Байланысты: 6 Дәріс Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
4 топ. Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бұл балалар жоғары сезімталдығы мен және тез ренжігіштігімен,сын мен қолдамауды жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр басқан,олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады. Оларда басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі төмендеген; олар қарапайым әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ балалары үшін тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына ұмтылу тән. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да өзгерген кезінде оларда бірден қорқыныш пен ыңғайсыздықтың жоғарлауы байқалады. Қимыл-қозғалыстыңтежелулігі мен сенімсіздігі тән. Оларда жиі жағдайда психикалық және сөйлеу тіл дамуының тежелуі байқалады. Сөйлеу тілі байланысқан, бірақ кедей, көмескі.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсеткен, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзеудің әдістемелік, ғылыми негіздемесі болмаған.
Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалары бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу).