3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет23/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - анаэробты жағдайда сақталынып, бактериямен залалданған тағамдар, әсіресе қауіпті үйде консервіленетін (қозқұйрық, жеміс, жидек) тағамдар және ет өнімдері (колбаса, сүрленген ет, тұздалған балық т.б.). Жұғу механизміне байланысты аурудың 3 түрі бар: 1) тамақтан болатын ботулизм, 2) жарақат ботулизмі, 3) емшектегі балалар ботулизмі.
Патогенезі. Тағам арқылы түскен ботулотоксинді асқазан ішек жолында асқазан сөлі және басқа ферменттер ыдыратпайды, ол тез арада ішектің шырышты қабаты арқылы қанға сіңіп жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерін зақымдайды. Механизімінің негізінде ботулотоксин жүйке-бұлшықет түйіспелерін (синапстарын) зақымдап, қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуін бұзады. Нәтижесінде ауруларда салдану пайда болады.
Клиникалық көрінісі. Жасырын кезең орташа 4-6 сағат, сирек кезде 2-5 және 7 күнге дейін созылады. Ауру гастроэнтериттік кезеңмен басталады: толғақ тәріздес іш ауруы, құсу, іш өту (жиілігі 5 рет) байқалады. Гастроэнтериттік кезең бірден неврологиялық кезеңмен алмасады.
Бөлек мүшелермен жүйелердің зақымдалуына байланысты ботулизмнің ағымын шартты түрде мынадай нұсқауларға бөлуге болады:
1. диспепсиялық бұзылу - ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштің қатуы, қатты, кейіннен сұйық тағамның жұта алмауы. 2. көздің көру қабілетінің бұзылуы - көздің қарауытуы, көз алдында тордың, тұманның пайда болуы, әдеттегі жазуды оқи алмауы, заттың екеу болып көрінуі кейіннен птоз (қабақтың жабылуы), анизокория (көз қарашығы көлемінің әртүрлілігі), мидриаз (көз қарашығының айқын кеңеюі және тұрақты болады), ішке қарай қылыйлану.
3. тыныс алудың бұзылуы - ауаның жетіспеушілігі, кеуденің қысылуы, үстірт демалу, дауыс өзгерістері (қырылдап мұрыннан сөйлейді).
Ауру тыныс алудың бұзылуымен басталса, көбінесе өлімге әкелуі мүмкін.
Аурудын клиникалык белгілері мен лабораториялық зерттеу нәтижесі арқылы диагноз қойылады. Науқастың қанында орташа лейкоцитоз, нейтрофилез және аурудың ауыр түрінде нейтрофилдердің жас түрлері анықталады.
Лабораториялық зерттеу кезінде аурудан алынған материалдардан (қаны, құсығы, аурудың ішін жуған судан) және қолданған тағамнан ботулотоксин табуға негізделген. Ботулизммен ауырған науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет