Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
А(n) массивінің теріс элементтерінің қосындысын табатын процедураны қолданып, программа құрыңыз.
В(m,n) матрицасының тақ элементтерінің санын баспаға шығаратын функцияны қолданып, программа құрыңыз.
А(n) массивін өсу реті бойынша сұрыптайтын процедураны қолданып, программа құрыңыз.
№4 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жолдармен жұмыс
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Delphi ортасында жолдармен жұмыс жасауға арналған процедуралар мен функцияларды қолданып, қосымша құруды үйрену.
Тапсырма. «Жолдық калькулятор» қосымшасын құру.
Төменде (2.1.19-сурет) осы қосымшаның компоненттер орналастырылған форма терезесі келтірілген.
Тапсырманы орындау алгоритмі:
2.1.19-сурет. Жолдық калькулятор терезесі
Жаңа жобаны ашып, пішіннің Caption қасиетіне «Жолдық калькулятор» деген мәнді жазыңыз және Color қасиетінен пішіннің түсін өзгертіңіз.
Пішінге 13 Edit, 10 Label, 7 Button компоненттерін орналастырыңыз. Label1 компонентінің Caption қасиетіне «Енгізілетін мәліметтер», Label2-ге «нәтижесі», қалған Label компоненттерін суретте көрсетілгендей етіп мәндерін өзгертіңіз, Button1 батырмасына «Тазалау», Button2-ге «delete», Button3-ке «insert», Button4-ке «copy», Button-ке «pos», Button6-ға «length», Button-ге «Жабу» мәндерін жазыңыз. Edit компоненттерінің Техт қасиеттерін тазалаңыз. Барлық компоненттерді суреттегідей етіп орналастырыңыз.
Оқиғаны өңдеуші процедураларын жасамас бұрын, код терезесінің ішіне келесі айнымалыларды жазыңыз:
var Form1: TForm1;
var s,w,s1,r:string; k,t,q,p,l,a,b:integer;
4. Button1 батырмасын екі рет шертіңіз. Пайда болған процедураның дайындамасына келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
Edit1.Text:='';
Edit2.Text:='';
Edit3.Text:='';
Edit4.Text:='';
Edit5.Text:='';
Edit6.Text:='';
Edit7.Text:='';
Edit8.Text:='';
Edit9.Text:='';
Edit10.Text:='';
Edit11.Text:='';
Edit12.Text:='';
Edit13.Text:='';
end;
5.Button2 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject);
begin
s:=Edit1.Text;
k:=StrToInt(Edit2.Text);
t:=StrToInt(Edit3.text);
Delete(s,k,t);
Edit4.Text:=s;
end;
6. Button3 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject);
begin
s:=Edit1.Text;
q:=StrToInt(Edit5.Text);
w:=Edit6.Text;
Insert(w,s,q);
edit7.Text:=s;
end;
7. Button4 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button4Click(Sender: TObject);
begin
s:=Edit1.Text;
p:=StrToInt(Edit8.Text);
l:=StrToInt(Edit9.Text);
Copy(s,p,l);
s1:=copy(s,p,l);
Edit10.Text:=s1;
end;
8. Button5 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button5Click(Sender: TObject);
begin
s:=Edit1.Text;
r:=Edit11.Text;
a:=Pos(r,s);
edit12.Text:=IntToStr(a);
end;
9. Button6 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button6Click(Sender: TObject);
begin
s:=edit1.Text;
b:=Length(s);
edit13.Text:=IntToStr(b);
end;
10. Button7 батырмасын екі рет шертіп, келесі кодты жазыңыз:
procedure TForm1.Button7Click(Sender: TObject);
begin
close;
end;
11. Жобаны сақтап, қосымшаны орындауға жіберіңіз. Төменде (2.1.20-сурет) қосымшаны іске қосқанда шыққан нәтиже көрсетілген:
2.1.20-сурет. Жолдық калькулятор қосымшасының нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |