3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті



Дата23.05.2017
өлшемі40,77 Kb.
#16688
3-ШІ ДЕҢГЕЙ МҰҒАЛІМІНІҢ ПОРТФОЛИОСЫН БАҒАЛАУ
МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫНЫҢ СЫРТҚЫ БЕТІ:

  1. Мұғалімнің Т.А.Ә.;

  2. Жұмыс орны, лауазымы, міндеттері;

  3. Кәсіби қызметі туралы ақпарат.






Құжаттың атауы

Көлемі

Мерзімі

Портфолио құжатының бағалау крититерийі

А


Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлективтік есеп.
Бұл есепте модульдің тақырыбы 2-таныстырылымда талқыланатын модульден басқа болуға тиіс.
Рефлективті есепті жазғанда Сізге қажет:

    • Оқыған модуль тақырыптарының сұрақтары шеңберінде және түйінді тұжырымдамаларды меңгергендігін көрсету;

    • Өз әрекеттеріңізге негіздеме жасаған кезде Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы қатысты бөлімге, бірінші бетпе-бет кезеніңдегі дәріс материалдарына, Сіздің оқу мен оқытуңыздағы қолданған әдебиеттерге сілтемелер жасау.

    • Өзініздің тәжірибеңіздегі жаңа идеяларды жүзеге асыру нәтижесін талдау қабілетіңізді көрсету.

2000 сөз




Өзіңіздің оқу үдерісінде аталған модуль шеңберіндегі қандай нақты мәселелер туралы білдіңіз?

Тақырыпқа байланысы бар Сіздің оқыту практикаңызда қандай тәжірибе және/немесе бақылаулар болды?

Тізбектелген сабақтарды жоспарлағанда Сіз модульдің жаңа идеяларын қалай қолдандыңыз?

Тақырыпқа байланысты оқыту тәсілдері туралы не ойлайсыз?

Сіздің ойыңыз бойынша осы тақырыпқа тиісті оқыту тәсілдері мектептерде қолданыла ма?


В1

Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба.

  • 250 сөз түсініктемеде Сіз жоспарлаған кезде оқу мен оқытуда жаңа тәсілдерді қалай біріктірдіңіз соны түсіндіріп кетуіңіз қажет;

  • Оқыту үдерісінде жеті модуль идеяларын жүзеге асыратын туралы бір пән тақырыбы бойынша барлық әрекеттер үлгілері бар орта мерзімді жоспар

  • Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын (кем дегенде төрт сабақ) орташа мерзімді жоспарлау.

  • оқыту үдерісінде жеті модуль идеялары жүзеге асқаны;

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді ықпалдастыру.

Түсініктеме 250 сөз + Жоспар




Оқу үдерісінде жеті модуль идеяларын жүзеге асыруды қалай жоспарладыңыз?

Сіз жоспарлаған кезде оқытуда жаңа тәсілдерді қалай біріктірдіңіз?





В2

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлективтік есеп.
Ұсынылған материалдар тақырыбы 3- және 4-таныстырылымдарда талқыланатын тақырыптан өзгеше болуға тиіс.

  • оқушы жұмыстарының фотосуреттері;

  • оқушы жұмыстарының үлгілері;

оларды бағалау жөніндегі жазбалар және т.б.


2000 сөз




Осы сабақты жоспарлағанда және өткізгенде, Сіз жаңа идеяларды қалай қолдандыңыз?

Өз оқушыларыңыздың оқуы мен дамуы үшін Сіз оқу ортасын қалай орнаттыңыз?

Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, формалардың тиімділігін Сіз қалай анықтадыңыз/бағаладыңыз?

Оқушылардың оқу үдерісінің нәтижелігін Сіз қалай дәлелдей аласыз?



В3

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша бір есеп. Бұл есепте мұғалім әріптестерімен талқылау кезінде не үйренгені, не білгені туралы және осы тапсырма туралы өз пікірін жазып кету қажет.



1000 сөз




Бұл есепте Сіз келесі біліктіліктерді көрсетуіңіз қажет:

  • Пікірлер мен түсініктемелерді бірізді ұсыну және құрылымдау;

  • Ақпаратты ұсыну үшін әртүрлі құралдарды\формаларды пайдалану (кестелер, суреттер және қосымшалар);

  • Бағдарлама мәнмәтініне байланысты академиялық талаптарға сай түсінікті, сауатты тілді пайдалану.

С

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.


  • өзгерісті басқару бойынша дағдылар мен икемдер;

  • өзгерісті енгізгеннен кейін пайда болған нәтижелер;

  • Келешектегі тәжірибеде қолдану үшін қорытынды шығару дағдылары мен икемдері




2000 сөз




Оқушыларды оқыту үдерісі арқылы Сіз өзіңіздің қызметіңіз туралы не білдіңіз?

Сіз өзіңіздің тәжірибеңіздің өзгерістерін қалай басқардыңыз және қандай нәтижелерге ие болдыңыз?

Өз практикаңыз туралы оқытудағы жаңа идеяларды, тәсілдерді, заманауи теорияларды қолдануда рефлективтік ойлану нәтижесінде мұғалім қызметіңізде Сіздің болашақ әрекеттеріңіз қалай өзгереді

Келешектегі мұғалім практикаңызға Сіз нақты қандай өзгерістер енгізесіз?





Барлығы 5 есеп - 7250 сөз


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет