ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.
Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жандүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.
Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алуға құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің артықшылығы оқушылардың араласуында. Қатынасу – білім беру басталатын нүкте. Мұғалімдер балалармен, оқушылар мұғаліммен және бір-бірімен қатынасуы тиіс.
Бүгінгі таңда ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны 144 783 баланы құрайды, оның ішінде 96 555 мектеп жасында және 48228 мектепке дейінгі жаста.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға қарай:
мектепке дейінгі ұйымдардың 30%; мектептердің 70% инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау;
психологиялық-педагогикалық түзеу және психологиялық-педагогикалық консультациялар кабинеттері желісін кеңейту.
Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады. 2016-2017 оқу жылында 10% (4910 б/б-дан 495 б/б) балабақша инклюзивті білім беруді енгізді, онда 6130 детейбала, 44,7% немесе 3289 мектеп инклюзивті білім беру үшін жағдай жасады ( 40 мыңнан астам бала).Педагогтар мен ата-аналарға ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-консультативтік көмек көрсету үшін 7 инклюзивтік білім беру жөніндегі ресурстық орталығы құрылды (Ақтөбе – 1, Ақмола -1, Қарағанды – 1, БҚО – 2, Қызылорда – 1, ҚАЗ ҰПУ- 1).
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық-медицииналық-педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық -коррециялау қолдауды көрсетуде.ИПБТ жүйесінде мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан мамандарды даярлау ісін 178 колледж жүргізуде. Аталмыш санат студенттерінің контингенті 3 мыңға жуық адам құрайды. «Дефектология» мамандығы шеңберінде кадрларды даярлау елдің 17 ЖОО-да жүргізіледі. Бұдан басқа педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 3 жыл ішінде 2771 педагог инклюзивті білім беру бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Педагог кадрларының біліктілігін арттырудың барлық курстарының тыңдаушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша міндетті лекциялар әзірленді және енгізілді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білімге қол жеткізуді электрондық білім беру жүйесі де қамтамасыз етеді. Үйде білім алатын балалар қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарды алады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін жеке қозғалыс құралдары, арнайы пернетақталар және манипуляторлар алынады; есту қабілеті бұзылған балалар үшін - есту аппараттары, дыбысты күшейтуші микрофоноы бар жүйе, тифлотехникалық құралдар алынады. Білім алуға жол ашуды қамту үшін ақпараттық қамтамасыз ету құралдары, соның ішінде принтерлер мен Брайлевтік дисплейлер, оқу машиналары мен үлкейтуші құрылғылар, электронды лупалар, сөйлеуші экранды үлкейтуші шағын құрылғылары және тағы басқалары аса маңызды. Республикалық бюджет есебінен компьютерлік техника және құрал-жабдықтармен 6 мыңға жуық үйінен оқытылатын мүгедек-бала қамтылған.
Қазіргі уақытта республикадағы арнайы білім беру ұйымдарының жартысына жуығы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық дамуын ынталандырушы мультимедиялық білім беру жүйесімен жабдықталған. Арнайы мектептердің 20 % -ында интерактивті тақталар орнатылған. Ғаламторға қосылған арнайы мектептер саны шамамен 95 %, білім беру арнайы мекемелерінің 41 % логопедтік жаттықтырғыштармен , 37% — есту-сөйлеу жаттықтырғыштарымен жабдықталған
Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.