3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ



бет28/52
Дата01.12.2023
өлшемі134,2 Kb.
#194472
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
метод-ПЗ-инф.бол.-СД-каз

Вирусты гепатит Е
Гепатит Е (ГЕ) – РНҚ - құрамдас вируспен шақырылатын, фекальді –оральді механизммен берілетін (инфицирленген су арқылы) және клиникалық көрінісімен, ГА сәйкес сипатталатын жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы. Вирусты гепатит Е (HEV) – вирус тәрізді бөлік, салыстырмалы түрде үлкен емес, диаметрі 26-34 нм сфералық формалы бір спиральді РНҚ құрайды, HАV – пен антигенді байланысы жоқ. Қазіргі кезде вирус Е калицинтәрізді вирустар қатарына жатқызылады.
Эпидемиологиясы. ГЕ берілу механизмі фекальді-оральді антропонозды инфекцияларға жатады.
Инфекция көзі – ауру адам болып саналады. Берілудің негізгі жолы –сулы. Сонымен қатар, инфицирленген тағамды қолдану кезінде жұғуы мүмкін. Контактты заттар арқылы жұғу жолы ГЕ-ге жатпайды, себебі аурудың нәжісінде вирустың концентрациясы айтарлықтай төмен, ГА-мен ауыратын науқаспен салыстырғанда.
ГЕ ауруының ең жоғарғы саны Оңтүстік – Шығыс және Орталық Азияда, Индияда, Орталық Америкада тіркеледі. Тропикалық елдерде аурудың жоғарылауы жауын-шашынға сәйкес келеді, Орталық Азияда – күз-қыс кезеңінде күшейеді. Ресей аумағының Европалық бөлігінде ГЕ спорадикалық түрде байқалады.
15-30 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады. ГЕ ауруының 5-10 жас тобындағыларда болмауы HEV инфекциондылығы өте төмен және инфицирлеуші мөлшердің кіреберісінде өте жоғары болуымен түсіндіріледі.
ГЕ-ден кейінгі иммунитет өмірлік болып қалмайды, сол себепті бірнеше жылдан кейін ауру қайталануы мүмкін.

ГЕ жаңа классификациясы қандай?


Қазіргі уақытта жедел ГЕ-нің бірегей жалпы қабылданған классификациясы жоқ, сол себепті диагноз толтырар кезде Колтыпин принциптерін қолданған дұрыс, онда типін, ауырлық түрін және аурудың ағымдық сипатын көрсету керек.

ГЕ патогенезінде жаңа көзқарастар қандай?


ГЕ патогенезі толық зерттелмеген. ГА- дан айырмашылығы жоқ деген пікірлер бар.
НЕV ішек-қарын трактісінен портальді қан арқылы гепатоциттерге енеді. Осыған байланысты тікелей вирусты цитолиз дамиды, ал иммунопатологиялық механизм ешқандай роль атқармайды. Қалыптасқан антиденелер вирустың бөліктерін байланыстырады және инфекционды процесті тежейді.
Қазіргі уақытқа дейін жүктілердегі ГЕ-нің ауыр және өте ауыр формасының даму механизмдері түсініксіз болып қалды. Ерекше вирулентті НЕV мутантының даму мүмкіндігі беріледі, ол жүкті әйелдерде иммунды жауапқа қарсылық туындауы нәтижесінде.

ВГЕ кезінде бауырда қандай патормофологиялық өзгерістер анықталады?


ГЕ ауыратын науқастардың бауырының биоптатын морфологиялық зерттегенде өзгерістер анықталмайтыны куәландырады. Шартты түрде ешқандай патологиялық ГА-ға ұқсас гепатоциттердің негізгі массасы зақымдалмағанда, фекальды немесе бауырдың дақты некрозының дамуында некробиотикалық процесс шектеледі. Жүктілерде фульминантты формасы жалпыланған мосттәрізді, субмассивті немесе бауырдың массивті некрозымен сипатталады.

ГЕ-нің негізгі клиникалық кезеңдерінің ұзақтығы қандай?


ГЕ-нің инкубациялық кезеңі 10-нан 50 күнге дейін созылады.
Сарғаю алды кезеңінің ұзақтығы 3-7 күнді құрайды.
Сарғаю кезеңі қысқа және 1-2 аптадан аспайды.
Клиникалық сауығу 2-3 аптадан кейін басталады.
Бауырдың құрылысы мен функциясының толығымен қалпына келуі 2-3 айдан кейін жүреді.

ГЕ-нің клиникалық көрінісінің ерекшелігі қандай?


Аурулардың көпшілігінде ГЕ клиникалық ағымы басқа вирусты гепатиттермен салыстырғанда ерекше сипаттамалары жоқ. Аурудың басталуы жедел және біртіндеп жүреді, сарғаю және сарғаюсыз формалары тіркелген.
Сарғаю алды кезеңі анық көрініс береді, бірақ болмауы да мүмкін. Ереже бойынша диспепсиялық тип түрінде өтеді, бірақ артралгия, диарея болуы мүмкін. Қызба тұрақты емес. Сарғаюдың пайда болуы кезінде гепатомегалия, ахолия, холурия дамиды.
Сарғаю кезеңі қысқа. Тері мен склераның сарғаюы анық емес. Аурудың холестатикалық формасы дамуы мүмкін. Жалпы инфекциялық симптомдары қысқа уақытты және әлсіз көрінеді.
Параклиникалық тексеру кезінде анықталады:
● АлАТ және АсАТ белсенділігінің жоғарылауы;
● Тимол пробасының жоғарылауы;
● Зәрде өт пигменттері.
ГЕ циклдік ағыммен сипатталады, процестің созылмалығы анықталмайды, жазылумен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет