3 Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқыту әдістемесі


Delphi программалау тілін оқыту мазмұны



бет11/39
Дата12.09.2020
өлшемі0,88 Mb.
#77904
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
Delphi программалау тілін оқыту әдістемесі

Delphi программалау тілін оқыту мазмұны

Объектілі бағдарланған программалау тілін оқытудың мақсаттары:



  • Программа құру методологиясы;

  • Қолданылатын жобалау және программалау технологиясы туралы көзқарасты қалыптасыру;

  • Оқушылардың интеллектуалдық, алгоритмдік, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

  • Обьектілі-бағдарланған программалау мәдениетін қалыптастыру;

  • Обьектілі бағдарланған программалау ортасымен практикалық жұмыс дағдысын қалыптастыру;

  • Өз іс-әрекетін жоспарлай білуге, өз жұмысының нәтижесін бағалай білуге, жіберілген қателерді түзетуге дайын болуға, іс-әрекеттерде мақсатқа бағыттылық пен табандылықты қалыптастыру.

Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқытудың негізгі міндеттері:

  • Обьектілі бағдарланған программалаудың негізгі түсініктерін қалыптастыру;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалау парадигмалары туралы көзқарасты қалыптастыру;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалау ортасының құралдарын меңгеру;

  • Обьектілі бағдарланған ортада қарапайым программалау дағдыларын меңгерту және объектілі бағдарланған программалау тілінің базалық программалау тілдерін үйрену;

  • Құрылымды және обьектілі-бағдарланған программалау әдістерімен кең таралған және программалық өнімдерді құрудың тиімді әдістері ретінде таныстыру;

  • Алгоритм мен программаларды құру және жүзеге асырумен байланысты біліктілікті дамыту;

  • Өз іс-әрекеттерін жоспарлай білуге қалыптастыру;

  • Өздерінің бағдарламалық қосымшаларын құру және орындау.

Обьектілі бағдарланған программалау тілін оқу негізінде оқушылар

білуі керек:

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінде программаларды жобалау тәсілдері мен әдістерін топтастыра білу;

  • Обьектілі бағдарланған программалаудың анықтамалары мен ұстанымдарын;

  • Негізгі алгоритмдік құрылымдарды және олардың программада жазылу ережелерін;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалық өнім құру кезеңдері туралы;

  • Обьектілі бағдарланған программалау жүйесінің аспаптық құралдарының мүмкіндіктерін;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінің программалық өнімнің ішкі құрылымы және ұйымдастырылуы туралы ұғымды қалыптастыра білуі;

  • Типтік бағдарламалау жүйесі қызметінің принциптерін;

  • Қосымшаларды жазудың негізгі тәсілдерін;

  • Обьектілі бағдарланған программалау тіліндегі негізгі әдістер мен оқиғаларды өңдеу тәсілдерін.

үйренуі керек:

  • Объектілі бағдарланған программалау базалық программалау тілдері ортасының құралдарымен жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруға үйрену;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінде қандай да бір есепті практика жүзінде орындау үшін бағдарламалық қосымшаларды құруды үйренуі керек;

  • Объектілі бағдарланған программалау тілінде бағдарламаны жөндеп және тестілеуге үйренуі керек;

  • Шешіліп жатқан есепке сәйкес интегралданған ортанының айналасын қажетті күйге келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет