3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет48/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Күтім ерекшеліктері.

  • ол кезге дейін ғылыми жетістіктердің арқасында жаңа препараттар табылуы және жасырын кезең ұзақ уақытқа созылуы мүмкіндігін, науқасқа өзінің ауруы туралы медбике толық ақпарат беруі керек. Науқас мұнымен қатар зиынды әдеттерінен арылуы қажет (темекі тарту, алкоголды ішімдіктерден бас тарту), спортпен шұғылданып, иммунитетін күшейту керек.

  • науқас біріншіден өз туыстарына өзінің ауруы туралы айтып білдіруі керек, бұл кезде медбике науқастың туыстарына айту барысында кеңесші болуы керек.

  • науқас инфекция көзі ретінде өзінің жағдайын қай кезде қауіпті екенін (жыныс жолдары арқылы, парентералды, трансплацентарлы), қандай жыныстық жолдар қауіпсіз екенінде толық ақпарат алуы тиіс. Науқас қарсыласқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

  • науқас жұмыс орнын және достық айналасын жоғалтпау үшін медбике науқастың ауруын медициналық құпия түрінде ұстауы қажет.

  • медбике әркезде барлық адамдарға АИЖВ-инфекциясының тұрмыстық жағдайда қауіпті емес екенін түсіндіріп отыру керек.

  • егер науқас және оның жолдасы бала босануды көздейтін болса, онда медбике 50% жағжайда босану барысында берілу мүмкіндігін, ал емделген жағдайда ол 8-2%-ға төмендеуіне ықпал ететінін ескерту мідетті.

  • клиникалық симтомдарды жеңілдету.

  • максималды түрде науқас ағзасының қарсы тұру қабілетін жоғарлату керек.

  • науқасты қоршаған ортадан қорғау.

Науқасты бөлек палатаға немесе боксқа жатқызып, бөлмені үнемі желдендіріп тұру қажет, арнайы өзіндік ыдыстар беріледі, және де бөлмені үнемі дезерітінділермен өңдеп, ылғалды тазалап отырады. Барлық бұл ережелер науқасты қоршаған ортадағы инфекцияны қабылдағыштығы жоғары болғандықтан сақтау керек.
Науқастың күтім жағдайы туындаған ауруларына байланысты жүргізіледі, егер ол шигеллез болса онда ол ішек аурулары кезіндегі күтімді талап етеді.
Емі.

  1. Қорғау-психомоторлық режиммен қамтамасыз ету.

  2. Вирусқа қарсы емді өз уақытында бастау.

  3. Екіншілік ауруларды мүмкіншілігінше ерте анықтау және емдеу.

  4. Дезинтоксикациялық терапия контрикал, гемодез, декстранды қосумен және т.б.

  5. Симптоматикалық ем.

  6. Иммунитетті көтеретін ем (лейкомасса, эритромассаны, сары суды құю, тимоген, тималин, интерферондар, интерферонның индукторын қолдану).

Иммуномодуляторларды тек қана бастапқы немесе аралық кезеңде егер екіншілік аурулар болса тағайындалады, себебі осы кезеңде ғана иммундық жүйені күшейтуге болады. ЖИТС кезеңінде – иммуноалмастырушы терапия жүргізіледі.
Егер иммунды процесс айқын болса, онда иммунодепрессанттар қолданылады.

  1. Витаминдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет