№30 Көктөбе орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Ас – адамның арқауы»
1 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі: Сарсенова Лаззат Сейтқызы
2017 – 2018 оқу жылы
Ашық тәрбие сағаты Тексерілді:
Күні: 23.01.2018 ж
Сыныбы: 1 «А»
Тақырыбы: «Ас – адамның арқауы»
Мақсаты:
1.Оқушыларды дастарқан басында сақталатын рәсімдермен,ырым-тиымдармен таныстыру.ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен және ыдыс –аяқ түрлерімен таныстыру.
2.Оқушыларды дәстүрді сақтауға,нанды және басқа да тағамдарды қастерлеуге,ас ішу тәртібін сақтауға тәрбиелеу
3.Оқушылардың мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру,тілдерін дамыту,сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі:Нақыл сөздер,ашылмалы кітапша,қанатты сөздер
«Тамақты тарта жесең санаңды ашар,көп жесең ұйқы басар.»
«Таспен атқанды аспен ат.»
«Дүниедегі байлықтың түрі көп,солардың ең негізгісі де осы нан байлығы.»
Сабақтың жүру реті:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Жылулық шеңбері
Ас – адамның арқауы,
Аспен күш артады.
Тағам іш жағымды,
Тазартар жаныңды.
ә) Топқа бөлу
І топ – Қасық
ІІ топ – Шанышқы
ІІІ топ – Пышақ
б) Қызығушылығын ояту
Әріптер мен сандардың көмегімен сөз құрап, тәрбие сағатымыздың тақырыбын табу.
1
|
2
|
4
|
6
|
7
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
15
|
а
|
н
|
р
|
-
|
у
|
с
|
ы
|
д
|
м
|
қ
|
ң
|
1
|
9
|
6
|
1
|
11
|
1
|
12
|
2
|
10
|
15
|
|
1
|
4
|
13
|
1
|
7
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ. Жаңа сабақ
«Ас – адамның арқауы»
Кіріспе сөз
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз 4 бөлімнен тұрады:
І. «Ас атасы - нан»
ІІ. «Дастарқан басындағы дәстүрлер»
ІІІ. «Дастарқан басындағы ырым-тыйымдар»
ІҮ. «Ас ішу тәртібі»
Олай болса, І бөлім – «Ас атасы - нан» бөлімін бастаймыз.
І.«Ас атасы – нан»
Тағамның ең асылы — нан. Бүкіл тіршіліктің өзегі — нанды баршамыз қастерлеуге міндеттіміз. Нанның аяқ астында жатқанын көргенде, оны жерге немесе қоқысқа тастаған адамның жүрегі қалай дір етпеді дейсің? Ысырапқа жол бермеуіміз қажет. Алайда, мұны көптеген құрбыларымыз ескере бермейді.
Нан — Алла тағаланың адам баласына сыйлаған ең ардақты тартуы. Қай тағамды алмаңыз, бәрі де нанмен дәмді, нанмен ғана қуатты. Ол біздің алдымыздағы дастарқанға келгенше, қаншама маңдай тер төгіледі. Мұны диқан ғана біледі. Сондықтан, нанды қорлауға ешкімнің де қақы жоқ. Алтының тасып, ақшаң көп бола берсін. Бірақ, оған сатып алатын нан болмаса, байлықтың ешбір мәні болмайды. Нан — ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Музыкалық пауза. Бейне ролик
Арай:
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.
Елнұр:
Нан ардақты асыл ас
Аттамас одан кәрі жас
Ақ дастархан үстінде
Қол жумай оны ұстамас.
Балалар, нан қайдан алынады?
(ұннан,ұн-бидайдан)
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Жеңісхан:
Бидай; Нан анасы бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын
Бидаймен бірге адамның тағамы ретінде қандай астық түрлері өседі? – тары,күріш,жүгері
Ләйлә:
Тары: Ақ, қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халық еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Еркебұлан:
Күріш: Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Осы бидай,күріш,тарыдан нелер дайындалады?
Ерасыл:
Түрлі түрлі көженің
Дәмін таттым мен өзім
Тары бидай көжені
Жеңсік астай көремін.
Айару:
Бұршақ көже, сүт көже
Картоп көже, құрт көже
Күріш көже барлығын
Көже деген жұрт неге?
Асхат:
Тамсандырған талайды
Тіл үйіріп дәмімен
Жасайды бұл палауды
Ет, май, күріш, сәбізден
Іңкәр:
Палаудың да көп түрі
Қосады оған мейіз де
Мейіз палау деп мұны
Тамсанамыз жейміз де.
Нұрасыл:
Ет туралған ішіне
Күріш көже ішіп ем
Қандайлығын дәмінің
Білмей әрі-сәрімін
Ащы ма , әлде тәтті ме?
Қышқыл ма, әлде дәмді ме?
Балалар:Күріш көже дәмді.
Аяла:
Қатық айран қымызды
Талай-талай сімірдім
Қандайлығын дәмінің
Білмей әрі-сәрімін
Ащы ма , әлде тәтті ме?
Қышқыл ма әлде дәмді ме?
Балалар: Қатық ,айран,қымыз-қышқыл болады.
Мұғалім;Балалар осы көженің барлығына,яғни көпшілігіне не қосады?
Балалар: Сүт.
Мұғалім: Ендеше сүт туралы айтып кетейік.
Нұрхан:
Ыстық ыстық сүт ішсең
Дәмі кетпес таңдайдан
Бой жадырап кенеттен
Буы шығар маңдайдан.
Арай:
«Ағарған»деп «ақ дәм» деп
Аналар төгіп шашпайды
Сүт төгілсе обал деп
Аяғымен баспайды.
Мұғалім: Сонымен « Ас атасы – нан»екенін және де басқа да бірнеше біздің тіршілігімізге қажетті тағам түрлері бар екенін білдік.
ІІ.Дастархан басындағы дәстүрлер
Назерке:
1.Халық қуанышты да қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту,бата беру,достасу бәрі де дастархан басында шешілген.сондықтан халық дастарханды «Құттыхана берекесі» деп атайды.
Жеңісхан:
2.Дастарханнан дәм татқандар татуласу,келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
«Таспен атқанда аспен ат» деп халық бекер айтпаған.себебі,дастархан дәмі-киелі,оны татып келісімін бұзса,астың киесі ұрады дейді.
Арай:
3.Дастархан күнделікті отбасының тамақтануына,үйге келген адамға ас су беруге,дәм таттыруға,той-тамашаға жайылады.
Нұрболат:
4.Онда ас қою,ас ұсыну,ас алу,ас қайыру,асқа бата беру рәсімдері орындалады.
Ерасыл:
5.Дастархан басында ас алдымен ата-анаға,үлкенге ұсынылады.
Ләйлә:
6.Дастархан басында адамдар жасына қарай отырады.
Еркебұлан:
7.Тамақ ішер алдында,тамақтанып болған соң қолға су құйылады.Құйылатын су жылы болуы керек.
Бекболат:
8.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім
Айару:
9.Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
Елнұр:
10.Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен, әрі құрметті адам асқа бата береді.
Бата беру
Сұрасаң бата берейін
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын
Көк жайлауда жайлаған
Жылқыларың көп болсын
Сабаң толсын қымызға
Шараң толсын уызға . Әумин!
Мұғалім: Қазірде тойларда дастархан жаю мәдениетті дәстүр.Онда астың барлық түрлері болады.Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарқанның сәні.
Назерке:
Той дастархан,той үлгі
Бай дастархан жайылды
Атап-атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық
Жеңісхан:
Жамбас қойдық құдаға
Жал мен жая сыбаға
Қалақтай төс жездеге
Қазы қарта өзгеге.
Іңкәр:
Қазы қарта жал-жая
Сүрі ет шұжық балдай ә
Қақтыратын таңдайды
Қуырдағы қандай ды.
Нұрболат:
Балаларға тортымыз
Барлық жұртқа құртымыз
Бал мен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
Аяла:
Уыз қаймақ тағы бар
Уылдырық табылар
Табан , сазан,майшабақ
Табақ тарттық қайталап.
Нұрасыл:
Қауын,қарбыз,көкөніс
Қанша жидек көп жеміс
Қане тойдан тойыңдар
Кәдеден соң ойын бар.
Ойын «Кішкентай аспазшы» постер қорғау
( Үш топқа үш түрлі астың дайындалуын айтып беру тапсырылады.)
Тапсырма:
1.Наурыз көже қай уақытта дайындалады?Оның құрамына не қосады? (суреттерді ретімен жапсырып, қорғау)
2.Бауырсақты қалай дайындайды? (Суретті бояп, қорғау)
3.Құртты қалай дайындайды? (Пазл құрастыру, қорғау)
ІІІ.Дастархан басындағы ырым – тыйымдар
Бекболат:
1.Ас жүрген жер береке.
Асхат:
2.Дастарханға бірінші нанды қояды.
Нұрхан:
3.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
Аяла:
4.Нанды бір қолмен үзіп жеуге болмайды.
Нұрболат:
5.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
Асхат:
6.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.сынық ыдыспен ас ішу-жаман ырым.Бұл жүзің сынып,көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
Ләйлә:
7.Ас ішіп болған соң «тойдым»деуге болмайды, «қанағат »деу керек.
Елнұр:
8.Дастарханнан атауға болмайды.
Іңкәр:
9.Ас үстінен аттама,астан үлкен емессің.
Ерасыл:
10.Ертеңгі асты тастама,кешкі асқа қарама.
Айару:
11.Өле жегенше ағайынмен бөле же.
Жеңісхан:
12.Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
Еркебұлан:
13.Ми жемейді жас бала
Миды үсын басқаға
Былжыр болып өсеміз
Ынжық болу масқара
Нұрасыл:
14.Жас балаға ұстатпайды бұғана,
Қортық болып өсер ертең бұл бала.
ІҮ.Ас ішу тәртібі
Бейнеролик көрсету
Назерке:
Ас адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден
Бойға сіңіп тарқауы
Үшін керек ереже
Нұрхан:
Тамақты іш күнде сен
Белгілі бір мерзімде
Таңертең түс түстен соң
Жатар алды кезінде.
Мұғалім: Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай,тәртіппен тамақтану,қасықты оң қолда ұстау,түзу отыру,тазалықты сақтау керек.
Бекболат:
Сорпа көже кеспені іш
Сорпылдатпай еппен іш
Алып жәймен алдыңа
Үгітпей же нанды да.
Арай:
Асты төкпей шашпай іш
Алақ-жұлақ етпей іш
Жаман әдет білгенге
Шайды ыстық деп үрлеме.
Келген асты алдыңа
Тауысып іш қалдырма.
Мұғалім:
Тарта жесең тай қалар
Қоя жесең қой қалар.
Қоймай жесең нең қалар- дегендей тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
Тамақ ішіп отырып кітап оқуға,теледидар көруге болмайды.
Мұғалім: Құрамында түрлі витаминдері бар тағамдар туралы айтайық:
Айару:
Алуан түрлі азық бар
Ет май сүтпен балықтар
Көкөністер жемістер
Витаминдер жидектер
Бірдей емес барлық жұрт
Бірі толық бірі арық
Байланысты ол талғамға
Қоректенер тағамға
Мұғалім:
Тамақты талғаммен ішу керек.Олардың құрамында түрлі витаминдер бар. Олай болса, «дұрыс тамақтану пирамидасына» қарайық.
Еркебұлан:
Витаминдер тірегің
А;В;С;Д;Е деп аласың
Жетіспесе бірі оның
Ауырып сен қаласың.
А-сы қажет көзіңе
В-сы жүйке тоғайтар.
С-дан микроб безінер
Д- сүйекті нығайтар.
Мұғалім:
«А»-витамині балық майында,сүтте,сарымайда,көкөністер мен жемістерде болады.
«В»- витамині бидайда,күріште,жаңғақта болады.
«С»- витамині апельсинде,мандаринде алмада болады.
«Д»-витамині ірімшікте,балықта,сүтте болады.
Ұлттық тағамдар адамға өте пайдалы.Олар;бауырсақ,қазы-қарта,жал-жая,қымыз,шұбат,құрт.
Ал, енді ас туралы түрлі жұмбақтар шешіп көрейік:
1.Алға қойып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейіл деп арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? Дастарқан – скатерть – tablecloth
2.Өзі ащы ,бірақ дәмді етер асты Бұл не? Тұз – соль – salt
3.Сұйық еті аппақ
Бауырдай боп қатыпты
Ішсең дәмі тәтті-ақ.Бұл не? Айран – кефир – yogurt
4. Әжем уыстап сығып
Далада кептірген
Қатты әрі тәтті
Дәмін кім бар жеп көрген.Бұл не? Құрт – курт – kurt
5.Аспан түстес сұйық.
Әркім ішер сүйіп.Бұл не? Су – вода – water
6.Ұрмай-соқпай жылатады
Әркім бірақ ұнатады.Бұл не? Пияз – лук - onion
Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар:
1.Төңкерсең күмбез сияқты
Шалқайтсаң құдық сияқты.
Жиегінде қос құлағы бар,
Тік көтерген үш бұтағы бар. (Қазан – казан - kazan)
2. Иінінде құлағы,
Ішінде, бұлағы.
Көмейіне от салсаң
Ызыңдап тұрады. ( Самауыр – самовар - samovar)
3. Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж,быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп
Танауынан су шығар. (Шәйнек – чайник - kettle)
4. Сабы бар, басы шатыр,
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр. (қасық – ложка – spoon )
5. Өткір жүзді келеді,
Өте қажет құрал ол.
Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та турар ол. (Пышақ – нож – knife )
6. Бір сабында төрт басы,
Тапқанын шаншып, түйрейді. (Шанышқы – вилька – fork )
Қорытынды:
Б
а
у
ы
р
с
а
қ
Сөзжұмбақ «Қандай тағам кім білген?»
Үйітіп қазанға асқаным не? (бас)
Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)
Мал төлдер әр ауыл,
Пісірді ақ бауыр. Бұл не? (уыз)
Келіге түйіп ақтағаным не? (Тары)
Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)
Тұзын көріп татқаным не? (сорпа)
Қаймақ шайқап алғаным не? (май)
Күбіге құйып піскенім не? (Қымыз)
« Бір үзім нан » үзінді ( Қадыр Мырзалиев)
Жал-жая ма ?
Қадірлеген атамыз
Құрт- майың ба?
Аздап дәмін татамыз
Бәрін қойып дастарханға
О тоба!
Нан қоюды ұмытып кеп жатамыз.
Бүгін көңіл семірді ғой, семірді
Бітік егін жауып кетті өңірді
Бір жүз грамм ащы суың емес қой,
Бір үзім нан алып қалған өмірді.
Бір үзім нан –қолда кетпен ойнатқан
Бір үзім нан-шымға соқа бойлатқан
Бір үзім нан-нулы көлде шөп шауып
Бір үзім нан-қу далада қой баққан
Бір үзім нан- жүк көтерген бір батпан
Бір үзім нан-Би билеткен жырлатқан
Бір үзім нан- кірпігіңді сулаған
Бір үзім нан-омырауды құрғатқан
Бір үзім нан-бас иемін ізетпен
Бір үзім нан жалғыз басты жүз еткен
Бір үзім нан-майдандағы жігіттің
Ауылдағы абыройын күзеткен.
Татсақ енді
Бақыт дәмін татамыз
Асыл асын қадірлеген атамыз
Бәрін қойып дастарханға
О тоба!
Нан қоюды ұмытып кеп жатамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |