1. Тіндер, өздеріңіз білетіндей, жануарлар организмін ұйымдастырудың иерархиялық деңгейлерінің бірі болып табылады, өз кезегінде олар құрамдас бөліктерден немесе элементтерден тұрады. 1) Бұл элементтер қалай аталады? 2) Оларды тізімдеңіз. 3) Қайсысы негізгі, қайсысы туынды болып табылады?
2. Эпителий қабаты(пласты) базальды мембранаға қатысты ядролары әркелкі орналасқан жасушалардан тұрады. Дегенмен ядролардың барлығы базальді мембранамен әрекеттеседі (байланыста). Бұл эпителийдің қай түріне жатады?
3. Тіндердің эволюциясы туралы теориялардың біріне сәйкес эволюция барысында тіндер белгілерінің(признаки) әртараптануы нәтижесінде пайда болады. 1) Бұл тіндердің филогенетикалық даму теориясы қалай аталады? 2) Бұл теорияны кім жасады? 3) Бұл ғалым тағы не үшін танымал?
4 Эпителий қабаты базальды мембранада жатқан клеткалардан, және мембранамен контактісіз жасушалардан тұрады. Қабаттың(пласттың) жоғарғы жасушалары алмұрт тәрізді немесе тегістелген пішінді болады. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?
5. Патология жағдайында асқазанның жабынды эпителийінің құрамында патолог дәрігер бокал жасушаларын тапты. 1) Эпителийдің қандай түрі асқазан қуысын тыстайды? 2) Неліктен бұл эпителийдің мұндай атауы бар екенін түсіндіріңіз? 3) Асқазан эпителийінде болған өзгерістерді қалай атауға болады және эпителийдің одан әрі өзгеруіне қандай болжам бар?
6. Без препаратыннан оның шығаратын өзегі тармақталғанын байқауға болады. Олардың әрқайсысында дорбаға ұқсайтын бірнеше соңғы бөлімдер ашылады. Бездің морфологиялық типі қандай?
7. Терінің кішкене аймағында эпидермистің барлық қабаттары жойылды. Бұл жағдайда регенерация қалай жүзеге асырылады?
8. Түрлі сөл бөлетін үш без беріледі: біріншісі - ақуыз, екіншісі - шырышты, үшіншісі - май. 1) Осы бездердің секреторлық жасушаларында қандай органоидтар дамиды? 2) Осы жасушалардың цитоплазмасының тинкториалды қасиеттері туралы не айтуға болады?
9. Секреторлық жасушаның электроннограммасы оның цитоплазмасының апикальды бөлігінде секреторлық түйіршіктердің көп болатындығын көрсетеді. Олардың кейбіреулері бір-бірімен және лизосомалармен бірігеді. 1) Қандай безде осы секреторлық жасуша бар? 2) Секреторлық циклдің қай фазасында жүреді? 3) Секреторлы түйіршіктердің лизосомалармен бірігу процесі қалай аталады және оның функционалдық маңызы неде?
10. Безді жасушаны электронды микроскопиялық зерттеуде элементтері цитоплазманың көп бөлігін толтыратын түйіршікті эндоплазмалық тор, жақсы дамыған қабатты(пластинчатый) кешен анықталды. Мұндай сипаттама секреторлық циклдің қай кезеңіне тән?
11. Тіндердің эволюциясы теорияларының бірі эволюция барысында құрылымы мен қызметі бірдей тіндер филогенетикалық тармақтың (ағаштың) әр түрлі тармақшаларында (бұтақтарында) бір-біріне тәуелсіз, дербес пайда болды деп тұжырымдайды. 1) Бұл тіндердің филогенетикалық даму теориясы қалай аталады? 2) Бұл теорияны кім жасады? 3) Бұл зерттеуші тағы не үшін танымал?
12. Эпидермистің мүйізді, жылтыр және дәнді қабаттары жойылды. Оны қалпына келтіру мүмкін бе?
13 Екі препарат берілген. Бірінші препаратта секреторлық жасушалар барлық жағынан қан капиллярларымен қоршалған баулар түзеді, екіншісінде секреторлық жасушалар шығару жолымен байланысқан альвеоланы құрайды. Бездердің түрін ажыратыңыз?
14. Шығу тегі эндодермальды эпителиалды төселген екі қуысты ағзаның микропрепараттары ұсынылған. Олардың бірінің эпителиоциттерінің көпшілігінде бос бетінде кірпікшелер, ал екіншісінде жиегі болады. Препараттардың қайсысы ішек, ал қайсысы трахея екенін анықтаңыз?
15. Терінің кішкене аймағында эпидермистің барлық қабаттары жойылды. Ол қалай қалпына келтіріледі?
Достарыңызбен бөлісу: |