3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет12/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі ауру адам және тасымалдаушы. Тасымалдаушы жануарларға жабайы және құстар жатады. Берілу жолдары – нәжіс-ауыз арқылы, тағам (сүт, ет өнімдері және су арқылы) және су арқылы. Маусымдылығы – жаз-күз айлары.
Патогенезі. Қоздырғыштың ену қақпасы асқазан-ішек трактісінің кілегей қабаты. Кілегей қабатында қоздырғыштан бөлінген эндотоксиндердің әсерінен диарея, интоксикация дамиды. Диарея сусыздануға электролиттердің азаюына, қалыпты ішек микрофлорасының бұзылуына әкеледі. Аурудың клиникалық белгілерінің айқындығы мен ауырлық дәрежесі эндотоксинмен улану, су-тұз алмасудың бұзылу тереңдігіне байланысты. Ерте жастағы балаларда диареямен интоксикация ауыр дәрежеде көрініп патологиялық процесс жайылған сипат алып ауыр асқынуларға ұласады (ШТҚҰ-синдромы, ИТШ).
Клиникасы. Жасырын кезеңі 12-24 сағат, орта есеппен 10-12 сағат.
Біздің елемізде келесі клиникалық жіктеліс қолданылады:
I. Жергілікті немесе гастроинтестиналді түрі.
Ағым нұсқасы:

  • Гастриттік

  • Гастроэнтериттік

  • Гастроэнтероколиттік

II. Жайылған түрі.
Ағым нұсқасы

  • Сүзек тәрізді

  • Септикалық

III. Бактериатасымалдаушылық: жедел, созылмалы және транзиторлы.
Жүрек айнуы, құсу, эпигастриде ауру сезімі, тілдің жабындымен жабылуы, диарея пайда болады. Дәреті жиі, көп мөлшерде, сұйық, жағымсыз, иісті, жасыл түстес, қан араласпаған және шырыш болмайды. Іштің кебуі, құрылдауы, ішек бойымен жайылып ауруы тән. Гастрит белгілері энтериттен біраз ертерек дамиды. Жедел гастроэнтерит синдромы инфекциялық процестің жалпы белгілерімен үлеседі жоғары температура, айқын интоксикация белгілері, нейтрофилді лейкоцитоз формула солға ығысқан. Температура бірінші күні-ақ өте жоғары болады. Қатты әлсіздік және бас айналуы тән. Беті бозарған, аяқ қолы көкшіл (акроционоз). АҚ (максималды және минималды) төмендеген.
Үлкен дәреттің жиілеуі, ауыр ағымында тәулігіне 50 ретке дейін болуы мүмкін. Нәжіс сипаты сұйық, кілегейлі, жасыл түсті және жағымсыз иісті «батпақ мүгі» тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет