3-ші тақырып ӨНД1Р1с теориясы. Өндірістік шығындар



бет1/3
Дата19.03.2022
өлшемі26,63 Kb.
#136187
  1   2   3
Байланысты:
3 apta 3 praktika ondiris teoriyas . ondiristik sh g ndar


3-ші тақырып ӨНД1Р1С ТЕОРИЯСЫ.
Өндірістік шығындар


Практика сабағына мына сұрақтарды талдауға дайындалыңыз:

1. Өндіріс және өндіріс функциясы


2. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндіріс. Шекті өнімділіктің кему заңы
3. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
4. Өндіріс ауқымының өсу әсері (тиімділігі)
5. Өндірістік шығындар: мәні, түрлері
6. Изокоста. Өндірушінің теңдігі
7. Қысқа мерзім кезеңіндегі өндipic шығындары
8. Ұзақ мepзiм кезеңіндегі өндіріс шығындары


Өзіндік жұмыс (тапсырманы орындап Платонус арқылы жіберіңіз)

1.Фирманың тұрақты шығындары дегеніміз.



  1. Сатып алған кездегі баға мен ресурстарға кеткен шығындары.

  2. Қолайлы жағдайда өндірген кез келген өнім көлеміндегі өндірістің ең аз шығындары.

  3. Өнім өндірілмеген жағдайда фирманың өтейтін шығындары.

  4. Өнім көлеміне байланысты шығындар.

  5. Фирманың барлық шығындары.

2. Шикізатқа баға төмендегенде:


А) жалпы шығындар төмендейді;
В) орташа шығындар көтеріледі;
С) өзгермелі шығындар төмендейді;
Д) тұрақты шығындар төмендейді;
Е) шекті шығындар төмендейді

3. Изокоста дегеніміз не?


А) Өндірістік процесте шығарылатын тұрақты өнім көлемі.
В) Жалпы шығындарының құны бірдей болатын еңбек пен капиталдың әр түрлі сәйкестігі.
С) Өнім өндіруде жұмсалатын тұрақты орташа шығындар құрылымы.
Д) Құндары әр түрлі болатын еңбек пен капиталдың әр түрлі сәйкестігі.
Е) Барлық жауаптар дұрыс

4. Шекті шығындар нені көрсетеді:



  1. Балама шығындарды.

  2. Өнім көлеміне тәуелді шығындар.

  3. Өнімнің бір бірлігіне шаққандағы орташа шығындар.

  4. Өнім көлеміне тәуелсіз шығындар.

  5. Өнімнің қосымша бір бірлігін өндіруге кеткен шығындар.

5. Айқын шығындарға төмендегілердің қайсысы жатады?


А) Шикізат пен материалдар құны.
В) Жұмысшылар жалақысы.
С) Амортизациялық төлемдер.
D) Салықтар
Е) Барлық жауабы дұрыс.

6. Фирманың орташа өзгермелі шығыны –2 теңге, ал орташа тұрақты шығыны-0,5 теңге болса, онда 500 дана өнім шығаруға қажет жалпы шығын қандай болады?


А) 2,5 тг.
В) 1250 тг.
С) 750 тг.
D) 1100 тг.
Е) 1150 тг.

7.Сыртқы шығындар дегеніміз:


А) Жабдыктаушылардан сатып алынған өндіріс ресурстарының құны
В) Өндірілетін өнім көлеміне байланысты емес шығындар
С) Өз меншігіндегі ресурстарды колданудың баламалы құны
D) Өндірілетін өнiм көлеміне байланысты өзгеретін шығындар
Е) Шикізаттар мен материалдарға, жалдамалы жұмысшылар жалақысына және т.б. кеткен шығындар.

8. Шекті шығындар қалай анықталады:



  1. MC = ТC / Q.

  2. MC = ∆TC / ∆Q.

  3. MC = VC / Q.

  4. MC = FC / FC + VC.

  5. MC = FC / Q.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет