3 І. Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі


Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі



бет5/10
Дата06.01.2022
өлшемі206,5 Kb.
#109649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-63239

1.2 Отбасында мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшелігі
 Қоғам    үшін    әр   кезеңде ,   әр   отбасында   өсіп    келе   жатқан   өрімдей   ұл  -  қыздардың   дені   сау,   рухани   бай,   еңбекке  ,   білімге  құштар   болып   өсуі  -   ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауы   отбасы.   Отбасының   аса   құнды   ықпалы   мен   әсерін   өмірдегі   ешнәрсенің    күшімен   салыстыруға   болмайды.   Балаға   ата -  ана   тәрбиесінің   орнын    ешнәрсе    алмастыра    алмайды.   .  отбасы  -   өмірге    сәби   әкеліп,   оны    тәрбиелеп,    қалыптастыруда   және   ұрпақ   жалғастыруда   теңдесі   жоқ   орын.  

Отбасының    балаға   тәрбие   берушілік   қызметтінің   мақсаты  -  балаланың   жасын,   жеке   ерекшелігін,   психологиялық   процестерін   ескере   отырып,   жарасымды   жетілген   ұрпақты   тәрбиелеу.     Көздеген    мақсатқа   жету   үшін   отбасындағы   тәрбие   төмендегі   міндеттерді  шешеді.

- Отбасында   баланың   өсуіне,   денсаулығына   қамқорлық   жасау,   тазалықты   қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке   баулу,   тұрмыстағы,   үй   шаруасындағы   еңбекке   құлшынысын    арттыру,  өзіне  -  өзі   қызмет   етуге   үйрету.

- Отбасы   мүшелерімен   тіл   табысып,   дұрыс  қарым  -  қатынас   жасауға,   үлкенге   құрмет,   кішіге   ізет   көрсетуге   үйрету .

- Әдебиетке,   мәдениетке,   өнерге   тәрбиелеу.   Бұл  міндеттер   жүзеге   асу  үшін   бала   дүниеге   келген   күннен   бастап   отбасында,   қоғамдық   орындарда,   мектепте  тәлім  -  тәрбие  беріледі.

« Баланы  жастан »,  « Ұяда  не   көрсең,   ұшқанда   соны  ілесің»   деген   даналық   сөздердің   мағынасы   өте   терең.   Себебі,   есейіп   кеткен   соң   баланың   теріс   мінезін,   қалыптасқан   қате   көзқарасын  өзгерту   өте   қиын.   Осы   кезде  « Балаңыздың   тәрбиесін   бастамас   бұрын,   өзіңіздің   мінез  -  құлқыңызды,  өмірге  көзқарасыңызды   ой   елегінен   өткізіп,   бақыладыңыз ба ? »   деген   сауал   туады.

Ұлы   педагог   А. С. Макаренко : «  Балалардың   алдында   беделді   болуды  қаламайтын   ата – ана   жоқ.   Бірақ  қалай,  қай   бағытта   өнеге   беріп,  өсіріп   келе   жатқанын   ойламастан,   бала   санасын   рухани   өктемдік   жасап  тәрбиелейтін  ата – ана   баршылық.   Бұл   беделді   болудың   қандай   жолы?   Мұндай   жолмен   келген   адал   баланың   санасы   жетілгенде   өздігінен   жойылады»  деген.

Отбасы  -   барлығының   басы,   жан -  жақты   даумуының  негізі  болатын   тәрбие   институты.   Отбасындағы   ата -  ана  мен   баланың   қарым  -  қатынас    нәтижесінде,   адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   Ал  әке  мен  шеше  -   баланың  алғашқы   тәрбиешілері.

Ата -  аналар   бала   бақытының   шынайы  бағбаны   болуы   тиіс .

Бала  бақыты  -  білімде.   « Білім   бір  құрал.  Білімі  көп   адам  құралы   сай  ұста   сықылды,   не   жасаса да   келістіріп   жасайды », -  дейді 

А.  Байтұрсынов.

Бүгінгі    таңда   болып   жатқан   өміріміздегі   өзгерістерге   байланыс-ты   ұстаздар   мен   ата -   аналардың   бала   тәрбиелеудегі   жауапкершілігі   арта   түсуде.   Балаларды   оқыту   мен  тәрбиелеуде   отбасының   басым   ролін   мойындай   отырып  бірлесе   жұмыс   жасау   керек.   Әрбір   ұстаз    ата -  аналармен   қарым  -  қатынас   жасауда   түрлі   тәсілдерді,  қазіргі   жаңа  технологияларды  пайдалана   отырып,   ата -  ананың   қызығу-шылығын   арттыру   мақсатында   жұмыс   жасаса,   ата -   ананың   балабақ-шаға,   тәрбиешіге   деген   көзқарасы   өзгерер   еді.

Ата -  аналармен   жұмысты   ұйымдастырудың  негізгі   мақсаты:

* Ата -  ананың   өмірге   деген  көзқарасын  өзгерту;

* Баланың  бүгінгі  жасаған   қадамы   ертеңгі   тұлға   қалыптасуына  үлкен   әсер  ететінін   атап  өту;

* Ата  – аналармен   жұмыс  жасаған   кезде   бірізділік   қағидасын  басшылыққа   алу;

Ал  міндеттері:

* Бала  өміріне  қолдау  жасау,  келешекте  өз  жемісін   береді.

* Қоғам  тарапынан  көрсетілген  қолдау,  ата -  ананың  өміріндегі  тұрақтылық  пен   болашаққа  деген  сенімін  нығайтады.

Еңбек тәрбиесінің мазмұндық негізін оқу еңбегі (ақыл –ес және тән денелік), өзіндік қызметь еңбегі (мектепте және үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезінде тәжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы және тағы басқалары құрайды).

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады. Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады.



Енбек арқылы адамның денесі, көзкарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және кұндылығы арта түседі

Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден — ақ ата-ана парызы, бүкіл халык, міндеті болды.



Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын енбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйел-меннің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.

Жас ұрпақты халкымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын да көздеді, Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің, қажет екенін жақсы түсінді. Еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды.

Еңбек, адамның еңбекке қатынасы тақырыптары аңыз әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер және ән-жырлардың арқауы болды. Халық педагогикасынан орын алған енбек және енбекке тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптермен ұштасып жатыр.

Еркін еңбек барысында өзінің және бүкіл қоғам мүшелері-
нің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және
рухани кұндылықты жасайды. Шығармашылық еңбек барысын-
да адам өз күшінін шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұр-
лым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, со-
ғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты толыса түседі.

Қоғамның ең басты талаптарының бірі—әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы катынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді және қоғамдық іс-әре-кетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының негізгісі — жалпы орта білім беретін политехникалық еңбек мектебі. Мектепте еңбекке тәрбиелеу — тәрбиенің жалпы жүйесінің кұрамды бөлігі.

Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі, болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек процесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.

Мектепте еңбекке тәрбиелеудің басты міндеттері: біріншіден, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау; екіншіден, оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру; үшіншіден, мамандықты таңдауға дайындау.

Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; екбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.

Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау — бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанын орындауға үйрету. Бұл өте курделі процесс мұнда окушылардың әдеті, сезімі қалыптасады. Мысалы, балалар адамдардың табысты еңбегіне масаттанады немесе адал еңбеккерлердің есебінен келген адамдарды жаны сүймейді, жең кереді, керек десе олармен күресуге де даяр турады. Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Осының негізінде әдет, моральдық нормаларын бекітеді. Субъективтік фактор — адамның еңбектің маңызына терең түсінуі және ішкі сезімнің өмірімен өзінің борышын орындауы.

Ецбек етуге әдеттену — бұл жай ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті адам тәрбиесінің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық еңбек етуге әзірлік, жұмысты ісгей білу, — деді /Н. К. Крупская, — демек өз кушіңді және басқалардың күшін және жұмыстың барлық жағдайын есептей білу.

Ең бастысы балаларды еңбекке даярлауды бірінші сыныптан, ал үйелменде балалық шақтан бастау, оларды еңбек түрлеріне қатыстыра отырыл, енбектің адамды қайратты және бақытты ететіндігіне сенімін қалыптастыру.



Сонымен, оқыту және тәрбие жұмысының барлық жүйесі оқушыларды енбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау міндеттерік шешуге бағытталуы қажет.

Оқушылардың ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптасырудың маңызы өте зор. Ұжымдық еңбекте балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашыла бастайды, ұжымдык өмірде тәртіп және мінез-кұлықтық әдеттері, дағдылары қалыптасады. Еңбекте достық жолдастық өзара көмек және жауапкершілік нығаяды. Әркімнің қылықтары ұжымдық өмір нормалары тұрғысынан бағаланады.

Осылардың барлығы ұжымдық сынып өмірінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында байқалады. Егер ұжымдық екбектің дағды-лары оқушьшың бойында қалыптасса, ол мектепті бітіргеннен кейін кандайда бір жағдайда болмасын ұжымдық қатынастар нормаларын және жолдастық өзара көмекті әр уақытта қолдайды.

Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен карау. Екбек мәдениетіне өзін көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жумыстың негізгі кезендерін белгілей білу, енбек про цесін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады. Балалардың ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді, электрониканы, т. б. қолдану барлық мамандардан жоғары техника-лық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.

Міне, осылай мақсатқа бағытталып жургізілетін оқушылардың ынтасынын, қабілетінің, шығармашылық ой-өрісінің дамуына мүмкіншілік жасайды, еңбектің тәрбиелік құндылығы артады.

Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне турлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы енбек; сыныптан тыс үйірме және жалпай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.

Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысыкда еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік кейін жаппай еңбек іс-әрекеттерінін түрлерін де байқайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет