«№3 мектеп- гимназиясы» мм тәрбие сағаты «Дәуірдің дара тұлғасы»



бет7/7
Дата30.11.2022
өлшемі38,43 Kb.
#160499
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұхтар Әуезов Дәуірдің дара тұлғасы сыныптан тыс іс-шара

Жүргізуші: Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Жүргізуші: Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады

7 маусым күні 1917 жылы тобықты мен найман рулары арасындағы жесір дауы арқау болған М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы алғаш рет Абай ауылында қойылды. Қойылымның қоюшы-режиссері де, суфлері де Мұхтар Әуезов болған.Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді.Еңлік Кебек пьесасын жазған кезде М.Әуезов 21 жаста болатын.«Еңлік-Кебек» - екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма.



Барлық құқықтар қорғалған.inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/98-zhyl-buryn-enlik-kebek-p-esasy-algash-ret-kiiz-uy-sahnasynda-koyyldy_a2784082

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет