Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
- Мекен-жәйің?
- Мекен-жәйім - жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін!
Оқушы:
Поэзиядағы алғашқы қадамдары
Ақынның бала кезінде жазған өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” газетте жарияланды. “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған ақын Әбділдә Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.
Оқушы:
Мұқағали — қазақтың өлең-сөзін жаңа биіктерге көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Достарыңызбен бөлісу: |