Байланысты: 3 Мәліметтер қоры қатынастары арасындағы байланыс
3 Мәліметтер қоры қатынастары арасындағы байланыс 1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Мәліметтер қоры қатынастары арасында өзара әрекеттерді көрсететін байланыс орнауы мүмкін.
Байланыс дәрежесі – осы байланыспен қамтыған қатынастардың саны.
Пәндiк облыс қатынастардың арасындағы орындарды иемдене алады:
бинарлы байланыс (екi қатынастардың арасындағы немесе қатынастың аралығында өзi болып табылатын- рекурсия байланысы;
тренарлы байланыс (үш қатынастардың арасындағы);
және жалпы жағдайда n-ді байланыс.
Практикада көбінесе екі дәрежелі байланыстар кездеседі, яғни бинарлы байланыстар.
Берілген суреттегі мысалда бинарлы байланыс, БИЛЕТ пен ЖОЛАУШЫ арасындағы қарым-қатынас билет пен жолаушыларды байланыстырады.
4.1 - сурет - Байланыс «ЖОЛАУШЫ - БИЛЕТ»
Диаграммада бейнеленген ықшамды ауызша түсіндіру келесідей болады:
әрбір БИЛЕТ бір және тек қана бір ЖОЛАУШЫҒА арналған;
әрбір ЖОЛАУШЫ бір немесе оданда көп БИЛЕТ ала алады.
Рекурсивті байланыс– барлық қатынастар бірнеше рет әртүрлі рөлде қатыса алады.
Келесі суреттегі мысалда рекурсивті байланыс, АДАМ мен өзін байланыстыратын қатынас.
4.2 - сурет - Рекурсивтік байланысқа мысал
Диаграммада бейнеленген ықшамды ауызша түсіндіру келесідей болады:
әрбір АДАМ бір және тек бір ғана АДАМның баласы болып табылады;
әрбір АДАМ бір немесе бірнеше АДАМға әке болуы мүмкін.