2.8 Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақы ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат беру құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкалары мен кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады. Ай сайынғы төлемақы мөлшерi көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ағымдағы жылға белгiлейтiн навигация кезеңiне жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын бөлу жолымен анықталады. Ағымдағы ай iшiнде бюджетке енгiзуге жататын төлемақы сомасы келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың бiрiншi айы үшiн бюджетке төлемақы сомасы енгiзiлгенiн растайтын құжатты табыс етедi. Кеменiң бiр жолғы кiруi кезiнде шетелдiк жеке және заңды тұлғалар үшiн бюджетке төлемақы рұқсат құжатын алғанға дейiн айлық ставка мөлшерiнде енгiзiледi. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарында шетелдiк тұлғалар бiр айдан астам болған кезде бюджетке төлемақы осы бапта белгiленген тәртiппен енгiзiледi.Төлемақы сомалары бюджетке рұқсат беру құжатында көрсетiлген кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану орны бойынша енгiзiлуге тиiс. Төленген сомалар қайтарылуға тиiс емес.
2.9 Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеу тәртiбi
Сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендерде плакаттар, стендiлер, жарық түсiретiн табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiнде сыртқы (көрнекi) жарнамалар объектілерiн орналастыруға және басқа да тұрақты жарнамалар орналастыру объектiлерiне құқық үшiн алынады.
Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыру:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган беретiн құжат негiзiнде;
2) елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде - жергiлiктi атқарушы органдардың елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыру тәртiбi мен шарттары жөнiнде белгiлеген талаптарына сәйкес берiлетiн рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.
Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады.
Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жарнама объектiлерiне бөлiнген белдеуiндегi жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерде орналастыру төлемақы сомаларын бюджетке өндiрiп алу және енгізу үшiн негiз болып табылады.
Жол органдары және жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын, айдың 15-iнен кешiктiрмей салық органдарына мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беру құжатын алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi.
Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке және заңды тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақы ставкаларын жарнама объектiлерiнiң көлемiн негiзге ала отырып:
1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - Қазақстан Республикасының Yкiметi;
2) жергіліктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын және елдi мекендерде орналастырылатын жарнама объектiлерi бойынша - жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
Есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Алынатын төлемақы мөлшерi рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы ставкасы және жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып анықталады.
2. Бiр күнтiзбелiк ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлемақы сомалары келесi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
3. Төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жол органына немесе жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын бюджетке енгiзгендiгiн растайтын құжатты табыс етедi.
4. Төлемақы сомалары бюджетке сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiнiң орналасқан орны бойынша енгiзiлуге тиiс.
Төленген төлемақы сомалары қайтарылуға тиiс емес.
Қорытынды
Қорыта келгенде мiндеттi төлемдер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзгi қайнар көзi ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстүрдiң бiрi. Және бұл дәстүр нарық экономикасы жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салу адамзат цивилизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде қарауға болады.
Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.
Қазiргi кездегi жағдайларға салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.
Салықтар, басқа да міндетті төлемдерэкономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, міндетті төлемдер реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс– әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi.
Бюджет жүйесiн реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi.
Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi.
Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түрады.
Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiне Конститутциямен, заңдармен Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады.
Жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Дербес бюджет – аумақтық басқарушы органдар өздерiне Заң жүiзнде бекiтiлiп берiлген кiрiстер базасы негiзiнде бюджеттiң көлемiн, кiрiспен шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес анықтап, олардың құрылымын белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика заңдарына сәйкес атқарылады.
Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен тұратын Қазақстан Рспубликасының салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.
Жергiлiктi салықтар мен алымдардың тағы бiр ерекшелiгi – жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнде үлес салмағының қомақты болуы, онымен ғана шектелiп қоймай қаржы ресуртарын бөлiп беру қатынастарының бақылау функциясын атқаратындығы. Жерiлiктi салықтар мен алымдарды алудың объектiлерiне жер учаскелерi, мүлiк, көлiк құралдары, аукционда жүргiзiлетiн ақша операциялары, кәсiпкерлердi тiркеу және жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқы үшiн қызметтер жатады және оларды иемдену мен пайдаланудың бiрден-бiр есебiн жүргiзiп, осы объектiлердi бақылауға жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесi туралы” Заңы негiзiнде жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мынадай кiрiстерден тұрады:
1.Бекiтiлген кiрiс көздерi – яғни заң жүзiнде тұрақты кiрiс көздерi ретiнде қарастырылған жергiлiктi салықтар мен алымдар. Оларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жер, мүлiк және кiлiгiне салынатын салықтары мен әр түрлi алымдар жатады.
2.Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiнiң екiншi түрi реттеушi кiрiс көздерi. Оларға аймақтық әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiн ескере отырып, бюджеттердi реттеу тәртiбi мен жалпы мемлекеттiк салықтардан бөлiнетiн қаржы салалары жатады. Оның түрi мен проценттiк бөлу мөлшерi әр жыл сайын өзгерiп түрады және заң жүзiнде республикалық бюджет туралы заңда берiлiп отырады.
3.Жергiлiктi бюджет кiрiс көдерiнiң үшiншi түрiне – актiлерiмен белгiленген салықтық емес түсiмдер жатады. Мысалы, орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер, су үшiн төленетiн төлем, коммуналдық меншiктегi мүлiктердi жалға беруден түскен кiрiстер, әкiмшiлiк айыппұл төлемдерiнен түскен сомалар, жеке меншiк иесiнiң құқығы мен жердi пайдалану құқығын сатудан (жер учаскелерiн берумен қоса есептегендегi) түскен сомалар.
Жергiлiктi салықтар мен алымдар бюджетке түскеннен кейiн, жергiлiктi басқару органдары белгiлеген тәртiп бойынша, жергiлiктi аумақтық қажеттерiне сәйкес мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, тиiстi аумақтық жергiлiктi бюджеттерден жұмсалатын қаражаттары мыналарды қамтиды:
–жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн қоғамдық құқық тәртiбi мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
бiлiм беру мен денсаулықты сақтау;
әлеуметтiк сақтандыру және халықтық жекелеген санаттары үшiн заңмен белгiленген жеңiлдiктердi iске асыру;
тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, көркейту, сумен жабдықтау және инженерлiк инфрақұрылым;
мәдениет, туризм, спорт, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын ұстау және демалысты ұйымдастыру;
аграрлық реформа, жер реформасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау, өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi мен мал ауруларына қарсы күрес және басқа мақсаттар;
экология және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
шағын және орташа бизнестi дамыту;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстырды жұмсау.
Бүгiнде бюджеттi түрдегi қаржылық қатынастар екi бағытта қарастырылып жүзеге асырылуда, бiрiншiден экономиканы дағарыстан шығару үшiн қаржы ресурстарын орталықтандырылған жүйеде бөлiп беру болса, ал екiншiден, жергiлiктi басқару органдарының қаржы қорларын құру және пайдалануға байланысты құқыларын арттыру ақылы iске асырылуда. Осы орайда жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгi орасан зор рол атқарады. Бiрақ аумақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттi бола бермейдi. Өйткенi қазiргi кезеңдегi аумақтардың әлеуметтiк экономикалық дамуының деңгейi, елiмiздегi нарықтық қатынастардың қиындықтарымен сәйкес келуiн ескерсек, көптеген жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгiн iске асыру үшiн елiмiздiң экокномикалық қаржылық бюджеттiк салаларындағы проблемаларды неғұрлым кең заң жүзiнде құрулармен қамтамасыз етудi талап етедi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда)
2 Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8.
3 Амрекулов Н “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2004 жыл.Оңтүстiк Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәлiметтерi.
4 Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.
Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12 .
5.А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.
6.Юткина Налоги и налогооблажения. Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.
11.Бабкина С. Новая налоговая политика: Финансы Казакстана.- 1999-N6, с 20-22.
19.Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12
20.Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Казхстанская правда 1998 жыл N12 .
21.Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
22.Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.
23.Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.
24.Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .
25. Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.
Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006
27.Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2
28.Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан
29. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.
30.Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.
31.Қазақша - орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздiк: Под общ. Ред. А.К. Кусаинова. – Алматы: Рауан, 2004-288 с.
. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. Жергiлiктi салықтар мен алымдар: Оқу құралы. – Алматы 1998 .
20Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергiлiктi салықтар
Достарыңызбен бөлісу: |