Қазақстан Республикасындағы қорықтар туралы білім алады.
Табиғатты қорғаудың маңызды мемлекеттік іс екенін, оны қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуға тиіс екенін ұғындыра отырып, ерекше қорғауға алынған аумақтар (қорықтар ) туралы білімдерін дамыту
Жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік қатнастарды қалыптастыра отырып, адам, қоғам, табиғат арасындағы толық үйлесімділік рухына тәрбиелеу.
Жаңа сабақ.
Қорық сөзіне ассоциациялық карта құру.
Не? Не істейді?
Қорық
Қорықтар –бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы.
Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-а 16-шы орында. Республика жерінің көлеміне шаққанда 13-і орында. Қазір 10 қорық бар.
Болашақта 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
Әр қорыққа тоқталып түсінік беріледі, қорғауға алынған басты міндеттері өсімдік, жануар, әнші тау т.б. тоқталу.
р/с
ЕҚА аттары
Жер көлемі, мың га
Қорғалатын объектісі
Орналасқан орны
Құрылған мерзімі
1
2
3
4
5
6
1
Ақсу-Жабағылы
85,4
Талас алатауы ландшафтылары.
Өсімдіктердің-1400, сүтқоректілердің -43, құстардың-240, бауырымен жорғалаушылардың-9, балықтардың-4 түрі
Түлкібас,Сайрам аудандары Оңтүстік Қазақстан обл.
1926
2
Алматы
73,3
Іле Алатауы.Сүтқоректілердің -38,бауырымен жорғалаушылардың-4,өсімдіктердің-930, жәндіктердің 800 түрі
Талғар ауданы
Алматы обл.
1931
3
Барсакелмес
18,3
Барсакелмес аралы.Сүтқоректілердің-12,құстардың-202,өсімдіктердің-257 түрі бар.Қазір бәрі де азаюда.
Барсакелмес аралы Қызылорда обл.
1939
4
Наурызым
87,7
Қарағайлы орман, дала мен көлдер. Сүтқоректілердің-30,құстардың-230, қосмекенділердің-3, бауырымен жорғалаушылардың-3,балықтардың-6,өсімдіктердің-687 түрі.
Наурызым ауданы Қостанай обл.
1959
5
Қорғалжын
258,9
Көл экожүйесі. Құстардың-294,сүтқоректілердің-37,қосмекенділердің-2,бауырымен жорғалаушылардың-3,балықтардың-11,жәндіктердің-228,өсімдіктердің-331 түрі
Қорғалжын ауданы Ақмола обл.
1968
(1958)
6
Марқакөл
75,0
Оңтүстік Алтай таулы ландшафтысы. Марқакөл. Сүтқоректілердің-59,құстардың-250, қосмекенділердің-3,бауырымен жорғалаушылардың-4,балықтардың-4,өсімдіктердің 200 түрі
Марқакөл ауданы Шығыс Қазақстан обл.
1976
7
Үстірт
223,3
Дала ландшафтысы. Сүтқоректілердің-27,құстардың-111,бауырымен жорғалаушылардың-30,өсімдіктердің-300 түрі
Ералы ауданы Маңғыстау обл.
1984
8
Батыс Алтай
56,1
Батыс Алтай тау ландшафтысы. Сүтқоректілердің-50,құстардың-131,өсімдіктердің 564 түрі
Риддер ауданы Шығыс Қазақстан обл.
1992
9
Алакөл
12,5
Су экожүйесі. Сүтқоректілердің-40, құстардың-283, қосмекенділердің-4, бауырымен жорғалаушылардың-4, өсімдіктердің 323 түрі
Алакөл ауданы
Алматы обл.
1998
10
Қаратау
34,3
Жануарлары-227, сүтқоректілері-42, құстары-114, балықтары-3, қосмекенділері-3, бауырымен жорғалаушылары-16, өсімдіктердің 1500 түрі
Қаратау жотасы Батыс Тянь-Шань тауы.
2004
«Кім жылдам?»
І топ. Ең алғаш, ең соңғы құрылған қорықты көрсету.
ІІ топ. Аумағы ең үлкен, ең кіші қорықты көрсету.
ІІІ топ. Жануарлар мен өсімдіктердің түрі бойынша саны ең көп,ең азды көрсету .
. «Қалай ойлайсың?»
І топ. Қорықтар санын шамадан тыс көбейте беруге болмайтынын қалай түсінесің?
ІІ топ. Өзің тұрған жерде табиғатты қорғауда қандай жұмыстар атқарылып
жатыр?
ІІІ топ. Өзің тұратын облыста қорықтар бар ма? Оларда не қорғалады?
Ақ тырнақты аю
Қоқиқаз.
Реликті шағала
Құлан
Алтын тамыр
Аққу
Сәйкесін тап.
1. Ақсу Жабағылы ақ тырнақты аю
2. Наурызым аққу, реликт шағала
3. Алматы малиус боката алмасы
4. Барсакелмес құлан
5. Қорғалжын муфлон қойы
6. Марқакөл қоқиқаз, сұқсыр
7. Үстірт аралий мен алтын
тамыр
8. Батыс Алтай әнші тауы
9. Алакөл марал оты
«Сөз мәйегі»
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға байланысты мақал- мәтелдер.