3 сынып Сынып сағаты Тақырыбы: Ел бірлігі –достық бастауы Мақсаты



Дата11.05.2020
өлшемі17,96 Kb.
#67326
Байланысты:
3 сынып Тәрбие сағаты


3 сынып Сынып сағаты

Тақырыбы: Ел бірлігі достық бастауы

Мақсаты : Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, экономикасын, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, білімді болуға, көп тілді меңгеруге үйрету Ой — өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.

Мұғалім : Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.


1.Бейнепрезентация «Ел бірлігі-достық бастауы»

2.Бейнекөрініс тамашалау «Бірлігі жарасқан Қазақстан»
Бейнекөріністен нені тамашаладыңдар?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

3. «Тіл өнері»

Бұл бөлімде мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, 3 тілде айтады.

Құсқа екі қанат қандай қажет болса, осы күнгі қазақ жастарына осы 3 тілді білу сондай қажет.

1.Білім теңіз(мектеп) кеме (школа, мектеп, school)

2.(Қыз) қылығымен көркем.( қыз, девочка, girl)

3. Өнер ады қызыл (тіл) (тіл, язык, language)

4.Жалқаудың жаны тәтті еңбектің (наны) тәтті.( нан, хлеб, bread)

5. Таяқ еттен өтеді (сөз) сүйектен өтеді( сөз, слово, words)

6. ( Ана) көңілі балада.( ана, мать, mother)

7. Көңілдегі сырды (көз) білдіреді. (көз, глаза, eyes)

8. Сіз деген әдеп, (біз) деген көмек. (біз, мы, we)


4. Сурет байқауы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет