3 I тарау. Жаңа тұрпатты мұҒалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың мазмұны мен жүйесі



бет6/8
Дата13.12.2021
өлшемі128 Kb.
#125459
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қазіргі ақпараттандыру заманы жағдайында мұғалімнің кәсіби және тұлғалық ерекшеліктері

Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, көркемөнер, бейнелеу өнері, туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларды қатыстырып, баланы жан-жақты дамыту ісіне өз үлесін қосуы тиіс.

Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады. Бірақ, бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің керекті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің субъектісіне сәйкес болмайды.



Икемділік – бұл мұғалімнің ғылым саласына байланысты кәсіби педагогикалық іс-әрекетінде білімдері мен қасиеттерін таныту ерекшеліктері.

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті – білім беру, оқыту, икемділік, дағды құрылымынан тұрып, білімділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін жетілдіруге себепші болатын еңбектер С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Н.Кузьмина, В.Сластенин, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Педагогикалық іс-әрекет – психологиялық категория ретінде оның мотивін құрайды. Олай болса, әр іс-әрекет белгілі мақсаттарға сәйкес келеді, ал операция белгілі орындау тәсілі арқылы жүзеге асады. Құрылым, бұл жағдайда, әртүрлі элементтермен ұсынылуы мүмкін. Іс-әрекет пен операцияның мазмұнын белгілеуде сәйкестік ұстанымының негізінде функционалдық тәсіл табылды. Академик В.Глушкова, психолог Г.Балл және дидакт Н.Түлкібаеваның зерттеу жұмыстары осы тәсілдің негізі болып табылады.

Біздің алдымызда кәсіби-педагогикалық қызметтің әрекетті функционалды түрде белгілеуге мүмкіндік беретін құрылымын табу мәселесі қойылды. Өйткені, әр әрекет нақты қызмет атқарады және белгілі мақсатқа, операцияға сәйкес келеді, мақсатқа жету тәсіліне функционалды бағыт беріп отырады.

Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің пайымдалған, жалпыланған құрылымына көшіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр іс-әрекеттің мақсатын қалыптастырудағы ерекшелігін белгілеуде ғана нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы әр қызметтің ортақ мақсаттарын белгілеуде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің пайымдалған, яғни жалпыланған функционалды моделіне айналады.

Педагогтық іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыруда зерттеушілер кәсіби-педагогикалық сапаларды бөледі: олар қабілеттерге өте жақын және өзіндік тұлғалық болуы мүмкін.



А.К.Маркова бойынша, мұғалімнің маңызды кәсіби сапаларына мыналар жатады:

- педагогикалық эрудиция;

- педагогикалық мақсатты ұйғару;

- педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

- педагогикалық түйсік;

- педагогикалық суырып салушылық;

- педагогикалық бақылампаздық;

- педагогикалық оптимизм;

- педагогикалық тапқырлық;

- педагогикалық болжау;

- педагогикалық рефлексия.

Осы сапалардың «қабілеттер» түсінігіне жақын болуын А.К.Маркованың өзі растап, олардың кейбіреуін дәл солай анықтайды.

Мысалы, «педагогикалық мақсатты ұйғару ... бұл мұғалімнің қоғамдық мақсат пен өз мақсаттарынан қосынды өндіру, және содан соң оларды оқушыларға қабылдау мен талқылауға ұсыну қабілеті»; «педагогикалық бақылампаздық ... бұл адамды мәнерлі қимылдары арқылы кітап оқығандай оқу қабілеті» (перцептивті қабілеттер). Осы сапалардың (қабілеттердің) көпшілігі тікелей педагогикалық іс-әрекеттің өзімен байланыстырылатыны маңызды.



А.К.Маркова бойынша, педагогтың кәсіби маңызды сапаларын қарастыра отырып (педагогикалық бағыттылық, педагогикалық мақсатты ұйғарушылық, педагогикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, педагогикалық әдеп).

Л.М.Митина Н.В.Кузьмина бойынша, педагогикалық қабілеттердің екі деңгейімен байланыстырады: проективті және рефлексивті-перцептивті.

К.Платонов, А.Леонтьев, Қ.Жарықбаев, т.б. психологтердің пікірлеріне қарағанда, барлық іс-әрекет түрлерінің жеке тұлғаны дамыту сипаты бар. Ал П.Гальперин іс-әрекетті оқыту деп түсініп, «Адам іс-әрекетімен шұғылданған кезде жаңа білім мен икемділіктерін одан әрі бекіте түсіп, психикасының – санасының дамығандығын көрсетеді» деп жазады. Демек, білімдер мен икемділіктердің қалыптасуы оқу іс-әрекетіне байланысты. Өйткені, оқыту – мұғалімнің (оқытушының) мақсатқа сай шәкірттерді икемділіктерге, дағдыға, өз бетінше ізденіс жасауға және тұлғасын қалыптастыруға ықпал етуші.

Оқыту үрдісі – іс-әрекетке байланысты оқытушы мен студенттің ізденісі кезінде іске асатын құбылыс. Онда іс-әрекет субъектіден (оқытушыдан) объектіге (студентке) немесе объектіден субъектіге бағытталып, кездескен кедергілерді жеңу арқылы қысқа, болмаса ұзақ мерзімде нәтижеге жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет