертуді жақтайтын азаматтардың үлес салмағы сайлаушылардын жалпы санының 40%-інен аспаса;
Екіншіден, халықтың орталық билік органдарына сенімсіздік деңгейі 20-25%-тен аспаса.
Сөйтіп, бұқара санасының бағдардан айрылуы әлеуметтік-экономикалық құрылымның ынтымақгасушылық мәнін жоғалтуынан туындауы мүмкін, ал түптеп келгенде, бұл соңғы жағдай ойлау жүйесінің белгі беруінің орнықсыз нысанының басты себебі болып табылады. Жеке меншік, соған орай өтпелі кезеңнің бастапқы кезіндегі халықпен экономикалық тұрғыдан ойнаудың жаңа ережелері абстрактілі - бұлыңғыр деңгейде қабылданады да, осыдан келіп адамдардың пікірі мен нақты мінез- құлқы, іс-әрекеті арасындағы алшақтық ұлғая түседі. Қоғамдық санадағы патерналистік күтуден одан әрі ілгерілеу баяу жүреді һәм халықтың көпшілігі өздерінің жеке әл-ауқатын мемлекеттік билік органдарының қызметімен байланыстырады. Адамның өзінің осы арман-аңсарынан көңілі қалуының әлеуметтік ахуалдың кенет шиеленісіне алып келуінің өзі табиғи нәрсе. Ал бұл өз кезегінде адамдардың бойында әрқилы саяси қарсылық түрлеріне тартылу сезімін тұтандырады. Осы орайда мұның жаппай сипат алуы және билік институттарына сезімдік тұрғыдан әсер ету дәрежесі бірқатар уақыт едәуір өрлеу үстінде өтеді. Қоғамдық санадағы пессимистік көңіл-күй күйректік, қорқыныш сезімімен де астасуы мүмкін, сол себепті мемлекеттің көпірме бос сөзі мен экономикалық процеске көпе-көрінеу орындалмайтын белсенді араласу әрекеті қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақсыздандырып жіберуі әбден мүмкін. Себебі, "экономикалық ғажайыпқа" деген үміттердің үзілуі билік органдарының өкілдік те, атқарушы да буындарына сенімнің құлдырауына алып келмек.
Қазақстанның саяси тұрақтылығы үшін ішкі факторлардың қауіпті екендігін сондай-ақ АҚШ президентінің 1977 жылдан 1981 жылға дейінгі кеңесшісі болған Збигнев Бзежинский де теріске шығармайды [37]. Алайда оның пікірінше, Қазақстан үшін бәрінен бұрын ұлтаралык қақтығыстардың қатері зор, себебі, республика көпұлтты мемлекет болып табылады. Мұндай қақтығыстардың бастау көзі этникалық астамшылық (эгоизм) бола алады. Ұлтшылдық деп аталатын бұл құбылыстың түрі мен сипаттамасы сан алуан,
бұл жерде ұлтшылдық көптеген зерттеушілер тарапынан демократиялық революцияның бір бөлігі ретінде қабылданатынын атап айту жөн. Мысалы, айталық, Жан-Жак Руссо барша ұлттық қозғалыстарды мазмұны жағынан демократиялық қозғалыстар деп санаған. Әйткенмен, посткоммунистік елдердегі ұлтшылдықтың қазіргі таңда көтерілуі "ілгерішіл" сипаттан мүлдем басқа сипатқа ие болып отыр [38].
Отарланған мемлекетте тұратын ұлттар тәуелсіздік ала сала ұзақ жылдар бойы кемшілікте болып келген ұлттық мақтанышын қандай да бір жолмен білдіруге ұмтылады. Осынау талпыныс этникалық астамшылық және этникалық белгі бойынша кемсіту түрінде жүз беретін сәт аз емес. Ұлтшылдықтың бейғақыли (иррациональды) табиғаты оны этникалық популизм, шовинизм және экстремизм жолына сырғытады да, содан келіп ұлтаралық шиеленіс өршиді.
Өтпелі қоғамдарда жалпы ұлттық келісімді сақтау мәселесі ұлтшылдықтың өзіне тән бейғақылилық сипаты салдарынан, әр тараптағы мүдделердің тоғысуының басы болып табылатын ымыраға көнбейтіндігінен тереңдей түседі. Сөйтіп, солақай ұлтшылдықтың демократиялық консенсус мәдениетіне басы әсте қосылмайды. Олай болса, тоталитарлық режимдердің ойран жұртында көп этникалық негізде дүниеге келген барша мемлекеттердің өзегінде бейнелеп айтсақ, күндердің күні бұрқ етіп атылатын жанартау жатыр [39].
Қазақстандағы ұлтаралық кикілжіңдер әртүрлі ұлт өкілдерінің әлеуметтік қажеттерді өтеу мақсатындағы бәсекесіне орай да шығып кетуі мүмкін. Мұны сондай-ақ жекелеген этникалық топтардың экономикалық тұрғыдан кем жағдайы мен басқалардың артықшылыққа ие жағдайы арандатып жіберуі де кәдік. Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпарат-талдау орталығы жүргізген социологиялық зерттеулер мәліметіне қарағанда, ұлттық қарым-қатынастардың сипаты едәуір дәрежеде әлеуметтік-экономикалык факторлармен белгіленеді [40].
Достарыңызбен бөлісу: |