Біліктілігі
|
Белгілері
|
Оқушы іс-әрекеті
|
|
|
Білуі
|
Берілген жаңа түсінікті ұғуы, есте ұстауы бұрынғы білімді еске түсіруі білуі
|
Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды
|
|
|
Түсінуі
|
Жаңа материалда берілетін білімді түсінуі, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы
|
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
|
|
|
Қолдануы
|
Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайда пайдалана алуы
|
Бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа жағдайды шешеді
|
|
|
Талдауы
|
Алған білімді жіктеуі, ең негізгі түйінін, дәнін бөліп ала білуі, яғни бүтінді бөліктерге жіктеу арасындағы байланысты айқындай білуі.
|
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді.
|
|
|
Жинақтауы
|
Жеке бөлшектерден дара ұғымдардан тұтас дүние жасай алуы
|
Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
|
|
|
Бағалауы
|
Жаңа ұғымның жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтай пайымдай білуі
|
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады
|
|
|
|
|
|
|
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Қоғам өмірінің барлық салаларында күрделі өзгерістер болып жатқан кезде келешегімізді ойласақ, өмірдің әр қырында жетекшілік ете алатын, ғылымға, өнерге, мәдениетке берілген қабілетті жастарды іріктеп олардан интеллектуалды орта қүру жағдайын ойластырған жөн. Дарынды адамдарды қолдан жасау мүмкін еместігін ескерсек дарындыларды іздеп, тауып, олардың шығармашылық қызметіне көмектесу қолдан келерлік іс.
Адамның еңбегі мен жұмыс күшіне мамандығына бағалы тауар есебінде қарайтын жаңа көзқарас, өндіріс орындары мен басқа да халық шаруашылық мекемелерінен ғылыми зерттеу орталықтарынан қызметкерлерді жұмысқа алу кезінде олардың ынтасы мен шығармашылық қабілетіне, ойлап-болжай білетіндігіне, тағы сол сияқты жақтарына назар аударуды талап етуде. Сұранысқа сай жоғары дәрежедегі маман қызметкерлер мен жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін, оқушылар арасында шығармашылық қабілеттерін анықтау және оларды әдейі әдістемелерді қолдана отырып, дамыту мәселелеріне көңіл аудару қажет.
Қазіргі кезде оқу жүйесін қайта құруға бағытталған талпыныстарға қарамастан, оқыту процесінде оқушыларға дайын ақпаратты жеткізіп беруге негізделген әдістемелер орын алып келеді. Бұндай әдістемелер арқылы оқушылар еске сақтау, қайталап айту қабілеттерін ғана дамытып, біржақты ғана жұмыс жасайды. Оқытушы оқушының бұрынғы сабақтарда дайын күйінде берілген материалды қайталап айту жағына көңіл бөліп соны ғана бағалайды. Оқушының дарындылығы шығармашылық қабілеті бағалаусыз қалады. Осындай жағдайда қоғам сұранысын ескеретін болсақ, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған оқыту әдістемелерін (дамыта оқыту әдістерін) қарастырып, ғылыми тұрғыдан зерттеп, жаппай практикаға енгізуді қолға алу керек. Оқу жүйесін қайта құру кезеңде оқыту әдістемелеріне де көңіл бөліп, заман талабына сайларына ғана қолдау көрсетіп іріктеген жөн болар еді. Етек жайған нарық жағдайында шығармашылық қабілеттері бар оқушыларды анықтай отырып, олардың әрі қарай оқытудың ғылыми тұрғыдан негізделген біртұтас әдіснамасын құрастырудың маңызы үлкен. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Шығармашылық қабілеттің балада қалыптасуы кең диопазонды: ақыл-ой қалыстығынан бастап жоғары дәрежедегі таланттылық, жалпы дарындалыққа дейінгіні қамтиды
Сондықтанда барлық оқушыларды бір нұсқалы бағдарламамен оқытар болақ, дарынды балалардың қабілеті дамуына зиян келтірген болар едік. Біздің қазіргі кездегі оқыту жүйсі орташа оқушыға, ал мамандыққа дайындау «орташа маманға» бағытталғанын ескерсек, шығармашылық дарынды балаларды оқыту жайы жоспарланып, оларға әдейі арналған оқу орындарының ашылуы, өкіметіміздің бұл саладағы бағытының дұрыс екендігін көрсетеді. Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері (С.Л.Рубинштейн., Я.А.Понамарев., В.М.Кедров., О.К.Тихомеров., А.Н.Брушинский және т.б) шығамашылыққа бейім оқушылардан маман дайындау мәселесін, әуелі бастан дарындыларды таңдап алу жағын реттеп алмай және әдейі жасалынған бағдарламалармен әдістемелер қолданбай шешуге болмайтындығын көрсетті. Дарынды балаларды іріктеп алу жұмыстары жүріп жатыр десек, осы бағыттағы жұмыстардың табысты болуы үшін қажеттілерінің бірі, шығармашыл оқытушыларды - дарынды балалармен жұмыс жасай алатын мамандарды дайындау және оларды жұмысқа қажетті әдіс-құралдары мен ғылыми теориялық біліммен қамтамасыз ету мәселелері әлі шешімін таппай жатыр. Сонымен қатар, шығармашыл, дарынды балалардың негізгі бөлімі іріктеуден өтпей басқалармен бірдей жағдайда жанұя мектепке дейінгі мекемелер, мектеп кәсіптік техникалық мектеп, колледж шығармашылықтың мектептен тыс мекемелері жоғары оқу орындары өндіріс орындары сияқты тізбекте жүріп жатқанын ескерсек, шығармашыл дарынды жастарды анықтап, олардың қабілетін дамыту жұмыстары да үзіліссіз, аталған тізбек бойында жүргізіліп отыру керектігін көреміз. Осы айтылғандарды ескере отырып, психология және педагогика, әлеуметтану ғылымдарының жетістіктері мен заңдылықтарына шығармашыл балалардың техникалық шығармашылыққа қабілетін анықтау және дамыту қажет.
Шығармашылықта практикалық тексерістен өтіп, қолдау тапқан мынадай пікірлерді негіз еттік:
- шығармашылық қабілеттің ұрығы барлық адамда, кез-келген түбі түзу сәбиде болады. Айырмашылық тек қана жетісу деңгейінде және қоғамдық пайдалылығында болады:
- шығармашылық қабілетті балалық кезден бастап дамыту қажет:
- шығармашылық қабілетті дамытудың негізгі жолы - балалар мен оқушы жастарды, еңбек етудің олар үшін оқу, үйрену және тәрбие алу екендігін және осылардың бәрі де шығармашылық бағытта болу керек екендігін ескере отырып, шығармашылық қызметке тарту болып табылады.
асау - мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты, әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді. «Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру - баланың білімді тез, әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің айқындылығына себепші болады. «Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын» деген ойынан бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері - педагогикалық тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғанатын жайт.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. : Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканың, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілген сабақтың оқу материалын терең ұғына білуге баулу - мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілген сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің әрбір өтілген сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуына ғана оқушы да шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің әрекеттері арқылы оқушыда қабілет дами түседі.
Бұндай кезеңдерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтарды оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылуы тиіс. Мұғалім өтілген сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой-таласын» жасау - танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілеті арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында мына төмендегідей қасиеттері болуы керек:
- мұғалім өз шәкіртінің басқаға ұқсайтын қасиеттерін аша білу;
- мұғалім ой-өрісі кең, жан-жақты білімдер, өз мамандығының шебері болуы керек;
- мұғалім үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет. Ал ұстаз шәкірттеріне мына төмендегідей қасиеттерді күте білуі керек.
- Оқушы ой-жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
- Оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болғаны жөн;
- Оқушы білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн;
- Оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсуі анық.
Достарыңызбен бөлісу: |