3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет43/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Эпидемиологиясы. Негізгі инфекция көзі болып табиғаттағы әртүрлі кеміргіштер саналады. Тасымалдаушылар – кенелер. Оба үй және жабайы жануарларда екі түрде кездесуі мүмкін: энзоотии және эпизотии.
Энзоотии осы, ауруға салыстырмалы түрде тұрақты папуляция арасында кездеседі. Инфекцияның таралуы тұрақты, бір қалыпты циклде өтеді (кеміргіштер-бүрге-кеміргіштер).
Эпизотии оба ауруына өте сезімтал кеміргіштерге жұққанда кездеседі.
Ауру адамға ауру малдың немесе жануардың терісін өңдегенде жұғуы мүмкін, тұрмыстық заттар арқылы, трансмиссивті (залалданған бүрге шаққанда), алиментарлы (ет өнімдері немесе басқа да тағамдық заттар залалданған болса) және ауа-тамшы жолмен беріледі ( обаның өкпелік түрімен ауырған науқас немесе мысық арқылы).
Патогенезі. Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтың токсикалық және септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы ағзаға енген болса, онда енген жерінде пустула, карбункул сияқты қабынулар, яғни 3-4% жағдай да ғана кездеседі. Жиі қоздырғыш, енген жерінде терілік өзгерістерді тудырмай, лимфа тамырлары арқылы аймақтық лимфа бездерге өтеді, ол жерлерде геморрагиялық некротикалық қабыну – бубон пайда болады.
Біріншілік және екіншілік бубондарды ажыратады. Біріншілік деген қоздырғыштың енген жерінің маңайындағы бездерде, ал екіншілік бубондар өте көп және қан арқылы пайда болады, қоздырғыштың енген жерімен байланыссыз. Егер қоздырғыш енген жерінен бірден қанға өтсе, онда екіншілік бубондар түзіліп –мұны септикалық түрі деп атаймыз.
Клиникасы. Жасырын кезеңі 1-3 күн, сирек жағдайда 5-6 күнге дейін жетуі мүмкін. Руднев бойынша жіктемесі:
А) Жергілікті түрі

  • Терілік

  • Бубонды

  • Тері-бубонды

Б) Жайылмалы: ішке жайылған

  • Біріншілік-септикалық

  • Екіншілік –септикалық

Жайылмалы: сыртқа жайылған

  • Біріншілік-өкпелік

  • Екіншілік-өкпелік

  • Ішектік

Арудың барлық түрлерінде – ауру жедел басталады, өте жоғары дене қызуымен, қалтыраумен, ауру улану белгілерімен: жалпы әлсіздік, бас айналуы, құсу, лоқсу, бұлшық еттерінің ауырсынуы. Ауру адам мазасыз немесе енжар. Кейде сандырақтау, галлюцинациялар болуы мүмкін. Жүрісі бұзылады – теңселіп жүреді, беті қызарады, сөйлегені түсініксіз. Кейіннен аурудың беті бозарып, бет әлпеті үшкірлене бастайды. Көптеген петехиалар мен геморрагиялар болады. Тамағы қызарып, үлкейген бадамшаларда аздап қан құйылған, кейде жараланады, гепатоспленомегалия. Іші үлкейген, ісінген,гемодинамикасы бұзылады: пульсі жиі, толуы нашар, жүрек үндері әлсіз, АҚҚ төмендейді, тахипноэ. Тілі ісінген, ақ жабындымен қапталған.
Бубонды түрі. Аурудың 1-2-ші күндері обалық бубон пайда болады.Патологиялық процесс оны қоршаған тіндер қосылады да шеттері тегіс емес тығыз ісік тәрізді конгломерат пайда болады. Бубон үстіндегі тері қып-қызыл түсті, көкшілдеу, жылтырақ болады. Ауырғаны ауыр сезімталды болады. Бубон іріңдеу, жарылуы немесе толық сіңіп кетуі де мүмкін.
Өкпелік түрі. Жасырын кезеңі бұл түрінде өте қысқа. Жалпы улану белгілерімен басталып, өкпелік симптомдар қосылып, кеуде қуысында қатты ауырсыну сезімі білінеді, жүрек қағуы, ентігу, жөтел, бастапқы кезінде – құрғақ, сосын ылғалды қан аралас, көбік аралас қақырықпен. Аускультацияда мәліметтер өте көмескі. Кейіннен қабыну процесіне плевра қосылады. Аурудың 3-5-шы күнінде науқас тыныс жетіспеушілігінен қайтыс болады.
Септикалық түрі. Ауру септикалық белгілерімен өтеді; геморрагиялық белгілерімен, ИТШ дамуымен. Кей жағдайларда менингит және менингоэнцефалит дамиды.
Емдегенде аурудың ұзақтығы 1-3 күн. ТІҚШҰ–синдромында, әріқарай асқынған жүрек қан-тамыр жетіспеушілігінде өліммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет