3. Сабақ түрі: тәжірибелік


Сын есімнің зат есіммен қиысуы



бет4/6
Дата28.01.2018
өлшемі10,5 Mb.
#34428
1   2   3   4   5   6
Сын есімнің зат есіммен қиысуы.

Қиысу дегеніміз сын есімнің анықтап тұрған зат есіммен бір текте, түрде, септікте болғандығы.

Қиысу тәртібі:

1.Терминдегі зат есім мен сын есімнің грамматикалық формасын анықтап алу (септігін,жекеше я көпше түрін).

2. Зат есім сөздік түрі бойынша тегін анықтап алу.

3. Анықталған зат есімнің тегі бойынша сын есімнің жалғауын сөздік түрінен таңдап алу.

4. Зат есім септелуін белгілеп алу.

5. Сын есім септеуін белгілеп алу.

6. Терминдерді зат есім мен сын есімді керекті грамматикалық формасына қою.

Nom.Sing

Мысалы: Ұзын доға

arcus, us m IV

longus, a um II arcus longus
Терминдердегі «ұзын» есімі – қиысқан анықтауыш, себебі «доға» зат есімімен бір текте (m), септікте (Nom.) жекеше түрінде (Sing) тұр.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)

Төмендегі сөздерді латын тіліне аударып, кестені толтырыңыз:






































































































































































































































































us

us

us

us

us

us

us

us

us

us


  1. Шынтақ сүйек

  2. Бұрыш

  3. Сұр

  4. Сыртқы

  5. Сары

  6. Еңбек

  7. Кеуде

  8. Бұлшықет

  9. Ең кіші

  10. Өңеш


Сын есімдерді Gen.sing. қойыңыз:

Spinosus (m), spinosa (f), spinosum (n), spinalis (m), spinalis (f), spinale (n), costarius (m), costaria (f), costarium (n), costalis (m), costalis (f), costale (n), transversus (m), transversa (f), transversum (n), osseus (m), ossea (f), osseum (n), pterygoideus (m), pterygoidea (f), pterygoideum (n).
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Тест

1. Сын есімнің латын атауы:

  1. Pronomina personalia

  2. Nomen adjectivim

  3. Nomen substantivum

  4. Nomen numerale

  5. Nomen personale

2. Сын есімнің өзгерілуіндегі көрсеткіштері:

  1. тегі мен саны

  2. септігі мен саны

  3. септеуі мен тегі

  4. тегі, саны, септігі

  5. септігі

3. Тек 1-шi топ сын есiмдерi:

  1. solubilis,mitis,flavus

  2. aquosus,solutus,talis

  3. luteus,fortis,amylacеus

  4. ruber,niger,albus

  5. parvus,minor,solubilis

4. Септеудің түріне байланысты сын есiмдер ... бөлiнедi.

  1. 4 топқа

  2. 3 топқа

  3. 2 топқа

  4. 6 топқа

  5. 5 топқа

5. Сын есiмдер ... бойынша өзгередi.

  1. септеу мен тегi

  2. тегi мен сан түрі

  3. септiгi мен сан түрі

  4. сан түрі,тегi,септiгi

  5. септiгi

6. Бiрiншi топ сын есiмдерiне... сын есiмдер жатады.

  1. 3 жалғаулы

  2. 2 жалғаулы

  3. 1 жалғаулы

  4. Nom.Sing түрiнде us,-a,-um,немесе - er,-a,-um жалғаулары бар

  5. Nom.Sing түрiнде -is,e жалғаулары бар

7. 2-шi топтағы бiр жалғаулы сын есiмдердiң белгiлерi:

  1. -er,-a,-um

  2. -x,-s,-r

  3. -is,-e

  4. -us,-a,um

  5. -er,-is,-e

8. Егер сын есiм еркек тегiнде -us,-er жалғауына аяқталса, онда әйел және орта тектерінде ... жалғаулары болады.

  1. -us,-um.

  2. -us,-um.

  3. -a,-um.

  4. -io,-a.

  5. -a,us.

9. Егер сын есiм 2-шi топқа жатса, оның барлық тектерінде Cen.Sing. жалғауы болып ... табылады.

  1. -e.

  2. -x.

  3. -er.

  4. -is.

  5. -um.

10. «Сау» сын есiмі сөздiк формасында:

  1. vivus,а,um

  2. sanus,а,um

  3. purus,а,um

  4. internus,а,um

  5. externus,а,um


12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беу 2 мин 2%)

§53 оқу, жазу, жаттау §52 тапсырмаларды аяқтау

7 сабақ


1. Сабақтың тақырыбы: ІІІ септеудің зат есімдері
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: ІІІ септеу зат есімдерді қалай меңгергендігін тексеру

  • Тәрбиелік: мысалдар арқылы оқушыларға идеялық-саяси тәрбие беру.

  • Дамыту: оқушылардың қабілетіне сай тапсырмалар беріп, тиянақты түрде жеткізе білуге дағдыландыру.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: интерактивті тақта, ноутбук

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, слайд, өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, суреттер.

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии: учебное пособие/ под ред. Д.А. Харкевича.-4-е изд.,испр. и доп. –М.: Медицинское информационное агенство, 2005

2. Д.А. Харкевич. Фармакология: учеб. для вузов. -10-е изд., испр. и доп.

-М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008

3. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. А. Рақышев. Анатомиялық терминдердің сөздігі. Алматы. Рауан, Демеу, 1994 ж.

2. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

3. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

4. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

5. Ж.К. Ермахан. Тәнтану атауларының латынша-қазақша-орысша тақырыптық сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1996
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Сезім мүшелері атауларын латын тіліне аударыңыз:

Жақша ішіндегі терминдерді зат есіммен қиыстырыңыз:

Сынық (ұсақталған, қазықталған, асқынған), сал (бастапқы, қалтыраған, ұмытшақ), жара (өрмелеуші, пенетрапециялайтын, күшейе түсуші), жасанды түсік (қатерлі, толық, бастаушы), жарақат (тістелген, бөлшектенген).

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
ІІІ септеуге барлық үш тектің (m,f,n) Gen. sing. формасында –is жалғауы бар зат есімдер жатады. Бір тектің өзінде атату септігінің жекеше түрінде (Nom. sing.) әртүрлі жалғаулары болады.

ІІІ септеу зат есімдері атау және ілік септігіндегі буын сандарына қарай тең және тең емес буынды болып бөлінеді.
Тең буынды зат есімдер - Nom. sing. және Gen. sing. формаларында буын саны бірдей болады.
М.: auris, is f - құлақ

Nom. sing. – auris (2 буын)

Gen. sing. - auris (2 буын)
Тең емес буынды зат есімдер - Nom. sing. формасына қарағанда Gen. sing. формасында буын саны көбірек болады.
М.: corpus, oris n -

Nom. sing. – corpus (2 буын)

Gen. sing. - corporis (3 буын)
ІІІ септеу зат есімдерінің 3 типі бар:

  1. Дауыссыз тип.

  2. Дауысты тип.

  3. Аралас тип.


Дауыссыз типі бойынша буындары тең емес, негіздерінің соңы бір дауыссыз дыбысқа аяқталатын зат есімдер септеледі.

М.: liquor, oris m – сұйықтық

radix, icis f – тамыр

semen, inis n – ұрық

Nom. sing.liquor

Gen. sing. - liquoris

Сөз негізі – liquor
Дауысты типі бойынша орта тектің Nom. sing. формасында –e, -al, -ar жалғаулары бар зат есімдер жатады.

М.: secale, is n – қара бидай

animal, alis n – жануар

exemplar, aris n – үлгі
Аралас типі бойынша мына зат есімдер септеледі: 1) буындары тең емес, негіздерінің соңы бірнеше дауыссыздарға аяқталатын; 2) буындары тең Nom. sing. формасында –es, -is жалғаулары бар:
М.: pars, partis f –

Ribes, is f –

apis, is f –

Nom. sing. – pars (1 буын) Ribes – 2 apis - 2

Gen. sing. - partis (2 буын) Ribіs – 2 apis - 2

Сөз негізі – part

ІІІ септеу зат есімдерінің сөздік формасы
3 бөліктен тұрады:

1. Зат есім атау септігінде жекеше түрде (Nom. sing.) толық беріледі.

2. Жекеше түрдегі ілік септігінің (Gen. sing.) жалғауы жалғанады.

а) тең емес буынды зат есімдерде негізінің соңы бірге беріледі

б) тең буынды зат есімдерде тек қана жекеше түрдегі ілік септігінің (Gen. sing.) –is жалғауы беріледі.

в) бір буынды зат есімдер ілік септігінде толық жазылады

М.: homo, inis m – адам

auris, is f – құлақ

flos, floris m – гүл

3. Грамматикалық тегі көрсетіледі.

ІІІ септеу зат есімдерінің негізін анықтау.
ІІІ септеу зат есімдерінің негізін анықтау үшін, алдымен зат есімді ілік септігіне қойып, ілік септігінің –is жалғауын алып тастау арқылы анықтаймыз. Сосын осы негізге басқа септіктердің жекеше және көпше түрдегі жалғаулары жалғанды.
NB! Ережеге бағынбайтын сөздер: оs, ossis n –сүйек, os, oris n – ауыз, cor, cordis n – жүрек, tuber, eris n – төбе, gaster, tris f – асқазан, mater, tris f – ана.
Әйел тегінің ерекшеліктері. Кейбір зат есімдер әйел тегінің жалғауымен аяқталып тұрса да ерекшелігімен еркек немесе орта тектеріне жатады.

axis, is m – ось

canalis, is m – өзек

dens, dentis m – тіс

vas, vasis n – сосуд

margo, inis m – край

sanguis, inis m – кровь

tendo, inis m – сухожилие
Ережеге бағынбайтын сөздер:

ren, renis m – бүйрек

lien, lnis m – көкбауыр
Nom. Gen

-o -onis pulmo, pulmon-is

-inis homo, homin-is

-or -oris liquor, liqur-is

-os -oris flos, flor-is

-er -eris aether, aether-is

-es -itis stipes, stipit-is

-etis paries, pariet-is

-edis pes, ped-is

-ex -icis cortex, cortic-is
Nom. Gen

-do -inis hirudo, hirudin-is

-go -inis mucilago, mucilagin-is

-io -inis solutio, solution-is

-as -atis sanitas, sanitat-is

-us -utis senectus, senectut-is

-udis incus, incud-is

-is -idis Thermopsis, Thermopsid-is

-is -is auris, aur-is

-es -is pubes, pub-is

-x (ax, ux, ix) -cis borax, borac-is

nux, nuc-is

radix, radic-is

-(nx) -ngis meninx, mening-is

-s -tis pars, part-is
Nom. Gen.

-en -inis semen, semin-is

-us -oris corpus, corpor-is

-eris genus, gener-is

-uris crus, crur-is

-ur -oris jecur, jecor-is

-uris Sulfur, Sulfur-is

-ma -atis rhizoma, rhizomat-is

-ut -itis caput, capit-is

-l -llis mel, mell-is

-c -tis lac, lact-is

-e -is rete, ret-is

-al -alis animal, animal-is

-ar -aris Nuphar, Nuphar-is

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)
Берілген зат есімдерді Gen. sing. қойып, негізін бөліп жазыңыз:

Рulmo, carbo, sapo, flos, humor, calor, tuber, herpes, paries, apex, liquor, aёr.
Дауыстап оқып, ІІІ септеу зат есімдерінің тегін атаңыз:

Аpex cordis, apex nasi, apex lіnguае, liquor cerebro spinalis, paries mastoideus, flos ruber, homo sanus, cor sanum, daster sana, cortex cerebelli, ala vomeris, vertex cranii, os zygomaticum, os lacrimale, pulmo dexter.
Сөздердің орнын тауып кестеге орналастырыңыз:

  • гүл

  • адам

  • сұйықтық

  • ұшы

  • қабық

  • ерітінді
















































































































Дауыссыз тип, дауысты тип, аралас типтегі зат есімдерді әр бағанға теріп жазыңыз:

Genus, eris n; solutio, onis f; manuale, is n; apis, is f; Adonis, idis f ; cor, cordis n; os, ossis n; mare, is n; dens, dentis m; exemplar, aris n; pubes, is f; Secale, is n; os, oris n; radix, icis f; Ribes, is n; rhizoma, atis n; homo, inis m; pulmo, onis m; cutis, is f; pars, partis f; caput, itis n; corpus, oris n; nomen, inis n; foramen, inis n.




Дауыссыз тип

Дауысты тип

Аралас тип

1.










2.










3.










4.










5.












11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Тест

1. Os,ossis n зат есiмінiң септеуi:

  1. І

  2. ІІІ

  3. ІІ

  4. V

  5. IV

2. Semen, inis үшінші септеу зат есiмінiң тегi:

  1. f

  2. m

  3. n

  4. m, n

  5. f, n

3. Сortex, icis m сөзінің аудармасы:

  1. шөп

  2. жер топырағы

  3. қабық

  4. дән

  5. гүл

4. «Сұйықтық» сөзінің аудармасы:

  1. aqua

  2. nomen

  3. liquor

  4. solutio

  5. decoctum

5. Caput, itis n зат есiмі ... жатады.

  1. 3-шi септеу аралас түріне

  2. 4-шi септеу дауыссыз түріне

  3. 3-шi септеу аралас түріне

  4. 3-шi септеу дауыссыз түріне

  5. 2-шi септеуге

6. Papaver,eris n сөздің аудармасы:

  1. эфир

  2. бұрыш

  3. ұйқы

  4. көкнәр

  5. жемiс

7. Semen, inis n зат есiмнiң негiзi:

  1. Semen

  2. Semin

  3. Sem

  4. Semina

  5. Seminum

8. «Ауыз» зат есiмнiң аудармасы:

  1. os,ossis n

  2. cor,cordis n

  3. vas,vasis n

  4. os,oris n

  5. pax,pacis f

9.Adonis, idis f-жанаргүл зат есiмінiң негiзi мен септеуi:

  1. Adonid-ІІ

  2. Adon-ІІІ

  3. Adon-IV

  4. Adonid –ІІІ

  5. Adonid-I

10. Үшiншi септеудегi зат есiмдердің негiздерi ... жалғауы алыну арқылы анықталады.

  1. Nom.Рl.

  2. Gen.Sing.

  3. Nom.Sing.

  4. Gen.Рl.


12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин 2%)

Н-1 §62, §65, §69 жазу, жаттау §64, §68, §71 сөздікке жазу, жаттау

§63, §67, §70 терминдерді аудару.

№8 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: 2-топтың сын есімдері.Есімше. Сын есімнің шырайлары.
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: жаңа сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау.

  • Тәрбиелік: мысалдар арқылы оқушыларға идеялық-саяси тәрбие беру, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  • Дамыту: есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін грамматикалық тапсырмалар арқылы кеңейту


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: интерактивті тақта, ноутбук

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, слайд, өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, сұрақтар.

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы

6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии: учебное пособие/ под ред. Д.А. Харкевича.-4-е изд.,испр. и доп. –М.: Медицинское информационное агенство, 2005

2. Д.А. Харкевич. Фармакология: учеб. для вузов. -10-е изд., испр. и доп.

-М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008

3. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. А. Рақышев. Анатомиялық терминдердің сөздігі. Алматы. Рауан, Демеу, 1994 ж.

2. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

3. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

4. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

5. Ж.К. Ермахан. Тәнтану атауларының латынша-қазақша-орысша тақырыптық сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1996


7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Төменде берілген терминдердің дұрыс аудармасын табыңыз: (ауызша)

1) кең бұлшықет а) musculus lata

б) musculus latus
2) сары байлам а) ligamentum flavum

б) ligamenta flava
3) көлденең қойнау а) sinus transversus

б) sinus transversi
4) ішкі беті а) facies interna

б) facies internus
5) мұрын бөлігі а) pars nasalis

б) pars nasale
Көп нүктенің орнына тектің жалғауларын қойып көшіріп жазыңыз:

m f n

1. profundus, a, um profund …, profund … profund …

2. niger, gra, grum nigr …, nigr … nigr …

3. saluber, bris, e salubr …, salubr … salubr …

4. ruber, bra, brum rubr …, rubr … rubr …

5. celer, celeris, e celer …, celer … celer …
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

ІІ топ сын есімдері ІІІ-ші септеумен септеледі. Сөздік формасының тек жалғауларының санына қарай ІІ топ сын есімдері былай бөлінеді.

а) 3 - жалғаулы сын есімдер;

б) 2 - жалғаулы сын есімдер;

в) 1 - жалғаулы сын есімдер;
а) 3 - жалғаулы сын есімдерде барлық 3 текте әртүрлі жалғау бар.

Еркек тегі (m) – er

silvester

Әйел тегі (f) – is

silvestris

Орта тегі (n) – e

silvestre

Сын есімнің «er» жалғауымен аяқталатын сөздерде, зат есімдегідей талданғанда «e» дыбысы түсіп қалады. Мыс.: ruber, bra, brum – қызыл.
б) 2 - жалғаулы сын есімдер Nom.sing. формасында еркек тегі және әйел тегінде бірдей жалғау алады – is, ал орта текте – e жалғауына аяқталады.

Мыс.: vernalis (m), vernalis (f), vernale (n)

көктемгі
в) 1 - жалғаулы сын есімдерде барлық үш текке Nom.sing. формасында бір ортақ жалғауы бар. Ондай жалғау: -х, -s;

Сөздіктерде 1-жалғаулы сын есімдер, ІІІ-ші септеу зат есімдеріндей ілік септігін көрсетеді.

Мыс.: simplex, icis –қарапайым;

recens, ntis –жап-жаңа

teres, etis –жұмыр

Латын сын есімнің ІІ-ші тобының ІІІ септеуі зат есімнің ІІІ-ші септеуінің дауысты түрінің үлгісімен талданады.

Abl.sing. (m,f,n) – i

Gen.pl. (m,f,n) – ium

Nom.Acc.pl. (m,f ) – es (n) – ia жалғауымен аяқталады.
3 жалғаулы сын есімнің септелу үлгісі.

silvester, tris, tre


Casus

Singularis

Pluralis

masc.

fem.

neutr.

masc.

fem.

neutr.

Nom.

silvester

silvestris


silvestre


silvestres


silvestria


Gen.


silvestris

silvestris


silvestrium


silvestrium


Dat.

silvestri


silvestri

silvestribus

silvestribus

Acc.

silvestrem

silvestre

silvestres

silvestria


Abl.

silvestri

silvestri

silvestribus

silvestribus


2-жалғауы бар сын есімнің септелу үлгісі.

vernalis, e


Casus

Singularis

Pluralis

masc.

fem.

neutr.

masc.

fem.

neutr.

Nom.

vernalis

vernale

vernales

vernalia


Gen.

vernalis

bernalis

vernalium

vernalium


Dat.

vernali

vernali

vernalibus

vernalibus


Acc.

vernalem

vernale

vernales

vernalia


Abl.

vernali

vernali

vernalibus

vernalibus





  1. жалғауы бар сын есімнің септелу үлгісі.

Simplex icis – ая, ое



Casus

Singularis

Pluralis

masc. fem. neutr.


masc. fem. neutr.


Nom.

simplex

simplicis

simplisi

simplicem simplex

simplici

simplices simplicia

Gen.

simplicium

Dat.

simplicibus

Acc.

simplices simplica

Abl.

simplicibus



Латын тілінде өткен шақ есімшелері супиннің негізіне тектік жалғаулар(us,a, um) жалғану арқылы жасалады. Супин – етістіктің негізгі формаларының бірі -um жалғауына аяқталады.

Мыс: datum – dat(негіз) + us,a, um

mixtum - mixt (негіз) + us, a, um

Өткен шақ есімшелері 1топ сын есімдері сияқты септеледі: яғни І септеумен әйел тегі, ал ІІ септеумен ер тегі және орта текпен септеледі.

І – ае

ІІ – і
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)

Төменде көрсетілген сурет бойынша қаңқа бөлімдерінің аудармасын жазыңыз:

1-бассүйек;

2-омыртқалық бұғана

3-бағана;

4-жауырын;

5-төс;

6-тоқпан жілік;

7-кәріжілік;

8-шынтақ сүйек;

9-білезік сүйектері;

10-алақан сүйектері;

11-саусақ сүйектері;

12-жамбас сүйек

13-сегізкөз;

14-құйымшақ;

15-ортанжілік;

16-тізе тобық;

17-үлкен жіліншік;

18-кіші жілншік;

19-тілерсек;

20-табан сүектері;

21-башпай сүйектері;

22-қабырға;
Зат есімдердің негізіне -al, -ar жұрнақтарын толықтырып жазыңыз, аударыңыз:

Front-, pariet -, lumb -, jugul -, dors -, vestibul -, uln -, cost -, centr -, muscul-, nas-, radi-, sacr -, spin -, occiput -, later -, mandibul -, maxill -, crani -, granul -, condyl -, orbit -, lacrim -, horizont -, clavicul -, alveoli -, stern -, acromi -, labi -, auricul -, faci -, pyramid -, dent -, patell -, tempor -.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, терминдерді толықтырыңыз:

Аrteria comitans nervi median … ramus communicans cum nerv … zygomatic … ramus communica … cum gangli … ciliar … rami communicant … cum nervo facial … ramus communicans cum ram … auricular … nervi vagi.

Аударыңыз:

Сolon transversum, glandula alveolaris composǐta, musculus transversus abdominis, pars compacta substantivae nigrae, substantia perforāte posterior pedunculi cerebri, arteria circumflexa humeri anterior et posterior.
Екі бағандардағы сөздерді сәйкестендіріңіз:

  • albus, a, um оң жақ

  • osseus, a, um тістік

  • sinister, tra, trum бұдырлы

  • dexter, tra, trum қызыл

  • asper, era, erum сегізкөзді

  • ruber, bra, brum сүйектік

  • frontalis, e сол жақ

  • occipitalis, e маңдайлы

  • nasalis, e ақ

  • temporalis, e мұрындық

  • sacralis, e самайлық

  • dentalis, e шүйделік


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

Сұрақтар:

1. Өткен шақ есімшелері қай септеумен септеледі?

2. Өткен шақ есімшесінің белгісі қандай?

3. Өткен шақ есімшелерінің негізін қалай анықтаймыз?

4. Супин дегеніміз не?

5. Өткен шақ есімшелері қалай жасалады?
12. Сабақты қорытындылау. 2 мин 2%)

Студенттердің білім деңгейін бағалау және түзеу. Әр студентке сабақта алған бағасы айтылады, жіберілген кемшіліктер талқыланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин 2%)

§53 Есімшелерді жаттау §54, §56 жазу, жаттау


№9 сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ІV және V септеу зат есімдер. Сан есім.
2. Сағат саны: 2 сағат 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушылардың алған білімдерін саралай отырып, практикалық дағдымен салыстыру.

  • Тәрбиелік: Отанды сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушылардың қабілеттерін дамыту, сөздік қорын кеңейту.


5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: интерактивті тақта, ноутбук

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, слайд, өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, суреттер.

б) оқыту орны: латын тілі дәрісханасы
6. Әдебиеттер:

  • Негізгі:

1. Городкова Ю. И. Элементы латинского языка и основ медицинской терминологии: Учеб. -2-е изд., доп. –М.: Медицина 2001

2. Латинский язык и основы медицинской терминологии: учеб. для мед. вузов/под ред. Щульц Ю.Ф. -М.:Б.и;1993

3. М.Д. Машковский. Лекарственные средства. Пособие для врачей.-15-е изд.. перераб. испр. и доп. –М.: РИА «Новая волна»: Издатель Умеренков, 2008

  • Қосымша:

1. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии: учебное пособие/ под ред. Д.А. Харкевича.-4-е изд.,испр. и доп. –М.: Медицинское информационное агенство, 2005

2. Д.А. Харкевич. Фармакология: учеб. для вузов. -10-е изд., испр. и доп.

-М.: ГЭОТАР –Медиа, 2008

3. П.Х. Попандопуло. Общая рецептура: учебно-метод. пособие. Шымкент: Б. и., 2001

    • Сөздіктер:

1. А. Рақышев. Анатомиялық терминдердің сөздігі. Алматы. Рауан, Демеу, 1994 ж.

2. Т.Г. Казаченок. Фармацевтический словарь. Минск, 1977

3. Дворецкий И.Х.. Латинско-руский словарь: ок 50000 слов. -3-е изд.., испр. –М.: Русский язык, 1986

4. Бабичев Н.Т. Словарь латинских крылатых слов: 2500 единиц

М.: Русский язык, 1982

5. Ж.К. Ермахан. Тәнтану атауларының латынша-қазақша-орысша тақырыптық сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1996

7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

Сүйектердің аттарын латын тіліне аударыңыз:

  • мұрындық

  • төменгі жақсүйектік

  • жоғарғы жақсүйектік

  • самайлық

  • шүйделік

  • бетсүйектік

  • сына тәрізді

  • торлы

  • таңдайлық

  • тіластылық

  • шынтақ сүйек

  • кіші жіліншік

  • топай сүйек

  • үлкен жіліншік

  • жамбастық

  • шоңданай

  • өкше сүйегі


Ауызша аударыңыз:

Pulmo sinister, apex pulmonis sinistri, lobus pulmonis superior, paries ductus cochlearis, ala vomeris, dura mater spinalis, os hyoideum, os parietale, os palatinum, os ischii, tuber calcanei, collum tali, corpus humeri.
Зат есімдердің сөздік формасын толықтырып, негізін анықтаңыз:

Сavitas, salus, cervix, mystax, ars, tendo, calx, tuberositas, pars, radix, articulatio, asperitas, juventus, dens, terminatio, lens, cartilago, appendix, auris, pubes, origo, longitudo, impressio, fornix, mors.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

IV – ші септеу зат есімдеріне Gen.Sing. жалғауын аяқталатын еркек тегі және орта тегі зат есімдері жатады.

Атау септігінің жекеше түрінің (Nom.Sing.) еркек тегі –us жалғауына аяқталады, ал орта текте –u жалғауына аяқталады. Олардың Gen.Sing. – me «us» деген жалғауы болады.

Мысалы: spiritus, us m – спирт

cornu, us n – мүйіз

fructus, us m – жеміс
IV септеудің септік жалғаулары


Casus

Singularis

Pluralis

masc. neutr.

masc. neutr.

Nom.

-us -u

-us -ua

Gen.

-us -us

-uum -uum

Dat.

-ui -u

-ibus -ibus

Acc.

-um -u

-us -ua

Abl.

-u -u

-ibus -ibus


IV- ші септеу зат есімдерінің септелу үлгісі

Spiritus us m – спирт

Cornu us n – мүйіз


Casus

Singularis

Pluralis

masc. neutr.

masc. neutr.

Nom.

spirit –us corn-u

spirit –us corn-ua

Gen.

spirit –us corn-us

spirit –uum corn-uum

Dat.

spirit –ui corn-u

spirit – ibus corn- ibus

Acc.

spirit -um corn-u

spirit –us corn-ua

Abl.

spirit -u corn-u

spirit – ibus corn– ibus


V – ші септеуге - Gen.Sing. формасында –ei жалғауына аяқталатын әйел тегі зат есімдері жатады. Nom.Sing. формасында –es жалғауына аяқталады.

Мысалы: species, ei f – жинақ

dies, cliei f, m – күн

scabies, ei f – қотыр


V- ші септеудің септік жалғаулары


Casus

Singularis

Pluralis

Nom.

-es

-es

Gen.

-ei

-erum

Dat.

-ei

-ebus

Acc.

-em

-es

Abl.

-e

-ebus


V- ші септеу зат есімдерінің талдану үлгісі

Casus

Singularis

Pluralis

Nom.

speci-es

speci-es

Gen.

speci-ei

speci-erum

Dat.

speci-ei

speci-ebus

Acc.

speci-em

speci-es

Abl.

speci-e

speci-ebus


«Species»- дәрілік формасы

Species – жиынтық, күрделі шәйлар – бұл туралып немесе ұнтақталып, араластырылған жапырақтар, тамырлар, дәндер және кейде тұздар мен эфир майлары қосындысынан тұратын қатты дәрілік форма.
Species сөзінің қосындысы жайлы

«Жиынтық» мағынасында species сөзі әлемнің көптеген фарма көшірмелерінде көпше түрде қолданылады және бұл жиынтықтар атауларын білдіретін сын есімдер осы сөзбен бірдей көпше түрде жазылады. Көбіне жиындықтарды олардың әсер ету сипатына қарай неге арналғандығын көрсетіп «шәйлар» деп атайды.

Жиындықтар немесе күрделі шәйлар атауларына мысалдар.

Species aromaticae – хош иісті жиынтық

Species antiashmaticae – демікпеге қарсы жиынтық

Species carminativae – жел айдаушы жиынтық

Species cholagogae – өт айдаушы жиынтық

Species diaphoreticae – тер шығарушы жиынтық

Species diureticae – зәр айдаушы жиынтық

Species pectorales – кеуде қуысына

Species sedativae – тыныштандыратын жиынтық

Species stomachicae – асқазанға арналған жиынтық
Сәйкесінше рецептілерді жиынтық атаулары көпше түрде ілік септігінде тұрады.

Мысалы: Rp: Specierum laxantium-100,0
Есептік сан есімдер:

І. 1 unus, a,um

ІІ. 2 duo, duae, duo

ІІІ. 3 tres, tria

ІV. 4 quattor

V. 5 quinque

VІ. 6 sex

VІІ. 7 septem

VІІІ. 8 octo

ІХ. 9 novem

Х. 10 decem

ХІ. 1 undecim

ХІІ. 12 duodecim

ХІІІ. 13 tredecim

ХІV. 14 quattuordecim

ХV. 15 quindecim
Реттік сан есімдер:

Primus, a, um - бірінші

Secundus, a, um - екінші

Tertius, a, um - үшінші

Quartus, a, um – төртінші

Quintus, a, um - бесінші

Sextus, a, um - алтыншы

Septimus, a, um - жетінші

Octavus, a, um - сегізінші

Nonus, a, um - тоғызыншы

Decimus, a, um - оныншы
Өте жиі қолданылатын, сан есім – приставкалары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет